«Айка»
Жанры: драма
Сюжет желісі Мәскеуде заңсыз жұмыс істеп жүрген Айка есімді жас қырғыз қызының айналысында өріледі. Баласын дүниеге әкелгеннен кейін ол оны ауруханада тастап кетеді. Алайда біраз уақыт өткесін оның аналық сезімі қайтадан баласына ие болу талпыныстарына әкеледі. Фильмнің көрсетілімі 2019 жылдың 14 ақпаннан басталады.
«Томирис»
Жанры: тарих
Көктемде режиссер Ақан Сатаев жаңа тарихи картинасын ұсынады. Фильмде біздің дәуірімізге дейінгі алтыншы ғасыр оқиғалары – Томирис патшайымы басқарған сақтардың әскери қимылдарын бейнеленеді. Картинаның басты рөлін Альмира Тұрсын сомдап шықты. Тұсаукесері Картинаның басты рөлін Альмира Тұрсын сомдап шықты. Тұсаукесері 2019 жылдың мамыр айына жоспарланған.
Суреттің дереккөзі: tengrinews.kz
«Боксшы»
Жанры: спорттық драма
Сонымен қатар Ақан Сатаев осы жылы «Боксшы» фильмінің түсіріліміне кіріседі. Картина қазақстандық боксшы Серік Сәпиевтің автобиографиясына негізделген.
«Әкім»
Жанры: комедия
Режиссер Нұртас Адамбай «Әкім» кезекті кинокомедиясын түсірмек. Фильмнің түсірілімдері биылғы жылдың наурыз айында басталады. Бұл өз орнында өзін ыңғайсыз сезініп жүрген адамның басынан кешіретін оқиғалары жайындағы жеңіл комедия. Фильмдегі басты рөлді Нұртас Адамбайдың өзі сомдайды.
Суреттің дереккөзі: brod.kz
«Гудбай, мой бай 2»
Жанры: комедия
Картина бірінші бөлімнің жалғасы болып табылады және 2019 аяғында жарық көреді.
«Хайптағы ата»
Жанры: комедия
Оқиға желісі зейнетке шыққан ата туралы. Ол жастарға жақыс болуды қалайды, сол себепті Интернеттегі өмірді зерттеуді шешіп, хайп әлеміне енеді.
«Балуан Шолақ»
Жанры: тарих
Фильмнің режиссері – Нұргелді Садығұлов. Тарихи конотаспа аты аңызға айналған палуан, әнші және композитор Балуан Шолақтың ауыр тағдыры жайында баяндайды.
«Киномеханик»
Жанры: драма
Фильмнің режиссері – Ермек Тұрсынов. 20 ғасыр ортасындағы қарапайым адамдардың өмірлері жайындағы интернационалдық фильмі.
«Композитор»
Жанры: тарих
Әлемдік кинопрокатқа шығатын қазақстандық-қытай фильмі. Фильмде қытай композиторы Си Синхайдың өмірі баяндалады.