2018 жылдың 1 қантарында Қазақстанда зейнетақы заңнамасы жаңартылды.Бұл жаңартулар əйелдердің зейнет жасына,төлеу түріне жəне төлем тəртібіне байланысты.
Əйелдердің зейнет жасының ұлғаюы:
2018 жылдың 1 қаңтарынан əйелдердің зейнет жасы 58 жастан 58,5 жасқа дейін ұлғайды.Əрі қарай, 2027 жылға дейін ол жайлап 63 жасқа дейін өседі:
— 2019 жылдың 1 қаңтарынан — 59 жас
— 2020 жылдың 1 қаңтарынан — 59,5 жас
— 2021 жылдың 1 қаңтарынан — 60 жас
— 2022 жылдың 1 қаңтарынан — 60,5 жас
— 2023 жылдың 1 қаңтарынан — 61 жас
— 2024 жылдың 1 қаңтарынан — 61,5 жас
— 2025 жылдың 1 қаңтарынан — 62 жас
— 2026 жылдың 1 қаңтарынан — 62,5 жас
— 2027 жылдың 1 қаңтарынан — 63 жас.
Зейнетақы төлемдері енді:
— тек ай сайынғы тәртіп бойынша төленеді
— бір уақытта төленеді, егер де зейнеттік жинақ 12 минималды зейнетақыдан кем болса (400.000 тенге көлемінде)
Төлену ретінің өзгеруі
Əр айдың төлем ақысы зейнеткердің жасы мен оның жеке зейнеттік қорына байланысыты қалыптасады
Зейнеттік төлемдердің құрылуы өтініш берген күннен бастап, олардың аяқталуына дейін жүреді. Осыған байланысты, зейнеттік жасқа толғаннан кейін, уақытылы «ЕНПФ»АҚ хабарласу қажет.
Төлем ақыларды дайындауға қажетті құжаттардың тізімін «ЕНФП»АҚ ресіми сайтынан, немесе 1418 байланыс центірінің телефоны арқылы біле аласыз.
Сонымен қатар, ҚР «Республиканың 2018-2020 жылдардағы бюджеті жайлы» заңы бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
— ең төменгі жалақының құны— 28 284 теңге
— мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі құны— 15 274 теңге
— ең төменгі зейнетақы құны— 33 745 теңге
— ең төменгі күнкөріс құны — 28 284 теңге.
Дерк көзі: enpf.kz