Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Астанадағы елшіліктегі жұмыс: бос орындар мен тағылымдамалар
5633

15.08.2018

Астанадағы елшіліктегі жұмыс: бос орындар мен тағылымдамалар

Қазақстандағы Катар Мемлекетінің Елшілігі


Араб тілінен үйретуші

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1-3 жыл

Міндеттері:

— араб балаларына араб тілін оқыту

— араб балаларына шариат негіздерін оқыту.

Талаптары:

— араб тілін, грамматикасын жақсы білу деңгейі.

Шарттары:

— аптасына 3-4 рет үйде оқыту

— келісім бойынша төлеу.

Толығырақ мында.

Ағылшын тілін үйретуші

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3-6 жыл

Міндеттері:

— ағылшын тілінен жеке сабақтар өткізу.

Талаптары:

— тіл иесі деңгейінде ағылшын тілін білу

— жұмыс тәжірибесі немесе шетелде оқу

— оқытудың заманауи тәсілін пайдалану .

Шарттары:

— оқушыға баратын жеке сабақтар өткізу

— ұзақтығы 60-90 минутты құрайтын аптасына 4-5 сабақ.

Толығырақ мында.

Қоғаммен байланыс бойынша маман

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1-3 жыл

Міндеттері:

— PR саласында жұмыс.

Талаптары:

— араб тілін жақсы білу деңгейі .

Толығырақ мында.



Қазақстандағы Германия Елшілігі


Виза бөліміндегі қызметкер

Міндеттері:

— терезедегі клиенттермен тікелей байланыста болатын визаларды ашу туралы өтініштерді қабылдау және алдын-ала бақылау

— электронды деректерді өңдеу жүйесіне деректерді енгізу

— ұсынылған құжаттарды бағалау және бақылау, сондай-ақ неміс тілінен аудару

— баждарды қабылдау және есептеу

— жалпы кеңсе қызметі, оған қоса телефон қоңырауларын іске асыру, факспен жұмыс, неміс және орыс тілінде электронды пошта арқылы хат алмасу.

Талаптары:

— лайықты білім және/немесе кеңсе қызметіндегі ұзақ жұмыс тәжірибесі

— ауызша және жазбаша түрде орыс тілін жақсы білу

— қазақ тілінен негізгі білім болу маңызды

— ауызша және жазбаша түрде неміс тілін жақсы білу

— компьютерлік сауаттылық

— клиентке бағдарлану.

Шарттары:

— жұмыс басталуы — 1 қараша 2018 жыл

— жұмыс мерзімінің ұзақтығы — 1 жыл

— еңбек шарты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының ережелерімен анықталады

— жұмыс уақытының мөлшері аптасына 40 сағатты құрайды.

Толығырақ мында.



Қазақстандағы АҚШ Елшілігі


Қоғаммен байланыс бөліміндегі студенттерге арналған тағылымдама

Міндеттері:

— «Американдық бұрыштағы» жұмыс

— қызметкерлерге жоспарлау қызметін көрсету үшін қоғаммен байланыс қызметкерлерімен үйлестірудегі жұмыс

— әлеуметтік желілерге қатысу мен ақпараттық-насихаттау қызметтері бойынша іс-шараларды іске асыру

— АҚШ түлектері үшін іс-шараларды жоспарлау

— бағдарламалар мен қазіргі студенттермен жұмыс

— байланыс дерекқорларын жаңарту

— кеңселік қолдау көрсету

— American Corner бағдарламаларын іске асыру мен әзірлеудегі қызметкерлерге көмек көрсету

Талаптары:

— университетте екі жылдан кем емес білім алу

— ағылшын тілін жақсы білу

— қазақ тілін жақсы білу

— орыс тілін еркін білу

— ғаламтор мен әлеуметтік желілерін еркін қолдану

— деректер базасын басқару

— қазақстандық БАҚ пен АҚШ мәдениеті бойынша жалпы түсініктің болуы

— өтініш берушінің ағымдағы оқу мекемесінде оқу үлгерімі жақсы болуы қажет және тексеріске сертификатталған стенограмманы өткізуі керек

— жасы: 18 жастан кем емес

— медициналық сақтандырудың болуы.

Шарттары:

— құжат өткізудің соңғы мерзімі — 10 тамыз 2018 жыл

— жұмыс кестесі — аптасына 10-20 сағатты құрайтын толық емес жұмыс күні

— тағылымдама ұзақтығы: 2018 жылдың күзі немесе 2019 жылдың көктемініңсеместры(шамамен үш ай)

— тағылымдама төленбейді.

Толығырақ мында.



Қазақстандағы Үндістан Елшілігі


Студенттерге арналған тағылымдама

Міндеттер:

— елшіліктегі кеңселік жұмыс.

Талаптары:

— диплом немесе диплом баламасының болуы

— магистр дәрежесінің болуы.

Шарттары:

— елшілікте немесе кеңседен тыс тағылымдама

— тағылымдама ұзақтығы: 1 айдан 6 айға дейін

— тағылымдама төленбейді

— тағылымдама өтілуіне сай сертификат беріледі.

Толығырақ мында.

Мұқабадағы сурет көзі: bonita.kz

Меню

Істер

Қала 24

Шолу