Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Люди WE

Профессионалы

Город 24

Возможности

Наши в мире

Созидатели

Семья

Экспаты

Не просто блогеры

Новые люди

Бизнес

Карьера

Специалисты

Предприниматели

Центральная Азия

Горожане

Алматы

Астана

Бишкек

Ташкент

Душанбе

Баку

Путешествия

Технологии

Стиль жизни

Искусство

Новости

Образование

Қазақстанда стартап индустриясы қалай дамып жатыр: MOST директоры өз тәжірибесімен бөлісті
675

28.03.2023

Қазақстанда стартап индустриясы қалай дамып жатыр: MOST директоры өз тәжірибесімен бөлісті

Біз Creative Asia Telegram арнамызда хабар таратудың жаңа форматын жалғастырамыз. Бұл жолы біз қазақстандық стартапты дамытумен айналысатын керемет маманды шақырдық. Сіздермен эфирдегі ең қызықты сәттермен бөлісіп отырмыз.

Ануар Лензат, MOST бизнес-инкубаторының директоры және басқарушы серіктесі, @mostincubator

Ануар Лензат

MOST ұсынатын бағдарламалар туралы

Мен MOST бизнес-инкубаторының директорымын. Бес жыл бойы стартап индустриясында жұмыс істеп келемін. Біз Орталық Азия елдерінің стартаптарын дамытумен айналысамыз. Өңір дамуы үшін барлығы бірігу керек. Себебі әрбір ел жекелей алғанда шағын, венчурлыққа жатпайтын нарық.

Бүгінгі таңда MOST — бірнеше бағыттағы холдинг ұйымы. Бізде 10 миллион долларлық венчурлық қор бар. Ол Орталық Азиядағы стартаптарды инвестициялауға арналған. Екінші компания — MOST IT Hub Almaty, бұл осы саладағылардың бір жерде шоғырлануына мүмкіндік беретін коворкингі бар шығармашылық кеңістік. Umay Angels Club-та біз стартаптарға инвестиция салатын жеке инвесторлар мен «бизнес-періштелермен» кездесулер ұйымдастырамыз.

Негізгі қызмет — MOST бизнес-инкубаторы. Мұнда біз инвестиция тартып үлгерген, сатылымы бар және басқа нарықтарға шыққысы келетін соңғы кезеңдегі стартаптар үшін білім беру бағдарламаларын ұсынамыз. Біздің ерекшелігіміз: тәлімгер және кеңесші ретінде «бизнес-періштелер» әрекет етеді.

Биыл біз Investment Readiness Accelerator-ды іске қосамыз. Қатысушылар 500 000 АҚШ долларына дейін инвестиция алу және Еуразиялық венчурлық форумға қатысу мүмкіндігіне ие болады, онда біз әртүрлі елдерден келетін 1500 инвестордың басын қосуды жоспарлап отырмыз.

Стартап индустриясының дамуы туралы

Мен Орталық Азиядан келген «жалғыз мүйізділерге» сенбеймін. B2B секторында бізде жоба көбірек, бірақ мұнда миллиард доллар табу қиынырақ. Біздің нарықта B2C секторында стартапты дамытуға қажетті инвестиция көлемін алуға мүмкіндік әлі жоқ.

Мен «қарақұйрықтар» мен «түйелерге» — шағын, бірақ жақсы капиталы бар мықты компанияларға көбірек сенемін. Қысқа мерзімдегі болашақта мұндай жобалар Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына шығады деп күтіледі. Себебі мұнда халық көп, технологиялық артта қалушылық жоқ.

Second-time-фаундерлер пайда болған кезде Орталық Азиядан «жалғыз мүйізділер» шыға бастайды. Бұлар — стартап құрып, ақша жинаған, бірақ бір кездері сәтсіздікке ұшыраған адамдар. Олар тәжірибемен оралады. Барлығы соған қарай келе жатыр. Компания негізін қалаушылардың орташа жасы өсіп келеді. Бұрын бұлар студенттер еді, ал қазір 30-50 жас арасындағы адамдар.

Стартапты қалай дамытқан дұрыс

Мамандар шоғырланған жерлерге бару керек. Мысалы, акселераторларда қаржы немесе маркетинг жағынан көмектесетін адамдар бар. Мұнда аздаған уақытта көп білім алып, идеяңызды жүзеге асыра аласыз.

Акселерациялық бағдарлама процестерді жеделдету дегенді білдіреді. Екі айдың ішінде нарыққа қажетсіз бе, жоқ па, соны түсінесіз, стартаптармен танысып, пайдалы байланыстар таба аласыз.

Сондай-ақ жақсы customer development жүргізуіңіз керек — тұтынушылармен сөйлесіп, олармен байланыс орнату. Нәтижесінде сіз нені жақсарту керектігін немесе қандай бағытқа бет алу керектігін түсінесіз.

Жаңадан бастаушыларға арналған кеңестер

Біз халықаралық нарыққа шығатын жобаларға инвестиция саламыз. Өнім менеджерлері мен техникалық директорлардан тұратын мықты күшті команда болуы керек. Тағы бір маңызды фактор — ақшада немесе басқа көрсеткіштерде болсын, тұрақты өсіп отыру.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу