Тахмина Рузиева, 40 жаста, туған жері — Алматы, Denim дүкенінің иесі
Бизнес туралы
Өткен жылы Стамбулда бірінші рет болып көрдім. Стамбул — әдемі қала, өзіңді «Великолепный век» сериалына түскендей сезінесің. Сол жерде күйеуіміз екеуміз бизнеспен айналысуды шештік, өйткені сол уақытта күйеуім жұмыссыз қалды. Осылайша «Евразия» сауда үйінде джинсы сататын дүкен аштық.
Түркиядағы тауарды сатып алу туралы
Түркияны таңдадық, өйткені біздің ел арасында визасыз жүйе бар. Бірінші кезде Стамбулға алғаш келгенде тауарды өзім жеке сатып алдым. Кейін «Карго» курьерлік жеткізу қызметіне телефон арқылы тапсырыс жасай бастадым. Дүкенге xабарласамын, маған жаңа үлгілердің суреттерін жібереді, кейін мен артикул бойынша тапсырыс беремін. Тауар бес-жеті күннен кейін келеді. Барлық үрдістер онлайн түрде өтетіні ыңғайлы.
Жоспарлар туралы
Келесі жылы көктемде біздің сүйікті әйелдер қауымына дүкен ашуды жоспарлап жатырмыз.
Асья Толепбекова, 32 жаста, Қарағанды облысы, кәсіпкер, Lalune jewerly дүкеншесінің иесі
Бизнес туралы
Менің шағын бизнесім бар, Алматы мен Астаны сөрелерінде кездестіруге болатын күміс әшекей-бұйымдарымен айналысамын. Бес жыл бұрын балаларыммен Түркияға ұшып кеттім. Сол кезде «Великолепный век» сериалындағы әшекейлердің танымалдылығы артып жатты, ал Instagram енді-енді дами бастады. Мен жай ғана әдемі бұйымдарды суретке түсіріп, желідегі парақшама салып отырдым. Осыдан кейін адамдар тапсырыс бере бастады. Хоббиім бизнеске айналады деп ойламаппын.
Сондай-ақ, бос уақытымда фирма мен тапсырыс беруші арасында делдалмын. Сатып алудан бастап тапсырыс берушіге жеткізгенге дейінгі барлық үрдісті бақылаймын. Тапсырыс берушіге ұшу мен орналасуға ақша төлеудің қажеті жоқ. Ал тауарды сатып алуға кем дегенде үш күн кетеді.
Түркиядағы тауарды сатып алу туралы
Түркияда жақсы бағаға өте сапалы киім алуға болады. Мәселен, Италиядан әкелінген киімдер әлдеқайда қымбаттырақ, бірақ сапа жағынан Түркия кем түспейді. Егер айырмашылықтар болса да, артық төлеудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Сондықтан Түркиядан тауар алған тиімдірек, тек қана киім емес, мәселен, мұнда ыдыс та сапалы.
Жергілікті менталитет пен тілді білуім маған қызметімде көмектеседі. Қиындықтар тіл және тауар алатын орындарды білмейтін адамдарда туындайды. Онлайн-тапсырыстарда да қиындықтар болады, өйткені жеткізуші басқа затты немесе киім өлшемін салып қоюы мүмкін.
Жалпы түріктер қайырымды: олар шай, кофе ұсынады, тамақтандырады және сөмкелерді көтеруге көмектеседі.
Жоспарлар туралы
Егер бизнесім дамыса, онда сапалы тауар сатып алумен айналысатын фирма ашу жайлы ойланармын.
Гүлнар Мұқанова, 47 жаста, туған жері — Алматы, кәсіпкер, Bayanstyle дүкенше иелерінің бірі
Бизнес туралы
30 жыл бойы дос болып келе жатқан құрбым екеуміз бизнеспен айналысуды бұрыннан бері қаладық. Ақыр соңында белгілі бір соманы жинап, тауар сатып алу үшін Түркияға кеттік. Бізге Түркия ұнады, өйткені онда керемет баға, сапа және дизайн үйлесімділігі бар.
Жақында «Мерей» СҮ әйелдерге арналған сәнді киімдер бар дүкенше аштық.
Түркиядағы тауарды сатып алу туралы
Тауарды Стамбулдағы Лалели аумағынан сатып аламыз, онда киімдердің алуан түрі бар. Сатушылар сыпайы, елгезек, бәсекелестік те жоғары. Өйткені бұл үлкен дүкендер алаңы және әрқайсысы адамды өзіне тартқысы келеді. Сатушылар тауарды өздері базаға апарады, ал ол жақтан ол тікелей Қазақстанға кетеді, бұл қолайлы. Сондай-ақ, мұнда барлығы сенімділікке тіреледі, тауар жеткізбеушілікті кездестірген емеспін. Мұндағы қызмет жоғары деңгейде.
Жоспарлар туралы
Жұмыс істеп, дамуды жоспарлаудамыз, жақын арада күз мезгіліне киім сатып алуға барамыз.