Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

8 жекпе-жек — 8 жеңіс: Мадияр Ашкеев өзінің АҚШ-ғы бокс мансабы туралы
4365

07.12.2017

8 жекпе-жек — 8 жеңіс: Мадияр Ашкеев өзінің АҚШ-ғы бокс мансабы туралы

Мадияр Ашкеев, 29 жаста, Мерке, Жамбыл облысы, кәсіпқой боксшы



АҚШ-на көшу туралы



2014 жылы Astana Arlans клубының атынан шығып жүрген кезімде, маған Нью-Йорктан Fight Promotions-тан шақырту келді. Олардың құрамында қазақстандық боксшылар болды. Мен визаны жасап қойдым, бірақ соңғы сәтте олар құрамды өзгертіп, мен Қазақстанда қалдым. Сол жылы Astana Arlans-тың атынан бокстасып жүрдім. Менің қолымда виза болды, 2015 жылы Лос-Анджелеске билет сатып алып, қыркүйекте ұшып кеттім. Бір жарым айдай мен жаттығу залдарын аралап жүрдім, интернетте залдарды іздеумен болдым. Оған дейін әртүрлі елдерден келген спортшылармен жаттыққанмын, олармен жақсы қарым-қатынаста болдық. Сондықтан олардың залдарына да баратынмын.


1б.jpg


Бір күні, жаттығуларымның бірінде мен бокстан әлем чемпионатының менеджерін кездестірдім, оған менің рингте қалай бокстасатынымды көруін өтіндім, өйткені мен кәсіби боксақа ауысқым келді. Сол кезде менде промоутер, менеджер, демеушілерім болған жоқ, ақшам бір-екі айға ғана қалған, сондықтан одан көмек сұрадым. Ол «бокстас», — деді. Менің қарсыласым мексикалық боксшы болды. Жақсы бокстастым, ол маған «қоңырауымды күт», — деді. Мен Қазақстанға ұшып кеттім. Бір айдан астам уақыттан кейін менің поштама Эгис Климастан АҚШ шақыру хабарламасы келді. Ол маған бір айдан кейін дебютым болатынын айтты. Егер барлығы жақсы өтсе, ол маған промоутер тауып беремін деді. Мен АҚШ-қа 2015 жылдың 12 желтоқсанында ұшып келдім. Менің алғашқы жекпе-жегім афроамерикандықпен болды, мен екінші раундта жеңдім. Сол күні жекпе-жекте Сергей Ковалевтың серіктестері, компания басшылары болды. Олар маған бір айдан кейін тағы бір жекпе-жек өткізуге ұсыныс білдірді. Мен екінші жекпе-жекті өткіздім, содан кейін келісім-шартқа қол қойдым. Барлығы сәтті болды. Мен сегіз жекпе-жек өткіздім, барлығында жеңіске жеттім, оның төртеуін нокаутпен аяқтадым.



Отбасы туралы



Үшінші жекпе-жектен кейін менеджеріме Қазақстанда отбасым және екі балам бар, оларсыз маған қиын дедім. Біз оларға виза ашып бердік, олар бірден ұшып келді. Бір жарым жылдай осында отбасыммен бірге тұрамыз. Жақында отбасым толықты, қызым дүниеге келді.

Егер жекпе-жектер болмаса, жарты жылда бір рет Қазақстанға барып келеміз.



Қиындықтар туралы




2б.jpg

АҚШ-на ең алғаш келгенімде, қайда барарымды білмедім. Қарапайым, таксиді қалай ұстайтынын да білмедім, өйткені мұнда таксиді шақыру керек екен, ол үшін аккаунт ашып, карточкан болуы керек. Бұл жерде қолма-қол ақшамен мүлдем төлемейді - барлық жерде карталар. Украиндік боксшы Тарас Шелестюкті есіме алдым, оған «Америкадасын ба? Көмектесші, мен аэропорттамын» деген хабарлама жібердім. Ол бірден келіп, қонақ үйге орналастырып, велосипед сатып берді, сол велосипедпен мен залдарға жаттығуға барып жүрдім. Сол кезде қатты қиын болды, бұл менікі емес деген ой да келді. Үйге кетіп қалғым келді, бірақ соңына дейін баруға бел будым.

