facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-hal-yny-esk-rgen-10-salt-d-st-r
logo
Қазақ халқының ескірген 10 салт-дәстүрі

20.08.2024

Қазақ халқының ескірген 10 салт-дәстүрі

Салт-дәстүр әр ұлттың өмірлік сенімі мен тұрмыс-тіршілігіндегі ойлап тапқан ғұрыптар жиынтығы. Ал сіз бұл салт-дәстүрлер туралы білдіңіз бе?


1. Бәсіре

Отбасыда ұл бала дүниеге келгенде сол уақыттары туған бота немесе құлынды балаға атау салты. Ұлт ұғымында жаңадан туылған баланың болашағы аталған бәсіреге байланысты деген ұғым бар. Сол себептен үлкендер бәсіреге жүйрік жылқыны атайды. Оны бала ер жеткенше сатпайды, мінбейді. Баламен бірге бақлап, қадағалайды.

2. Деңгене

Бірнеше адамның бір малды сойып, етін бөлісіп жеу дәстүрі. Көне заманда ауылдың жастары бай үйлерді аралап «Деңгене! Деңгене жегелі келдік», — дейтін болған. Үй иесі олардың көңілін қалдырмай, қалаулары бойынша ірі қара малдың етін түгел асып, сорпасымен бірге алдарына қояды. Егер жастар асты түк қалдырмай жеп кетсе, малдың құнын сұрамайды. Үй иесі батасын беріп, жігіттермен қоштасады. Ал сойылған асты тауыса алмаса, өз кезегінде бір малдың орнына екі мал беруі қажет.

3. Сірге мөлдірету

Күздігүні күн суыта бастағанда, қымызды даярлап, ауыл-аймақты шақырып, бас қосу рәсімі. Ауылдың үлкендері жиналып, алынған асқа бата беріп, биенің маңдайына сары май жағу, келесі жылға дейін қымыз-мұрындыққа аман-есен жетейік деген ниет.

4. Ат тұлдау

Ұлтымыздың көне тарихындағы аза тұту. Шаңырақта ер адам дүниеден өткен кезде мініп жүрген атының жалынын бос жіюеріп жылдық атына дейін қараған. Жылдық ас беру кезінде сол жылқыны жоқтау айта отырып сойған.

5. Қазан шегелеу

Бір-бірімен жақын араласатын, әзілдері жарасқан достардың, туыстардың үйлеріне барып бас қосуы. Жиналған қауым «осы үйдің қазанын шегелей келдік» дейді. Үй иесі «Жақсы болды ғой, қазан шегелегіш шебер іздеп отыр едік», — деп әзілдесе отырып дастархан жайған.

6. Ақсарбас атау

Ұлтымызда дінді қадірлеген тұстар өте көп. Соның бірі- құрбандық шалу ғұрпы. Адам өмірінде алаңдаушылық, қиын-қыстау кезеңдерде Алла атымен «ақсарбас» деп үш рет айтады. Басынан жамандық кетен кезде жақындарын жинап, ас береді.

7. Ерулік беру

Ауылға жаңадан көрші болып көшіп келген отбасыны тамаққа шақыру. Жаңадан келген тұрғындарды алдағы уақытта тату-тәтті болайық, араздаспайық, жақын араласайық деген мақсатта ерулік тартып шақырады. Осы тұстан көршілер бір-бірімен тез тіл табысып, жақын бола түседі.

8. Байғазы

Дәстүрімізде қарым-қатынасты жақсарту үшін жасалатын ізгі ниет. Әулеттің кішілері жаңа зат алған жағдайда үлкендерден байғазысын сұрайды. Баланың көңілін қайтармау үшін үлкендер ақша, мал, заттармен байғазысын атайды. Басты ниет-балаларды қуанту.

9. Аунату

Дәстүрімізде елге сыйлы адамдарды дәріптеген. Соның бірі — аунату. Қонаққа өзіндік жолы бар, сыйлы адам келіп қонақ болып кетеннен соң, баламыз осы кісідей беделді болсын деп сол кісі отырған жерге аунатады. Бұл ырымды сол адамның қасиеті қонсын деген мағынада жасайды.

10. Жарысқазан

Көне заманда аяғы ауыр келіншекке толғағы жеңіл болсын деген мағынада көптеген ырымдар жасалынған. Соның бірі — жарысқазан. Келіншек толғатып бастағанда енесі жақындарды жинап, ырымдап жарысқазан береді. Қазаңға ет салынып, жиюлы тұрған заттардың бәрі ырымдап жазылған. Бұл бала дүниеге тез келеді деген мақсатта әр төңіректе әртүрлі жасалынатын дәстүр.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Сіз оқу керек көркем әдеби кітаптар
Сіз оқу керек көркем әдеби кітаптар
Қазақстанда қандай кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер танымал
Қазақстанда қандай кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер танымал
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі