Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Қазақстан WALT DISNEY кинотуындыларының дубляжын жасауды қалай үйренді және не себепті кинотеатрлар қазақ тіліндегі сеанстарды ыңғайсыз уақытқа қояды
4852

26.11.2017

Қазақстан WALT DISNEY кинотуындыларының дубляжын жасауды қалай үйренді және не себепті кинотеатрлар қазақ тіліндегі сеанстарды ыңғайсыз уақытқа қояды

Динара Чайжунусова, «Болашақ» корпоративтік қорының директоры
Алмас Әлімжанов, Aray Media Group жазу студиясының директоры

IMG-20171126-WA0036.jpg

Жоба туралы

Голивудтық фильмдерді қазақ тіліне аударатын «Болашақ» қорының құрылғанына жеті жылдан астам уақыт болды. Жобаның мақсаты — қазақ тілінде жоғары деңгейдегі сапалы контент жасау. Жоба авторы — қамқоршылық кеңестің төрағасы Байбек Бауыржан Қадыргалиұлы.

Жобамыздың арқасында Алматыдағы CINEMATON және Астанадағы Aray Media Group студиялары Walt Disney компаниясымен сертификатталған. Олар жоғары деңгейдегі сапа стандарттарына жауап береді.

Жобаның арқасында қазақ тілі Sony Pictures кинокомпаниясында 7 орынды, ал Disney-де 39 орынды иеленді. Әлемнің кез келген жерінде Blu-ray дискісін сатып алсаңыз, туындыларды көру үшін қазақ тілін таңдай аласыз.

IMG-20171126-WA0035.jpg

Бізге дейін Қазақстанда дубляж кәсіби деңгейде дамыған жоқ, жеті жыл бұрын Walt Disney өкілдері бізге алғаш рет келіп, дубляж жасаған кезде, біздің актерлер біраз тер төгуге мәжбүр болды.

Фильм жоғары деңгейде болуы үшін, көрермен бұл туындының қазақ тілінде түсірілгеніндей сезінуі үшін біз дубляжды бірнеше ай жасадық. Дубляж үлкен ойынды қажет етеді: кейіпкер өз басынан кешкен барлық эмоциялар мен сезімдерді актер өз бойынан өткізіп барып, рөлге енуі керек. Бұл үлкен еңбекті қажет етеді. Басты жұмыс режиссердің мойынында. Бізде әртүрлі жағдайлар болды. Кейде жұмыс өз деңгейінде жүруі үшін режиссердің айғайлап ұрсатын кездері де болған. Актерлер түрлі кейіпке енеді, керек болса жылайды, айғайлайды, күледі. Егер олар шынайы ойнамаса, ол бірден көрінеді.

Қазіргі стандартарға сәйкес студияда дубляж жазу үшін екі апта ғана уақыт керек. Бұрын біз актерлерді Алматыдан шақыратынбыз, ал қазір студияда сапалы дубляж жасайтын оның қыр-сырын білетін актерлер тобын құрдық. Бізде Шах-Мурат атты жас, шығармашыл, болашағы зор, идеялы өз режиссеріміз бар.
Қазақ тіліндегі фильмдерді қайда және қанша уақыт бойы көрсетеді

Кинотеатрларда қазақ тіліндегі фильмдерді бір аптадан екі аптаға дейін көрсетеді. «Моана» мультфильмі ұзаққа созылды. Кинотеатрлар қазақ тіліндегі сеанстарға аса көңіл бөлмейді, біз осы мәселемен үнемі жұмыс жасаймыз. 23 қараша күні «Коко құпиясы» атты мультфильмнің премьерасы өтеді. Осы туындының көрсету кестесін күнде қадағалайтын боламыз. Өкінішке орай, кинотеатрлар өкілдерінің айтуынша, қазір адамдар фильмдерді орыс тілінде көп көреді.

IMG-20171126-WA0027.jpg

Басқа елдермен салыстырсақ, біздің адамдардың кинотеатрларға бару көрсеткіші өте төмен. «Моанаға» 25 000 адам барды — бұл ең жоғары көрсеткіш. «Джунгли кітабында» 13-14 мың адам барды, 500-1000 адам ғана барған фильмдер де болды.
Сондай-ақ, «Эйр Астана» әуе кемесінің бортында біздің фильмдер ұсынылады, біздің фильмдерді олардың тізіміне енуін сұраймыз. Олар бұл ұсынысымызды қуана қабылдайды.

IMG-20171126-WA0034.jpg

Қазақ тіліне сапалы аударылған әлемдік студиялардың контентің көрі — бұл әр адамның өз құқығы. Өкінішке орай, отандық телевизияның бұл мәселемен айналысуға шамасы жетпей жатыр. Біз әрдайым зұлымдықты жақсылық жеңетін мультфильмдер ұсынатын Disney компаниясының контентің қолдаймыз. Бұл қазіргі кездегі әлемдік контентердің бірі.
Студия жайлы

Бізде екі монтаж студиясы бар. Дыбыстау — үлкен студияда, ал монтаж — екінші студияда жүргізіледі. Бұрын бұның барлығын Лондонда жасайтынбыз. Тимур Бекмамбетовтың «Алғашқы уақыт» және Люк Бессонның «Валерия мен мыңдаған планетаның қаласы»атты соңғы екі фильмдерді осында жасадық. Бұл Еуропа тарихындағы ең қымбат фильм.

df6fecf658b6fd23c0ebdb083b5e3c06.jpg

Біз 23 фильмді дыбыстадық. Оның екеуін толығымен Қазақстанда өз студиямызда жасадық. Жылына орта есеппен төрт-алты фильмді аударамыз, бірақ бұл блокбастерлер. Мұндай фильмнің орташа бюджеті 250-300 млн. долларды құрайды. Дубляж жжасау үшін креативті команда жинаймыз. Олардың әрқайсысы тиесілі гонорар алады. Соңғы дыбыстау Лондонда жасалады.

Орташа алғанда, бұл дубляж 150 000 доллар тұрады. Кейде одан да көп шығады. Кейде барлық жұмыстарды Қазақстанда жасағанда, екі есе арзан шығады. Сондықтан біздің армандарымыздың бірі Қазақстанда Disney-дің кеңсесінің ашылуы.

IMG-20171126-WA0030.jpg
Кинофильмдердің дубляжын жасау тәсілдері

Ең бірінші, біз аудармашыға тікелей Disney-ден келген материалды жібереміз. Аударма тікелей ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылады. Осыдан кейін редакторға жібереміз. Содан кейін дыбыстау басталады. Жинақтағыштар дыбыстың ерін қозғалысына сәйкес келетіндей етіп жасайды, кейіпкер қазақ тілінде сөйлеп жатқандай болады. Егер кейіпкер сөзді ағылшын тілінде айтса,актер түпнұсқа мәтініндегідей тембрді кідіртіп, тыныс алып үлгеруі керек. Бір секунд өзі үлкен айырмашылық.

IMG-20171126-WA0029.jpg

Дыбыстау үшін арнайы кастинг жүргізіледі. Негізгі дауыстарды Disney компаниясы өзі таңдайды. Бізге олардың студиясының өкілдері келеді. Біздің студия дауыстарды алдын ала таңдап, тембрға сәйкес келетін актерлерді дайындап қояды, содан кейін Disney негізгі рөлдерді өздігінен бекітеді. Біз екінші рөлдерді таңдаймыз. Мысалы, Анджелина Джоли мен Джонни Депп өздерінің дауысын дыбыстайтын актерлерді өздері таңдады. Егер болашақта олардың дауысымен қатысты тағы жобалар болса, оларды да бастапқыда таңдалған актерлер дыбыстайды.

IMG-20171126-WA0028.jpg

Сонымен қатар, әндерді де өзіміз аударамыз. Қазақ тіліне секунд бойынша аударамыз. Музыкалық жобалармен музыкалық редактор және вокалшылар жұмыс істейді. Егер барлық осы адамдарды есептейтін болсақ, бір жобада шамамен 50 — 60 адам жұмыс істейді. Кейде тек массовканың өзінде 30 — 50 адам жұмыс жасауы мүмкін.


«Коконың құпиясы» мультфильмі туралы

IMG-20171126-WA0032.jpg


Бұл фильм ән айтуды армандайтын бала туралы, бірақ оның отбасы музыкалық әуесқойлығына тыйым салған. Мультфильм отбасылық тақырыптарға және өткен қателіктерге назар аудартады.

Мигель атты баланы Ақарыс дыбыстады. Ол жобаның ең жас актеры, небәрі 12 жаста. Дубляжға 35 актер қатысты. Қазақ дубляжының режиссері Шах-Мұрат Ордабаев болды.

IMG-20171126-WA0031.jpg

Алдынғы аптада Астана қаласында Kinopark7-де мультфильмнің премьерасы өтті. Барлық көрермен жылады, тіпті еркектердің өзі. Премьерадан кейінгі күндері өте көп таңқаларлық жақсы пікірлер айтылды. Қазақ тілін жетік меңгерен мамандар, мультфильмнің керемет дыбысталғаның айтты.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу