Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Қалайша Димаш Құдайберген мен Ninety One бүкіл әлем адамдарын қазақ тілін үйренуге шабыттандырады
4036

20.10.2018

Қалайша Димаш Құдайберген мен Ninety One бүкіл әлем адамдарын қазақ тілін үйренуге шабыттандырады

Рози Неиата, 35 жаста, туған жері — Бордо, Франция, secretaire medicale в Clinique du Sport Mérignac


Алғаш рет Димаш Құдайберген туралы 2017 жылдың маусым айында Youtube желісінде оның Sos dun terrien видеосын көрген кезде білдім. Кейін Димаш қонақ ретінде шақырылған Les années Bonheur атты танымал француз телешоуының трансляциясын қостым. Сол кезден бастап оның таңғаларлық даусына, өзін көрсету өнеріне, энергетикасына ғашық болдым.

42758205_277078386475496_7599065617531784455_n.jpg

Бұған дейін Қазақстан жайлы оның географиялық орналасуынан басқа ештеңе білмедім. Алайда қазір көптеген фактілер мен заттармен таныспын. Астана мен Алматыны білемін, олар Қазақстанның ең үлкен қалалары. Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге және 1 евро 428 теңге екенін білемін.

Ғаламторда Қазақстанның көптеген адамдарымен таныстым, олар да Димашты сүйіп тыңдайды.Бұл ғажап және бауырмал адамдар. Қазақстан жайлы, мәдениеті, тілі туралы толығырақ білуді қалайтынымды түсіндім. Сондықтан менің ең үлкен арманым — Қазақстанға келу.

Менің ойымша, елге қызығушылықты арттыру үшін қазақ мәдениетін, музыкасын бүкіл әлемге кеңінен тарату керек


Өкінішке қарай, қазақ тілін меңгеру үшін соншалықты уақытым көп емес. Мен хирургия клиникасында дәрігердің хатшысы болып жұмыс істеймін. Кейбір тіркестерді, сөздерді үйрену үшін қазақ-ағылшын сөздігін сатып алдым. Сонымен қатарFacebook желісіндегі қазақ достарым өлеңдерді, сөз тіркестерін оқуға, аударуға белсенді көмектесіп отырады. Менде денеме салынған суреттер бар, оларды салуға Димаштың шығармашылығы ынталандырды. Бұл қазақ ұлттық символдары бар элементтер мен қазақ сөздері.

Маған Димаштың шығармашылығын дамытып, шетелдіктерді оның өлеңдерімен таныстыру үшін YouTube желісінде канал ашу маңызды болды. Менің ойымша, елге қызығушылықты арттыру үшін қазақ мәдениетін, музыкасын бүкіл әлемге кеңінен тарату керек.

Димаш менің өмірге деген құлшынысымды оятып, өмірді сүюге, адамдарға өнерді сыйлау қажет екендігін үйретті.




Аслы, 39 жаста, туған жері — Анталья, Түркия, орта сыныптарының мұғалімі

bc47e7df-cb8c-46a1-874e-3307b7729b69.jpg

Менің қазақ әртістерінің шығармашылығымен танысуым кездейсоқ болды. YouTube желісінде видео қарап отырған кезде Ninety One тобының өлеңдеріне тап болдым. Өте қатты таңғалдым.

Өтірік айтпай-ақ қояйын, бізден түріктерден батыстың адамдары қала ішінде түйемен жүресіздер мен деп сұраған кезден ызаланамыз. Менде де басқа елдерге қатысты дәл осындай жалған нанымдарым болғанын түсіндім. Қазақстан туралы бар білгенім кітаптардағы тарихи ақпараттармен шектелді, заманауи Қазақстан жайлы ештеңе білмедім. Осы сияқты нәрсені күткен жоқпын, сол себепті кейінірек қатты ұялдым. Сондықтан Ninety One тобын заманауи Қазақстан мәдениетінің елшілері ретінде қабылдаймын.

Сондықтан Ninety One тобын заманауи Қазақстан мәдениетінің елшілері ретінде қабылдаймын


Олардың таба алған барлық өлеңдерін тыңдадым. Ең бірінші естіген сәтімнен бастап сүйікті өлеңім «Ля»болды. Көңілім түсіп, ашуланған кезде осы өлең маған күйзелістен шығуға көмектеседі. Топтың өлең мәтіндері, хейтерлерге жауап қайтарғандары ұнайды.

Басымда өз шектеулерім болды, өмір бойы бір нәрседен қорқатынмын. Менің ұрпағым әрбір жаңа және ерекшеленетін нәрсеге жоқ деп жауап берумен есейді. Адамдар белгісіз және үйреншікті емес заттардан қорқады, сондықтан олар өз жүректері мен естерін жабық ұстайды. Mooz өлеңі мені ынталандырады.

Егер жеке қасиеттер мен дүние таным туралы айтатын болсақ, онда Ninety one бұл тараптан да кем түспейді. Маған терең ойлы ақылды адамдар ұнайды. Олардың өз ана тілдерінбүкіл әлемге таныстыру құмарлығына, сөзбен ойнап, сиқырлық жасау біліктілігіне таңданамын. Ninety One-ның өз ерекше әлемдері бар және маған осы әлемді мәтіндер арқылы зерттеген ұнайды.

Ninety One туралы жаңа білген кезде көп ақпарат тапқым келді және өзімді үмітсіз сезіндім. Ол кезде ағылшын тілінде Instagram желісінде парақша таба алмай, жалғызсырадым. Видео мен фотоны тауып, бірақ онда не болып жатқанын түсінбей отырдым.

