Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/270/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/270c813b279d5d09b4b09833523c5f2a.png
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Ғалым, дәрігер, әртіс: Қазақстаннан шыққан танымал әйелдер
3557

24.01.2023

Ғалым, дәрігер, әртіс: Қазақстаннан шыққан танымал әйелдер

Қазақстандық әйелдер еліміздің ғылым, мәдениет пен спорт саласын дамытуға зор үлес қосты. Алты қарымды қазақ әйелі жайлы бүгінгі материалда.


Наиля Базанова


Базанова Наиля.jpg

Қазақстандық физиолог, биология ғылымдарының докторы Наиля — Қазақстан мен Орталық Азиядағы тұңғыш әйел академик. Наиля Оразғұлқызы ауыл шаруашылығы жануарларының физиологиясының бастауында тұрды. Бұл сол кездегі Қазақстан үшін биология ғылымының жаңа саласы болатын. Оның еңбектері ғылымға жануарлар құрылымының көптеген ерекшеліктерін ашты. Ғылыммен шектеліп қалмай, Наиля қоғамдық жұмыстармен де айналысты. Ол Қазақ Бейбітшілік комитетінің төрағасы болды.


Халида Маманова


Халида_Маманова_©КазНМУ_имени_Санджара_Асфендиярова.jpeg

Халида Есенқұлова профессор, медицина ғылымдарының докторы болды. Ол — Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде айып батальонында соғысқан жалғыз қазақ әйелі. Халида әскери бөліммен бірге Берлинге дейін жетіп, Қызыл Жұлдыз орденімен және «Жеңіс үшін» медалімен марапатталған. Соғыстан кейін ұзақ жылдар бойы педагогикалық қызметпен айналысып, 50-ден астам ғылыми еңбек жазды.


Гүлфайрус Исмаилова


Гулфайруз

Талантты Гүлфайрус суретші және актриса ретінде танымал. Ол өзінің картиналарында белгілі тұлғалардың портреттерін, тарихи этюдтерді салды, сондай-ақ қарапайым адамдардың өмірі сипатталатын тұтас бір дәуірді бейнеледі. Гүлфайрус Мансұрқызының мұрасы Қазақстан мәдениетінде ерекше орын алады.


Балдырған Қожамқұлова


Балдырган Кожамкулова.jpg

Қазақстандағы тұңғыш әйел палеонтолог. Ол халық әртісінің отбасында, музыка, театр сияқты өнерге толы үйде дүниеге келген. Бала кезінен биолог болуды армандаған. 1954 жылы Балдырған палеозоология лабораториясына тіркеледі. Одан кейінгі бүкіл өмірі мыңдаған және миллиондаған жылдар бұрын Қазақстан аумағында өмір сүрген жануарлардың түрлерін зерттеуге және жүйелеуге арналады. Балдырғанның 3-курс аспиранты кезінде жүргізген қазба жұмыстары сенсацияға айналады. Сол қазба жұмыстары кезінде үлкен мамонттың қаңқасы табылады, қазір ол Қазақстан табиғат мұражайында сақтаулы. Балдырған Сералиеваның еңбектері тек қазақстандық емес, әлемдік ғылымға үлкен үлес қосты.


Балым Қожамқұлова


Балым_Со_своим_преподавателем_Народным_артистом_России.jpg

Балым – қазақтың тұңғыш кәсіби скрипкашысы, сондай-ақ ұстаздық қызметте де табысқа жеткен. Оның арқасында жүздеген баланың музыкаға деген сүйіспеншілігі ашылып, білім алған. Балымның ең жоғары жетістіктерінің бірі — Қазақстан скрипкашыларына арналған «Қазақ скрипка музыкасының антологиясы» анықтамалығы. Балымның арқасында қазақ композиторларының пьесалары дүниежүзіндегі орындаушылардың репертуарына енді.


Зауреш Аймуканова


Зауреш Аймуканова.jpg

Қазақтың тұңғыш альпинисі Зәуреш мамандығы бойынша дәрігер болған. Ол тауға жүздеген рет шығып, Тянь-Шань мен Памир тауларында құтқару жұмыстарына бірнеше рет қатысқан. Оның бүкіл ғұмыры дерлік Алматы тауларымен байланысты болды.
Меню

Істер

Қала 24

Шолу