Әлішер Бодаубеков, 28 жаста, туған қаласы – Тараз, ҚазМЗУ Студенттік істер жөніндегі департаментінің жетекшісі
Бастама жайында
Кез-келген тауарды сатушысыз алуға болатын дүкен туралы идея бұрыннан бері кеңге таралған. Бірақ Қазақстанның жоғары білім беру мекемелерінде аталмыш тәжірибие орын алған емес. Мен адалдық дүкендері мен аумақтары бұрыннан қызмет атқарып келген «Білім Инновация» Лицейлерінде жұмыс істедім. Алғаш болып бастаманы қолдаған – ҚР Президенті және ҚазМЗУ жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы. Осыдан кейін мемлекеттік жоғары оқу орындары да қызығушылық танытты.
Біздің жоғары оқу орнымыз жеке меншік. Мемлекеттік оқу орындарға қарағанда бізге қаражат бөлу әлдеқайда оңай. Жасалған ұсыныстан кейін біз бірден келесі күні жобаны іске асырып, 14 қараша күні ашылдық.
Мақсат жайында
Ең басты мақсат – жауапқа тартуға қарағанда қылмыстың алдын алуы маңызды екенін жеткізу
Қазақстанда бұл өткір әлеуметтік мәселе – бізде жемқорлық, абыройсыздық көп. Және бұл мәселемен күресті жастардың жүректері мен ойларынан бастау қажет. Студенттер мен мектеп оқушылары арасында аталмыш сұрақты шешсек, бұл феномен мүлдем жойылады.
Біздің студенттер заңгерлер мен экономистер екенін білеміз. Статистика бойынша мемлекеттің басқару жүйесіне гуманитарлық және әлеуметтік бағыттағы түлектер келеді. Егер осы жеткіншектердің өзін-өзі бақылау негіздері мен құндылықтары болмаса, ар-ұят сезімі де қалыптаспайды, сонда болашақ үшін алаңдауымызға тура келеді. Адамдар істеген әрекеттерінің дұрыстығын ешкім бақылап, тексеруге тиісті емес деген құндылықты өздері қалыптастырады.
Дүкен қалай жұмыс істейді
Тауарды сатып алу үшін сатып алушы азық-түліктерді өздігінен алады және ақшасын адалдық қорабына салады. Студентті ешкім тексермейді. Ол алдап кетуі де мүмкін немесе көбірек ақша тастап кетуі мүмкін.
Азық-түліктерді сатып алуға арналған қаражат университет қорынан бөлінеді. Біз студенттерге ұнайтын өнімдерді аламыз, арнайы сауалнама жүзгіземіз. Алғашқы аптада біз сусындар мен шоколадтарды көбірек қойсақ, қазір балаларға жемістер мен дұрыс тамақтану өнімдері ұнайды. Бұл жерде, негізінен, бүлінбейтін азық-түліктер тұрады.
Аумақты ешкім қадағаламайды. Күні бойы дүкен жаңартылып, жаңа өнімдер қойылады. Күніне 50 000 теңге түсім түсуі мүмкін. Біз студенттің сатып алуға мүмкіндігі болатын қолжетімді және қымбат емес тауарларды сатамыз.
Студенттер жайында
Біз студенттерге жобаның мақсатын түсіндіретін сабақтар өткіздік. Бұл қайырымдылық дүкені, барлық кіріс көмекке мұқтаж адамдарға беріледі. Біз адалдық дүкенінен қаражатты алатын адамдар жайында айтамыз. Бұл адамдарды ынталандырады. Сол себепті студенттер жиі тауардың бағасынан асатын көбірек ақша қалдырады.
Бізде ақшаның кем шығуы болса, студенттер үшін әрдайым есеп беріледі. Олардың өздері де бұл тақырыпты жиі талқылауға тырысады. Күн сайын ақшаның кем шығуының орнына пайдасы артып келеді.
Студенттерге дүкен ұнайды. Олар үшін азық-түліктерді университет ішінде сатып алу ыңғайлы. Олар кітапханаларда кешке дейін отырады, өтіп жүріп жеңіл-желпі тамақтануға арналған өнімдерді сатып алады. Сұрыптаманы кеңейту бойынша белсенді түрде өздерінің ойларымен бөліседі.
Мемлекет бойынша бейнекамералар орналастырылып, адамдарды қадағалап, заңдар күшейе түсуде.
Біз адалдық дағдылары кеңге таралатынына үмітттенеміз. «Адалдық» тұжырымдамасы тек жүректе болуы мүмкін. Оған қоса Әл-Фараби тәрбиесіз алынған білім адамзаттың ең қауіпті жауы болып табылатынын айтқан болатын. ҚазМЗУ-де біз осыған сенеміз және жауапкершілік сезімін жетілдіруге бағытталған іс-шараларды қолдаймыз.
Жоспарлар және келешек жайында
Біз университеттерде барлық нәрселердің осындай үлгімен сатылғанды қалаймыз. Бұл мәселеде коммерциялық емес, тәрбиелік мән жатыр.
Біз студенттің өз әрекеттері үшін жауапкершілік танытқанын қалаймыз
Лицейлердегі тәжірибеме қарасам, осындай жобалар жақсы іске асырылып жатыр. Көптеген компаниялар қарым-қатынас, серіктестік, сыни ойлау – soft skills дағдыларын бағалайды. Адамдардың өзара қатынасы адалдыққа негізделеді. Және де бұл сезімді кішкентай кезден дамыту керек.
Қазақстан бойынша адалдық дүкендері Қызылордада, Петропавлда, Қарағандыда, Шымкентте бар. Мен көптеген жоғары оқу орындары бұл идеяларды қолдайды деп үміттенемін.