25011640_1635252569875361_8764472120060149760_n.jpg

Кейінірек Facebook желісінде Қуатты кездестірдім, оны ағам деп айта аламын. Ол маған өте үлкен көмек көрсетті — қазақ дәстүрлерін түсіндіріп, қазақ тілі жайлы айтып берді. Осылайша Ninety One-ның бір бөлігі болып, EagleZ фан-клубына қосылдым.

Қазақ тілін өзім үйрене бастадым. Көптеген қазақстандық жанкүйерлер шетелдіктер үшін ақпаратты аударып, түсіндіре бастады. Тілдік кедергі — жағымсыз нәрсе, барлығымызда қазақ тілін меңгеру үшін уақытымыз және мүмкіндігіміз жоқ. Олар Түркияға өлең айтуға келгенде концерттеріне бара алдым, сондай-ақ, фан-кездесу кезінде басқа жанкүйерлердің суреттері мен тілектерін қағазға шығарып әкелдім.

Шын мәнінде, шетелдегі көп адамдар олардың музыкаларымен шабыттанып, қазақ тілін меңгеріп, қазақ мәдениетіне, жалпы Қазақстанға қызығушылықтары ояна бастады. Оңтүстік Кореяда бір жігіт бар, ол қазақ тілін үйрене бастады, жазда Қазақстанға келіп, басқа да қазақстандық топтарды тыңдай бастады.Түркиядағы тағы бір қыз қазақ тілінде жақсы оқып, түсінеді, ол Ninety-one жанкүйерлері үшін түрік тілінде парақша жүргізеді.


Қазіргі менің басты мақсатым — Ninety One-ның шетелдік жанкүйерлерін өзара араласып, ағылшын тілінде ақпарат табулары үшін біріктіру. Қазіргі кезде Instagram және Twitter желілерінде шетелдіктер үшін ағылшын тілінде екі чатты жүргіземін.

Мұндағы ең жақсы нәрсе — жанкүйерлер тек Ninety One туралы ғана емес, бір-бірлері жайлы көбірек біледі. Мен нағыз қазақтар қандай болу керектігі және қазақ мәдениетіне тән қасиеттер туралы жаман сөздердің куәгері болдым. Мұның барлығы бізге де қатысты. Адамдар басқа елдер туралы тек БАҚ көрсетулері бойынша біледі. Бір-бірімен жақынырақ араласу шекараларды бұзып, стереотиптерді жоюға көмектеседі.

Қазір Ninety One үшін әлемдік аренаға шығатын ең қолайлы сәт, ол үшін олар ауқымды нәрсе жасап, өздерін алға дамытулары керек.




Salomie Gradwell, 56 жаста, туған жері — Центурион, ОАР, Life Coach and Psychological Counsellor


Кездейсоқ Hunan TV арнасында Singer 2017 телешоуының бірінші эпизодын көрдім. Солкүні Димаш Құдайбергеннің дарынына таңғалдым. Осылайша қазір де жалғасып жатқан ғажап әртіспен, оның елімен танысуым басталды.

41669183_703982696633153_5245313725450700371_n.jpg

Бұған дейін орналасу жерінен және оның кейбір көркем туристік орындарынан басқа Қазақстан туралы ештеңе білмедім. Қазақстан 1991 жылы Тәуелсіздік алғанын білемін, дәл сол кезде ОАР ірі саяси реформалар болды.

Димаштың шығармашылығын танып, Қазақстан жайлы көбірек оқи бастадым. Мені бұл елдің басқа елдерге қаншалықты ашық екені таңғалдырды. Бұл қазақ мәдениеті жайлы жаңа көзқарасты тудырды.

Қазақтілініңдыбысталуыұнайды, оләуенді. Қазақ тілінде өлеңдерді жаттапалдым — My Homeland, Daididau и Unforgettable Day.

Ғаламторда Қазақстандық екі қыз қазақ тілін меңгеру курстарын ашты, мен бірден оған тіркелдім. Әлі еркін сөйлей алмаймын, бірақ жақын арада қазақ тілін жақсы түсінемін деп үміттенемін.

Қазақ тілінің дыбысталуы ұнайды, ол әуенді


Димаштың портретін салуды шешкен кезде бойымда көркемөнер дарыны пайда болғаны қызық. Шығармашылықпен көп айналысып, сурет сала бастадым, енді ол менің хоббиіме айналды. Өзімнің әдемі кішкентай картиналардан тұратын коллекциясы бар.

Жақын уақытта Қазақстанда өмір сүруді қалаймын, өйткені ол өте әдемі мемлекет және адамдары да сыпайы, қарапайым және мейірімді болып көрінеді. Қазақ мәдениеті күнделікті өмірмен тағыз байланысты екені таңғалдырады.

Менің мақсатым — Қазақстанда ағылшын тілін оқыту. Алайда бұл қазақ тілін еркін меңгергеннен кейін ғана болады. Мәдениетпен жақынырақ танысып, қызықты адамдарды кездестіргім келеді.

Қазақстанға барғым келетін тағы бір себеп — Димаш шығармашылығына арналған әлеуметтік желілерде танысқан достарым.

Бір қазақ әртісі бүкіл әлемге жаңа мемлекетті таныстырғаны таңғалдырады. Осылайша Қазақстанмен таныса алғаныма және Димаш секілді дарынды адамдар елді алға дамытып жатқанына қуаныштымын.


Суреттеркөзі: @ninetyone, @kudaibergenov.dimash.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу