Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Қазақстандықтар шетелде сәтті мансапты қалай жасайды
4993

05.11.2017

Қазақстандықтар шетелде сәтті мансапты қалай жасайды

Суретшілер


Бахтияр Беркин және Мика Барни, туған қаласы – Алматы, 26 жас, суретшілер


Тұратын елі: Лондон, Ұлыбритания


Berkin & Mika.jpg


Бахтияр. Біз Микамен бірге осы жерде, Лондонда бакалавриат пен магистратураны бітірдік. Бакалавриатта Мика London School of Economics and Political Science оқу орнында экономика мен қаржыны,ал мен University of the Arts университетінде оқыдым.


Мика. Бакалавриаттан кейін бағытымды ауыстырғым келді, сондықтан магистратурада мен fashion design мамандығын оқыдым. Маған да өнер қызықты болды.



Жетістікке дейінгі жол



Бахтияр. Біз үш жыл бұрын кездесе бастадық, мен сол кезде де фотосуретпен айналыстым. Біз бірге жұмыс істей бастадық , бұл әуестену сияқты басталды. Нәтижеге қарап, мен риза болдым және таң қалдым. Мен Микаға тағы бірнеше жоба жасауға ұсыныс жасадым, осыдан кейін біз айнымай бірге жұмыс істей бастадық.


Мика. Шығармашылық көзқарастан біз бір-бірімізді толықтырамыз, Бахтияр техникалық бөлігі үшін,ал мен – декорация мен бейне үшін жауаптымын. Біз тек фотосуреттерге ғана емес, жалпы бүкіл өнерге арналғане жұмыстарымызды Лондонның түрлі байқауларына ұсындық. Біздің сәтіміз болды – біз финалға өттік, біз үшін бұл жеңіспен тең болды, себебі байқауға шамамен 1000 адам қатысты, ал финалға тек 12-сі өтті, солардың арасында біз де болдық.


Gallery View.jpg


Бахтияр. Финалға өткен қатысушылар үшін бөлек көрмелер өткізілді, бұл көрмелерге көп адам келді. Дәл сол кезден бастап барлығы қозғала бастады. Өткен жылы бізді галереялар байқады, бізді көрмелерге шақыра бастады, біз туралы жергілікті басылымдар жаза бастады, біз болған жағдайға өте қуандық және басқа жобалармен жұмыс істей бастадық.


Мика. Бәйгенің финалынан кейін Лондондағы Degree Art Gallery бізге өз демеушілігі мен қолдауына ұсыныс жасады, олар бізбен эксклюзивті шарттқа тұрды, оның негізінде бізді Англия ауданында тек олар ғана ұсына алады. Бұдан бөлек, бізді Амстердамдағы Public House ұсынады.


Бахтияр. Бүгінгі күнге біз 16 шетелдік көрмелерге қатыстық және Hix Award, Flo at Art Award байқауларының финалына өттік және Photomonitor UK Award байқауының жеңімпазы болдық. Біздің жұмыстарымыз Wonderland magazine, Gup magazine және Vogue Italia сияқты басылымдарда жарияланды.


Berkin+&+Mika+(2).jpg


Мика. Суретші мансабы тұрақты емес,бірақ осыған үйрену керек: кейде тыныштық кездері болады, ал кейде біз айына бір-екі көрмеге қатысамыз. Сен осыны қабыл еткенде, қиыншылықтардан өту жеңіл болады.


Бүгінгі күнге біз 16 шетелдік көрмедлерге қатыстық және Hix Award, Flo at Art Award байқауларының финалына өттік және Photomonitor UK Award байқауының жеңімпазы болдық


Бахтияр. Мен суретке түсіре бастағанда, fashion-суретпен көбірек айналыстым. Қазіргі кезде мен өнермен айналысуға тырысамын. Және,әрине, сол кезде мен басқа модельдерді суретке түсірдім. Біз Микамен енді ғана кездесе бастағанда оған бірсарынды қалыпта ұстану оңай емес болды, қазір ол бұл істе кәсіпқой. Егер бұрын бір жақсы фотосурет алу үшін 50 фотосурет жасау қажет болса, қазір бес фотосурет жасауға болады. Біз шығармашылық дуэт сияқты жұмыс жүргіземіз,бұл біздің ерекшелігіміз. Жұмысымды осылай әрі қарай жалғастырып,және көптеген жылдардан кейін біздің жұмысымыз ұсынылған кітапты жинағым келеді. Бүкіл өмірдік өнер – мен мұны осылай көремін.