Тілмен, әлі де қиындықтарым бар. Уақытым болғанда, курстарға баруды жоспарлап отырмын. Басында мен тек сәлемдесуді және «рақмет» айтуды білетінмін. Ақырындап интернет арқылы өзім үйрене бастадым.



АҚШ туралы



3б.jpg


Бұл жерде маған адамдардың бөлінбейтіні ұнады, оларға солай ұнайды, олардың менталитеті басқа. Маған қонақүйлерден бастап жаттықтыру залдарына дейін барлығы жақсы қарым-қатынас көрсетті. Дүкендерде сатушыларға түсіндіре алмайтын кездерімде, олар маған барынша көмектесті.

Америкада қазақстандық боксерлар өте көп. Лос-Анджелеста, келісім-шартқа отырған жерде, мен менеджеріме ұшып келуге мүмкіндігі жоқ көптеген боксерларды ұсындым. Мысалға, Асхат Уалиханов Америкаға келіп өзің көрсетіп, біздің топқа қосылды, олардың ішінде Мейірім Нұрсқлтанов та бар. Қазір мұнда біз төртеуміз, тағы басқа штаттарда боксерлар бар.



Соңғы жекпе-жек туралы





4б.jpg

Соңғы жекпе-жегім Шон Кэмеронмен болды. Жаттықтырушы қиын болатынын ескертті. Бірінші раундта ол басыма дәл қасыма тиіп, үлкен жарақат алдым. Бірақ мен раундтан раундқа күшімді көрсете бастадым, тезірек жеңгім келді. Үшінші раундтан кейін басымдық менің жағымда болды, ал жетінші раундта оны алып тастады. Мен нокаутпен жеңдім. Осы жекпе-жектен кейін мен рейтингте 100 сатыға көтерілдім.



Болашақтағы жоспарлар



Осы жекпе-жектен кейін маған ота жасады. Жарты жылдай уақыт жаттыға алмадым. Қазір жаттығып, бокстасып жүрмін. 25 қарашада жекпе-жек жоспарланған болатын, бірақ мен бас тарттым, өйткені әлі 100% дайын емеспін. Мүмкін, желтоқанда немесе қаңтарда жекпе-жекке шығуға дайын боламын.


5ю.jpg



Боксшыларға арналған кеңестер



Көп боксерлар Америкаға баруға қорқады. Шынында, қорқатын еш нәрсе жоқ. Ең қиыны — виза ашу. Өйткені қазіргі таңда Азия елдеріне Америкаға виза ашу қиын. Бірақ, адамдар тауып, тырысу керек. Мен өзім көптеген боксерларға дұрыс жолды көрсетіп, кәсіби боксшылармен таныстырып жүрмін. Қазақстандық боксшылардың үлкен мектебі бар, олар техниканы біледі. Егер осы жаққа келіп, өзінің күшінді көрсетсең, менеджерлер саған басқаша қарайтын болады. Қорқудың қажеті жоқ, істеу керек. Қытайға да баруға болады. Бірақ, Америкада кәсіпқой бокс жақсы дамыған. Америкадағы және Қазақстандағы бокстың ешқандай айырмашылығы жоқ, бірақ дәл кәсіпқой бокс Қазақстанда дамымаған. Жаттықтыруда біраз қиындықтар бар, бірақ, бастысы кәсіпқой боксшыларға жақсы ақша төлейді. Ешқашан бірнәрсеге ақша жетпейді-ау деген ойлар мазаламайды. Егер сен жаттықсаң, жақсы бокстассаң, саған жақсы ақша төлейді.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу