Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Қазақстандағы 6 үздік шипажай: бағалары, қызмет түрлері, пікірлер
12897

01.09.2019

Қазақстандағы 6 үздік шипажай: бағалары, қызмет түрлері, пікірлер

«Сарыағаш» емдеу-оңалту кешені


Мекен-жайы: ОҚО, Сарыағаш ауданы, Көктерек ауылы

Емделу курсы: 10 күннен бастап

Стандартты нөмірдің бағасы: 1 адамға күніне 9500 тг

Мұнда асқазанның ісіп қызару процесін емдейтін, жүйке жүйесінің жағдайын жақсартатын, иммундық жүйені қалпына келтіретін және т.б. минералды судың емдік бастаулары бар.

Қызмет түрлері:

— гидротерапия

— минералды ванналар

емдеу душының алуан түрлері

— физиотерапия

— массаждар

Байланыс телефоны: 8 7253 751 311, 8 701 778 58 58

Пікірлер:

Yuganka Ya

Жайлы, ыңғайлы, керемет демалыс, минералды ванналар, осында үшінші жылы келіп жүрмін және бір де бір рет өкінген емеспін.

Болта Тапишев

Шипажайлы профилактикалық емдеулері жақсы, тұратын жерлері мен тамақтануы да жақсы деңгейде, сонымен қатар табиғаты керемет және ауа райы тамаша, осында кешкі уақытта көп ойын-сауық орындар жұмыс істейді. Сарыағаштың әлсіз минералданған, газдалмаған және денсаулық үшін пайдалы суы бар.


«Мерке» шипажайы


Мекенжайы: Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Мерке ауылы

Емделу курсы: 10 күннен бастап

Екі орынды экономның бағасы: бір адамға — күніне 10 000 тг

Шипажайдың басты емдеу факторы — аз минералданған салқын, хлоридті-сульфатті-гидрокарбонатты, кальцийлі-калийлі-натрийлі болып табылатын радонды минералды су.

Қызмет түрлері:

— минералды-радон ванналары

— емдік бассейн

— циркулярлық душ

— физиоемдеу

Байланыс телефоны: 8 705 789 29 63, 8 7263 227 725

Пікірлер:

Aidar Balkenov

Радонды емделу, жақсы қызметкерлер, тамақтануы және сауықтандыру қызметтері де жақсы.

Данияр Раимбаев

Радонды қолданатын үздік рекреациялық мекеме.


«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені


Мекен-жайы: Ақмола облысы, Бурабай ауылы

Емделу курсы: 5 күннен бастап

Стандартты нөмірдің бағасы: бір адамға — 35 000 тг, қыркүйектен бастап — 32 000 тг

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені жыл бойы қызмет көрсететін климаттық-бальнеологиялық шипажай болып табылады. Бірегей табиғи факторлары: қарағайлы орманның экологиялық таза ауасы, Балпаш-сор көлінің емдік балшығы, «Майбалық» минералды суы, пантымен емдеу, радонды терапия, қымызбен емдеу, «Құлагер-Арасан» минералды суы заманауи емдік-диагностикалық қорын толықтыра отырып, аурулардың көптеген түрлерін сауықтырып, денсалықты қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Қызмет түрлері:

— бассейн, хамам, сауна

— минералды емдік су

— фитотерапия

— қымызбен емдеу

— балшықпен емдеу

— климатпен емдеу

Байланыс телефоны: 8 716 36 78 101, 8 702 059 20 20

Пікірлері:

@aikawhiteberg

Керемет ұйымдастырылған, тыныштандырып, күш-қуат беретін демалыс үшін алғысымды білдіремін. Біз ұмытылмас демалыс күндерді өткіздік.


«Рахман қайнарлары» шипажайы


Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қ., Протозанова к., 25/1

Емделу курсы: 5 күн

Бір орынды экономның бағасы: бір адамға — 90 000 тг. «Алтын күз» акциясы — 7 қыркүйектен бастап коттедждердегі бөлмелерге 20 % жеңілдік, 19 қыркүйектен бастап — кешенді жолдамаларға 20 % жеңілдік.

Алтай тауларының жүрегінде теңіз деңгейінен 1760 метр биіктікте, көрінісі тамаша көлдердің арасында, тас тостағанының түбінде «Рахман қайнарлары» шипажайы бар. Өскеменнен шипажайға дейін трансфер жеткізеді.

Қызмет түрлері:

— мүйізді коктейль

родонды және інжу-маржанды ванналар

емдеу душтары, косметология

фитобулы сауна — фитобөшке
тұзды компресс

— хош иісті орау

Байланыс телефоны: 8 7232 56 02 32, 8 705 798 53 56

Пікірлер:

Татьяна Клюпа

Мен осында екінші рет келіп отырмын, емдеуден кейін өзімді жақсы сезінемін. Емдік балшық, зәмзәм суы және таза ауа денсаулыққа, көрікті табиғат көңілге жақсы әсер етеді. Әрбір күн қызықты өтеді. Саяхаттар ұйымдастырылды, біз асулардан өттік.


«Мойылды» шипажайы


Мекен-жайы: Павлодар облысы, Мойылды ауылы

Емделу курсы: 10 күннен бастап

Екі орынды стандартты нөмірдің бағасы: бір адамға — 110 000 тг

«Мойылды» шипажайы тиімділігі жоғары емдеуді ұсынады. Емдеудің тиімділігі — шипажайда жоғары минералданған лай балшық пен тұзды сулы табиғи көл бар. Бұдан бөлек, шипажайда минералды судың ұңғымасы бар.

Қызмет түрлері:

жалпы балшық немесе аппликация

тұзды немесе минералды ванналар

— гальванды балшық

оттегі коктейлі

— «Соллюкс»

Байланыс телефоны: 8 7182 35 65 33, 8 777 462 36 20

Пікірлері:

Елена Зиновьева

Жолдама алған кезде, оның құнына негізгі процедуралар жинағы енетінін, ал шипажайға келген кезде, қосымша қызмет түрлерін қосып алуға болатынын түсіндірді. Минералды ванналарды шексіз көлемде қабылдауға болады, минералды суды шүмектен алатынбыз. Процедуралардан кейін бізге оттегі коктейльдерін әзірлеп, фитошәй ұсынатын. Сол жерде фитобар жұмыс істейді. Шипажайдың ішінде косметологиялық бөлме, тіс емдеу бөлмесі, дәріхана, жеміс-жидектерден бастап халаттарға дейін барлық заттарды сататын дүкендер бар. Сонымен қатар жеке наубайханалары бар, күн сайын бесіндікке жаңа піскен дәмді тоқаштар берілді.


«Көктем» шипажайы


Мекен-жайы: Алматы қ., Ремизовка ықшам ауданы, «Көктем» шипажайы

Емделу курсы: 10 күннен бастап

Екі орынды стандартты нөмірдің бағасы: бір адамға — 12 100 тг

«Көктем» шипажайы Алматы қаласында Іле Алатауының етегінде, теңіз деңгейінен 1100 метр биіктікте орналасқан. Таза иондалған ауа, әдемі таулы ландшафт және климатпен емдеу мүмкіндіктері мен табиғи минералды судың үйлесуі керемет нәтижелер береді. Сауықтыру кешені жылдың кез-келген уақытында тартымды және қолжетімді болып табылады.

Қызмет түрлері:

— минералды сулар

— парафинді орау

— массаж

тұзды терапия

Байланыс телефоны: 8 7273 803 469, 8 708 624 04 03

Пікірлер:

Марат Аманкулов

Жұбайым екеуміз тоғыз жыл бойы «Көктем» шипажайында демаламыз. Әрдайым керемет демалыс және жақсы ем үшін, демалушыларға деген жақсы қатынас үшін алғыс білдіреміз. Бұл кешен жылдан жылға жақсарып келеді.

Суреттің дереккөзі: gorod24.kz

Меню

Істер

Қала 24

Шолу