Phantom Limb.jpg


Мика. Бізге бір-бірімізбен бірге жұмыс істеу өте жайлы,ол мені біледі,мен оны білемін, біз бір-бірімізге сенеміз және осылай тыныштық жағдайы пайда болады. Біз жиі екеуміз жұмыс істейміз, үйде – ешкім ешкімді асықтырмайды және шиелендірмейді.


Бахтияр. Соңғы үш-төрт рет суретке Мика түсірді, ол мұны істей біледі, және біз неғұрлым ұзақ жұмыс істесек, соғұрлым біз жиі орнымызбен ауысамыз. Ол жарықты жақсы сезеді, содан соң фотосуреттерді өндейді, онда болашақ жұмыстың нақты түсінігі бар.



Сүйікті жобам




Medusa.jpg

Бахтияр. Бірнеше сүйікті жобам бар деп ойлаймын, бірақ біздің ең алғашқы жұмысымыз – ең сүйіктім. Біз кең форматты пленкаға суретке түсіреміз,оларды компьютерде өндейміз, бұл жұмысымыздың сапасын және түсін жоғалтпай дәл сканерлеуге мүмкіндік береді. Мика қызғылт халатта тұрған жұмысымыз менің ең сүйіктім және ең маңызды жобамыздың бірі. Бұл жұмыстың арқасында біз байқауларға қатыса алдық. Көрме үшін біздің жұмысымызды баннер ретінде қолданды.



Шетелде сәттілікке ұшырағысы келгендерге кеңестер



Бахтияр. Мен әрдайым өнермен айналысқан адамдарға қолдау көрсетемін. Адам өзін таба алғанда,бұл керемет. Осы жылы біз Қазақстанда болдық,осында біз өнер жайлы,галереялармен қалай жұмыс жүргізу керек, өзін қалай көрсету керек жайлы екі рет мастер‑класс бердік. Біз адамдарға осының барлығы қалай жұмыс істейтінін түсінуге көмектескіміз келеді,Қазақстанда өнердің дамуын қалаймыз. Бізде де галереялар болғанын, ал адамдар өнерге салынуын қалаймыз, себебі Батыста осыны инвестициялар ретінде бағалайды.


Simulacrum.jpg



Болашақ жоспарлар



Мика.Біздің жаңа толық бағалы ,одан аса күрделі серия түсіргіміз келеді, ал содан соң бұл фотосуреттерді байқауларға жібереміз. Болашақта Америка мен басқа да Еуропа елдерінің нарығына енгіміз келеді.


Химик


Габит Нурумбетов, 30 жас, туған қаласы – Шымкент, химик


Тұратын елі: Ковентри, Ұлыбритания


габит (1).jpg


Мен «Химиялық технология» мамандығы бойынша бакалавриатты бітірдім , бұл мұнаймен баланысты болды. Университетте тәжірибемді өткен соң, бұл істің маған мүлде жарамайтынын түсіндім, сондықтан мен зерттеу жұмысын жалғастыруды шештім. Бакалавриатта оқуымның соңғы жылы мен лайықты жоғары оқу орнын іздедім,Сингапурға немесе Жапонияға баруды қарастырдым, бірақ бүкілі соңғы кезде жасалған себептен, мен GRE тапсыруға үлгермей қалдым. Ұлыбританияда GRE қажет болмады,сондықтан мен ағылшын жоғарғы оқу орындарына құжаттарды тапсыра бастадым. Осылай мен 2009 жылы Ұлыбританияға келдім.



