Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/a89/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/oqywgefld0hla745ak0o9ghd3w9yf6qu.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Astana Hub қатысушылары бес жылда 1,6$ миллиард табыс тапты
8650

06.11.2023

Astana Hub қатысушылары бес жылда 1,6$ миллиард табыс тапты

2018 жылы ресми іске қосылғаннан бері Astana Hub халықаралық технопаркі Орталық Азиядағы ең ірі инновациялық хабқа айналды. Осы уақыт ішінде технопарк қатысушысы атанған ІТ-компаниялардың жалпы табысы 1,6 млрд долларды құрады. Тартылған инвестиция көлемі 517 миллион долларға жетіп, ашылған жұмыс орындарының саны 20 мыңнан асты.

Astana Hub қызметі ІТ-бизнес үшін экожүйені құру және дамытуға, ІТ мамандарындаярлауға және стартап жобаларды қолдауға бағытталған. Бүгінгі таңда технопаркте 1331 IT-компания тіркелген, оның ішінде 372-сінің шетелдік үлесі бар. Оларға бизнесті дамыту және масштабтау бағдарламаларын, арнайы салықтық және визалық шарттарды, ақпараттық білім беруді және материалдық инфрақұрылымды қоса алғанда, жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Мағжан Мәдиев, Astana Hub бас директоры

Astana Hub құру бастамасы сонау 2016 жылы пайда болды. Қазақстан жаһандық технологиялық трансформацияда белсенді рөл атқаруы тиіс. Мемлекет басшысының 2026 жылға қарай ІТ-экспорт көлемін 1 миллиард долларға дейін ұлғайту және Қазақстанды өңірдегі жетекші цифрлық орталықтардың біріне айналдыру міндетін қоюы кездейсоқ емес. Біздің барлық бастамаларымыз, соның ішінде Google for Startups және Draper University-мен бірлескен бағдарламалар, Кремний алқабындағы IT-стартаптарымызға арналған Silkroad Innovation Hub платформасын іске қосуды қолдау, Digital Bridge және Digital Almaty IT-форумдарын өткізу, осы мақсатқа жету жолындағы қадамдарымыз. Әрине, біздің барлық ісіміз Цифрлық даму министрлігінің және серіктестеріміздіңқолдауымен жүзеге асып жатыр.

IMAGE 2023-11-06 17:35:32.jpg


Astana Hub венчурлық инвестицияларды тарту және әлемдік нарыққа шығуды көздейтін стартаптарды қолдауды мақсат еткен акселерация және инкубация бағдарламаларын ұсынады. Мысалы, Google For Startups компаниясымен бірге жүзегеасырылып жатқан Silkway Accelerator бағдарламасына қатысу үшін 900-ден астам өтінім түсті. Үш лектің нәтижесінде 37 үздік жоба акселерация бағдарламасын аяқтады. Компаниялардың жалпы капитализациясы 350 миллион доллардан, ал ай сайынғы кірісі 1 миллион доллардан асты. Бағдарламаның барлық кезеңінде стартап-жобалар жалпыалғанда 7,5 миллион доллардан астам инвестиция тартып, БАӘ, Түркия, АҚШ және басқанарықтарға шықты. Startup Garage бағдарламасы дамудың бастапқы кезеңдерінде жан-жақты қолдауды ұсынады, ал Scalerator қазақстандық стартаптардың жаһандық бизнескешығуына көмектеседі. Scalerator бағдарламасын жүзеге асыру барысында қатысушыларжалпы сомасы 304 миллион теңгеден астам экспорттық келісімшарттар мен келісімдер жасалды.

Draper University-мен серіктестікте, Дүниежүзілік банктің қолдауымен жүзеге асырылатын Hero Training акселераторы стартаптарға Кремний алқабына жолдама алуға бірден-бір мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда инновациялар ошағына 27 стартап жол тартты, алдағы уақытта Орталық Еуразиядан жыл сайын кемінде 30 перспективалық жобаны жіберу жоспарда бар.

Astana Hub қатысушыларының жобалары ішкі нарықта да, әлемдік нарықта да жоғары сұранысқа ие. Қазақстандық стартаптар миллиондаған пайдаланушыны тартыпқана қоймай, халықаралық деңгейде танымал болып жатыр. Мысалы, Citix ақпараттық-навигациялық жүйесі Түркия мен БАӘ нарығына шықты. Beyne.ai бет-әлпетін тану жәнефейк анықтау жүйесі бүкіл экожүйені құруға және ірі компаниялармен интеграцияға көшті. Алақан биометриясына негізделген Alaqan өз өнімін түріктің 500 клиникасынаенгізіп жатыр. SmarTestPrep Индонезия, Вьетнам және Латын Америкасы нарығына жолтартып, мыңнан астам үміткерге жалпы көлемі 10$ миллион шәкіртақы алуға көмектесті. Droppy Таяу Шығыстағы, АҚШ пен Латын Америкасындағы коммерциялық емес ұйымдаржәне министрлік өкілдерімен 120-ға жуық итерация жүргізіп, ойынын Play Market жәнеApple Store дүкендеріне шығарды. iDos Games стартапының 170 елден 300 мыңнан астам тіркелген және белсенді пайдаланушысы бар, бұл оның әлемдік ойын индустриясындағы маңызды рөлін көрсетеді. Инсульт диагностикасын жасау үшін жасанды интеллект пен нейрорадиологияға негізделген CerebraAI АҚШ-тың TechCrunch рейтингі бойынша үздікжаһандық стартаптар қатарына кірді. Бұл елімізді ақпараттық технологиялар саласында әлемдік аренаға шығарып жатқан келешегі зор стартаптар қатарының аз ғана бөлігі.

20 мыңнан астам адам Tech Orda, Alem School, No Code/Low Code School, StartupSchool, Beta Career, Freelance School, IT-Aiel және т.б. білім беру бағдарламалары аясындабілім алды. Бұдан бөлек, Astana Hub-та жасанды интеллект негізіндегі жобаларды әзірлеуге және масштабтауға бағытталған Blockchain, SpaceTech, 5G, GameDev, Defence Tech, OTS Digital Center және, әрине, AI-Center сияқты инновациялық орталықтар қызмететеді.

Жергілікті IT-қауымдастықтарды құруға, IT таланттардың тұрақты ағынын қалыптастырып, оларды Қазақстанның аймақтарында дамытуға бағытталған өңірлік IT хабтарды дамыту Astana Hub қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен, әкімдіктер мен жеке бизнестің қолдауымен еліміздің 12 өңірінде IT-хабтар ашылды: AbaiIT Valley (Семей қ.), Kyzylorda Hub (Қызылорда қ.), Digital Jetisu (Талдықорған қ.), Zhambyl Hub (Тараз қ.), Oskemen IT Hub (Өскемен қ.), Jaiq Hub (Орал қ.), Turkistan IT Hub(Түркістан қ.), Aqtobe IT Hub (Ақтөбе қ.), Qostanai It Hub (Қостанай қ.), Aqmola IT Hub(Көкшетау қ.), Pavlodar Hub (Павлодар қ.), Terricon Valley (Қарағанды қ.). Биыл жылдыңсоңына дейін Атырау және Маңғыстау облыстарында тағы екі хаб ресми түрде ашылады.

Astana Hub Pizza Pitch, Speaker Night, Startuphana және т.б. осы сияқты түрлі шараларды тұрақты түрде өткізеді. Әрине, технопарк жұмысында Орталық Азиядағы еңірі IT-форум дәрежесіне жеткен Digital Bridge жыл сайынғы халықаралық форумының маңызы ерекше. Биыл жасанды интеллект тақырыбына арналған форум 30 мыңнан астам қатысушының, оның ішінде 30 елден делегация, 300-ден астам IT-компания өкілдері, 450 спикер, 100-ден астам инвестор мен бизнес-періштелер, сондай-ақ 150-ден астамстартаптың басын қосты.

Еске сала кетейік, Astana Hub халықаралық технопаркі 2018 жылдың 6 қарашасында ресми түрде ашылды. Технопарк акселерация, технологиялық бизнес-инкубация, білім беру бағдарламаларын ұсына отырып, технологиялық кәсіпкерлікті дамытуды қолдау және ынталандыру үшін түрлі іс-шаралар мен кеңес беруді ұйымдастыру арқылы инновациялық мәдениетті дамыту және стартаптар үшін экожүйені жақсарту бағытында жұмыс істейді.


Меню

Істер

Қала 24

Шолу