Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Атырауда баруға болатын жерлер: Гиннес рекордтар кітабына енген көпір, өзен жағалауы, 50-жылдар стиліндегі саябақ
10150

06.09.2019

Атырауда баруға болатын жерлер: Гиннес рекордтар кітабына енген көпір, өзен жағалауы, 50-жылдар стиліндегі саябақ

Жайық өзенінің жағалауы


Атырауға келген кезде, міндетті түрде Жайық өзенінің жағалауына баруға кеңес береміз.

Атырауда баруға болатын жерлер: Гиннес рекордтар кітабына енген көпір, өзен жағалауы, 50-жылдар стиліндегі саябақ

Атырауда баруға болатын жерлер: Гиннес рекордтар кітабына енген көпір, өзен жағалауы, 50-жылдар стиліндегі саябақ

Жылы маусым кезінде жергілікті тұрғындар және қала қонақтары өзен бойымен теплоходпен серуендеуді ұнатады.


Азиядан Еуропаға жеткізетін жаяу жүргіншілер көпірі


Атырауда әлемнің басқа бөлігіне бюджеттік саяхат жасауға болады. Жаяу жүргіншілер көпірі арқылы серуендеп, бір құрлықтан басқа құрлыққа тап боласыз. Көпір 2001 жылы салынды және қала тұрғындары бұл көпірді мақтан тұтады. Көпірдің ұзындығы — 551 метр, сол себепті ол жаяу жүргіншілерге арналған әлемдегі ең ұзын көпір ретінде Гиннес рекордтар кітабына енгізілді.

Атырауда баруға болатын жерлер: Гиннес рекордтар кітабына енген көпір, өзен жағалауы, 50-жылдар стиліндегі саябақ


Ретро-саябақ


Қала тұрғындары арасында сүйікті демалыс орны болып табылатын жерлердің бірі. Бұл саябақ өткен ғасырдың 50-жылдарындағы неоклассикалық стильде жасалған. Саябақта жаяужолды аллеялар, амфитеатр салынған, Жайық өзенінің жағалауына шығатын жол бар, әрі дамхана, көрме павильондары, фонтандар, тіпті жасанды тоған орналасқан.

Атырауда баруға болатын жерлер: Гиннес рекордтар кітабына енген көпір, өзен жағалауы, 50-жылдар стиліндегі саябақ

Саябақта «Дос-Мұқасан» музыкалық ансамбліне ескерткіш орнатылған. Оның ашылу рәсіміне ансамблдің музыканттары келіп қатысқан.


Тарихи-өлкетану мұражайы


Қаланың тарихымен, сонымен қатар қазақтардың байырғы тұрмыс салтымен танысуды қаласаңыз, Атыраудағы тарихи-өлкетану мұражайына баруға болады. Мұражайда әртүрлі тақырыптарға бөлінген экспозициялық залдар көп. Шетелдік қонақтарды көбінесе қазақтардың мәдениеті мен тұрмыс салтын сипаттайтын жәдігерлер қызықтырады. Қазақстанның әртүрлі қалаларынан келетін адамдар Атырау өңірінің флора мен фаунасы жайында ақпараттар жиналған залдарға баруды жөн көреді. Осы өңірде әртүрлі ғасырларда мекендеген және сирек кездесетін құстар мен жануарлардың экспозицияларын тамашалауға болады.

Мекен-жайы: Бауыржан Момышұлы к., 3

Жұмыс кестесі: ДС-ЖС 10:00 —18:00

Кіру: үлкендерге арналған билет — 200 тг, зейнеткерлерге және студенттерге арналған билет — 120 тг, мектеп оқушыларына — 100 тг, мектепке дейінгі балаларға — 50 тг

Байланыс телефоны: 8 7122 323 664


Traveler's Coffee Atyrau


Атыраулықтар қала қонақтарына Traveler's Coffee Atyrau кофеханаға баруды ұсынады. Сол жерде дәмді тамақтанып, демалып, достармен кездесуге болады. Кофехананың басты ерекшелігі – вегетариандарға арналған арнайы мәзірдің болуы және тамаша таңғы астар.

Атырауда баруға болатын жерлер: Гиннес рекордтар кітабына енген көпір, өзен жағалауы, 50-жылдар стиліндегі саябақ

Мекен-жайы: Құлманов к., 154а

Жұмыс кестесі: ДС-ЖС 08:00 — 24:00


Исатай мен Махамбет алаңы


Бұқаралық серуендер өтетін дәстүрлі орын. Кешкі уақытта қала тұрғындары мен қонақтары бұл алаңда серуендеп, демалады, ал мереке күндері киіз үйлер, сахна құрылып, әртүрлі концерттер өткізіледі. Атыраулықтар осы алаңға баруға кеңес береді.

Атырауда баруға болатын жерлер: Гиннес рекордтар кітабына енген көпір, өзен жағалауы, 50-жылдар стиліндегі саябақ


«Дина» сауда орталығы


Барлық нәрселерді сатып алуға болатын жер. «Дина» — адамдар ең көп баратын орын. Бұл сауда орталығында туыстарыңыз бен жақын адамдарыңызға сыйлықтар және кәдесыйларды арзан бағамен сатып алуға, әрі көп қызықты, дәмді нәрселерді табуға болады. Сонымен қатар атыраулықтар ірімшіктен жасалған астрахан бәлішін жеп көруге кеңес береді.


Beer House Bavarius, Buffalo Grill, Barmaglot Atyrau


Атыраулықтар атмосферасы керемет орындар ретінде осы жерлерді ұсынады, осында кешке достармен жиналып, дәмді тамақтанып, билеуге болады. Beer House Bavarius-та вегетариандар үшін арнайы мәзір ұсынылады.


Суреттің дереккөзі: @abunasyrakimov


Материалды жасап шығаруға атсалысқаны үшін Динара Сайдахметоваға, Әділхан Елемесовқа, Аякөз Смағұловаға алғысымызды білдіреміз.


Меню

Істер

Қала 24

Шолу