Жетістікке дейінгі жол



Уорик университетіндегі үш жылдық оқуымнан кейін мен Қазақстанға қайтуды жоспарладым. Бірақ диссертациямды қорғауымнан екі күн бұрын және менің кетуімнен үш күн бұрын менің супервайзерім маған сұхбаттасуға баруға ұсыныс жасады. Бұл үш жыл ұзақтығымен ірі еуропалық жоба болды және Уорик университеті бұл жобаның бөлігі болды. Мен сұхбаттасуға бардым да,үйге кетіп қалдым. Іс жүзінде бір аптадан кейін маған хат жіберді,сол хатта маған бұл жоба үшін университетте қалуға ұсыныс жасады. Мен келістім.


Менің өнертабысым – бұл шыңыдан жасалған құрылғы, мембранадан өткен дәрі мөлшерін өлшеуге мүмкіндік беретін стандартты диффузиялық ұяшық – бұл жасанды материал немесе шың тері болу мүмкін



Содан соң менің супервайзеріме, профессор Харлтонға, дәрі қосылған жабыстырғыш туралы ой келді. Осы жоба үшін біз ақша тапқан кезден-ақ,ол мені бірінші қызметкер ретінде жұмысқа алды. Менің өнертабысым – бұл шыңыдан жасалған құрылғы, мембранадан өткен дәрі мөлшерін өлшеуге мүмкіндік беретін стандартты диффузиялық ұяшық – бұл жасанды материал немесе шың тері болу мүмкін. Біз дәстүрлі Франстың ұяшықтарын сатып алдық, олармен жұмыс істеп көрдік, бірақ олармен жұмыс істеуге ынғайсыз екенін түсіндік, себебі қатарлас тым аз тәжірибелер іске асырылады. Сондықтан біз өзіміздің құрылғымызды ойлап таптық. Нәтижесінде қатарлас көбірек тәжірибелер жүргізуге мүмкіндік беретін миниатюралы диффузиялық ұяшық шықты. Дәстүрлі ұяшықтарда қосымша жабдықтарды сатып алумен шешілетін кемшіліктер бар, бірақ біз көп ақшаны салғыза алмадық,сондықтан біз өзіміздің өнертабысымызды жасауға мәжбүр болдық.



Шетелде сәттілікке ұшырағысы келгендерге кеңестер




габит (2).JPG

Қазақстанда бізде әдебиетке осындай кең қолжетімділік жоқ. Мен осында келгенде,көптеген базалық тармақтардан артта қалғанын түсіндім, себебі біздің оқулықтарымыз ескіріп кетті, ал Ұлыбританида ғылым бір орында тұрмайды. Көп оқып,зертханада көп уақыт өткізуге мәжбүр болдым. Сондықтан көп оқуға, батыстық білім алу стандарттарын қуып жетуге және зертханада ынтамен еңбектенуге кеңес беремін, себебі химия – бұл көп тәжірибелер қоюға, түрлі параметрлер қойып көруге қажетті ғылым.



Болашақ жоспарлар



Компания әлі дамуын жалғастырғанша, мен осында боламын. Бірақ бұл шағын компания болған себептен,кез-келген жағдай болуы мүмкін. Бірақ та осы зерттеу саласы – трансдермалды жабыстырғыштар – болашақты бағыт. Себебі осы дәрі-дәрмектер жергілікті әрекет етеді, бауыр, асқазан, бүйрек және басқа да мүшелерге әсер етпейді. Дәрілер нарығы дәл осы бағытта қозғалады, себебі,мысалы,Жапонияда қазіргі кезде іс жүзінде бүкілі осы жабыстырғыштардың көмегімен емделеді.



Биші


Дмитрий Ким, 30 жас, туған қаласы – Алматы, кәсіпқой биші және хореограф – қоюшы


Тұратын елі: Лос-Анджелес, Калифорния штаты, АҚШ


дима (2).jpeg


Есімде болғаным бойынша, мен әрдайым жасампаз бала болдым, дамығым келді, одан аса жетістіктерге жеткім келді, бірақ ақиқатында туған қаламда одан аса өсуге мүмкіндік болмады. Нәрселерімді шабадандарға жинап алып,мен Иваново қаласына аттандым.


Келген бетте мен Сауда-экономикалық колледжге түстім, дәл осы кезден бастап менің бишілік қызметім басталды. 17 жасымда мен түнгі клубқа жұмысқа тұрдым, 3-4 айдан кейін бас биші болдым , тіпті басқа бишілерді жұмысқа алып, өзім де жеке шоуларымды қоя бастадым. Бишілік мансабым алға қозғала бастады, уақыт өте мен Ивановоның бүкіл түнгі клубтарын басқара бастадым.Бұл қала маған бере алатының бүкілін мен алып алдым да,мен Мәскеуді жаулап алуға аттандым.



Жетістікке дейінгі жол



Мәскеуде мен түрлі кастингтерге қатыстым, ішімде жетістік жетімсіздігі өршеленді. Олимипиядалық алаудың эстафетасына кастингтен өтіп, Coca Сola бишілерімен бірге біз 84 қаланы аралап шықтық.


дима (3).jpeg


Кастингтерге қатысып, мен Егор Крид, Сергей Лазарев, Николай Басков және тағы басқа осындай ресейлік жұлдыздармен бірге жұмыс істедім. Кейін мен Анита Цой тобында биледім. Кастингке 150-ден астам бишілер қатысты, бірақ тек үш бишіні ғана таңдады. Мен оның тобында бір жыл жұмыс істедім, кейін мен тағы бір жылдай «Винтаж» тобында биледім. Алайда одан аса биіктіктерге жету, әлемді аралып шығу қажеттілігі мені Америкаға баруға қозғалтты.


Олимипиядалық алаудың эстафетасына кастингтен өтіп, Coca Сola бишілерімен бірге біз 84 қаланы аралап шықтық


Америка – бұл би елі,бишілік мәдениет осы жерде мүлде басқа деңгейде. Бұл өзін-өзі таныту үшін көптеген мүмкіндіктер береді. АҚШ-ка келген бетте мен түрлі мастер-класстарға қатысып, шебелігімді қайыра бастадым, толығымен билеуге дайын болдым, бірақ 4 қаңтар күні менімен жазатайым оқиға болып қалды – менің үстіме қабырға құлап қалды да, аяғымды сындырды. Бұл оқиға өмірімді күрт өзгертті.


дима (6).jpeg


Мүмкін, менің ішімде жауынгер бар шығар, ол маған көмектесті және әлі күнге дейін бүкіл қиыншылықтардан өтуге көмектеседі. Әрине,бұл қиын, ешкім бұл оңай деп айтпайды – протезді киіп алдын да,жүгіріп кеттін. Мен қатты шаршаймын,моральдық жақтан да,физикалыққ жақтан да,бірақ та маған белсенді қолдау көрсететін адамдар менің рухыма басып қалуға мүмкіндік бермейді, және мен әртіс ретінде өзімнің және менің жұртымның көңілін қалдыра алмаймын.



Шетелде сәттілікке ұшырағысы келгендерге кеңестер



Practice, practice, practice. Үнемі өз білімін арттыру қажет, әр бос минутаны өз ісіне беру керек. Және, әрине,ешкішге қарамай, біреуге ұқсауға тырыспай,жеке,тұлға ретінде,өзің болу керек, жеке өзінікін ұсыну керек. Әр адам өз қызғылықтығына,ерекшелігіне ие,оны тек қана тауып алып, дамыту керек.



Болашақ жоспарлар



Ауыруды сезбей, жазылып кеткім келеді,көп атқарымды протезге ақша жинап алғым келеді. Дәл осы мақсатпен мен краудфандингтік алаңда шотты аштым, қайырымды адамдар маған қажетті соманы жинауға көмектесетін,бірақ төрт ай өте шоттың толықтырылуы тоқталып қалды. Бірақ мен мұнаймаймын, бүкілі жиналады және мен міндетті түрде қайтадан бұрынғы тұрысыма қайта ораламын.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу