Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Қазақстандықтар үштілділіктің артықшылықтары жайында: перспективті жұмыс және әлем бойынша саяхаттау мүмкіндігі
3480

17.06.2019

Қазақстандықтар үштілділіктің артықшылықтары жайында: перспективті жұмыс және әлем бойынша саяхаттау мүмкіндігі

Ксения Придатченко, 26 жаста, Солтүстік Қазақстан облысы, Явленка ауылы, Black & White Group компаниясының сценарийші-редакторы


Ксения (8).jpg

Тілдерді үйрену жайында


Мен Black & White Group компаниясында сценарийші-редактор қызметін атқарамын. Петропавл қаласындағы қазақ-түрік лицейінде оқыдым, Гумилев атындағы ЕҰУ-нің журналистика және саясаттану факультетін бітірдім. Қазіргі кезде төрт тілді білемін: орыс, қазақ, ағылшын және түрік.

Барлық тілдерді мектепте үйрендім, қазақ тілінен облыстық, аудандық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болатынмын. Ағылшын тілін қарапайым ауылдық мектепте оқи бастадым, кейін қазақ-түрік лицейіне түстім, сол жерде тілдерді оқуды жалғастырдым. Лицейдегі барлық техникалық пәндер ағылшын тілінде жүргізілді.

Лингвистикалық дағдыларымды университетте жетілдірдім, ағылшын тілінде дебаттарға қатыстым.

Ксения (2).jpg


Артықшылықтар жайында


Үш тілді білу өмірде әрдайым көмектеседі. Мен университетке түсу барысында болған сұхбаттасуда қазақ тілінде сөйледім. Бұл сайлау комиссиясына әсер етіп, жоғары балл алуға және оқу грантына ие болуға септігін тигізді деп ойлаймын.

Жұмысқа орналасу барысында тілдерді білудің артықшылықтары көп. Оқу кезінде мен Kazakh TV телеарнасында жұмыс істедім. Сол жерде қазақ, ағылшын және орыс тілдерін жетік білу қажет болды.

Сценарийлерді көбінесе орыс тілде жазамын, бірақ қазақ тіліндегі білімім де көп жобаларымда қажет болып, көмектеседі. Мен қазақ тілінде сұхбат аламын, әртүрлі бейнелер жасаймын.

Мен қазақ тілінде сұхбат аламын, әртүрлі бейнелер жасаймын


Орыс және ағылшын тілдерінде өлең жазуды жақсы көремін.

Мен екінші туған тілім – украин тілін, сонымен қатар испан тілін меңгеруді қалаймын. Қазірде шет тілдерін көбірек білу керек, себебі әрбіреуі өзінің көмегін береді, түпкі деректемеден қайта тексеруді қажет ететін шексіз ақпаратқа жол ашады.

Қаншалықты көбірек тілдерді білсең, сыртқы әлеммен байланысу үшін соншалықты көбірек құралдарға ие боласың. Саяхат немесе іссапар кезінде ешқашан адаспайсың. Стамбулға барған кезде, адасып қалсам, жол тауып, кез-келген жағдайдан оңай шыға алатынмын. Түріктер өте жайдары жауап беретін, себебі мен олардың туған тілінде сөйледім.


Кеңестер


Шет тілдерін оқыған кезде ең бастысы – адамның ниеті және оқудың ыңғайлы әдісі. Ең тиімді әдіс – шет тілді сіз үшін қызықты болып табылатын салаларда қолдану. Мысалы, мен музыка тыңдауды, фильмдер мен сериалдарды қарауды, кітап оқуды жақсы көремін. Осындай құралдар арқылы шет тілді үйрену мен үшін тиімді, себебі мен процеске максималды түрде берілемін.

Мектепте шет тілдерді белсенді оқыған кезде, жаттайтын сөздерді стикерлерге жазып, шкафқа, кереуттерге, қаламсауытқа, жазба дәптерлерге жабыстырып қоятынмын.

Жақында мен ағылшын тілінің Upper-Intermediate курсын оқып шықтым. Жаңа сөздерді есіме сақтау үшін, Quizlet қосымшасын қолдандым.


Аида Назарова, 30 жаста, туған қаласы — Астана, INCreed Professional Media Solutions ЖШС негізін салушы


Аида.jpg

Тілдерді үйрену жайында


Бірнеше жыл бұрын мен жеке компаниямның негізін қаладым. Біз компаниялар және мемлекеттік мекемелер үшін бейнероликтерді түсірумен айналысамыз. Мен үш тілді білемін: қазақ, орыс және ағылшын.

Тілдерді кішкентай кезімнен білім беру мекемелерінде үйрене бастадым. Көп нәрселер адамның ниетімен қатар негіздерді дұрыс түсіндіре алатын сауатты мұғалімге байланысты. Бұл орайда менің жолым болды. Кейін тілдерді өзідігінен оқыдым. Қазақ тілі – туған тілім, орыс тілі елімізде кеңінен таралған, ал ағылшын тілін тәжірибе жүзінде көбірек қолдануға тырыстым.


Артықшылықтар жайында


Мен тілдер саласында жұмыс істемесем де, бар білімімді өмірімде қолданамын. Қажет болғанда, бейнелерді үш тілде жасаймыз. Компанияға қажетті құжаттарды аудармашыға жүгінбей, өзім аударамын. Бұл үнемді, әрі сапалы, себебі мен аударманың сапасына сенімдімін.

Мен тілдер саласында жұмыс істемесем де, бар білімімді өмірімде қолданамын


Шетелдік сапарларда шет тілдерін білу керек, ал ағылшын тілі – әлемдегі ең көп қолданылатын тіл. Оның арқасында көптеген елдердің тұрғындарымен араласып, қажетті ақпаратты білуге болады. Немесе керісінше елімізге келген қонаққа көмектесуге болады.

Келешекте француз, португал тілдерін меңгеру жоспары бар. Бұл қызмет саласын кеңейту, саяхаттау және ортаны кеңейту мүмкіндігін береді.


Кеңестер


Тілді үйрену кезінде ұстанатын басты қағидам – тұрақтылық. Сөздерді жаттап, оларды оқу керек, бейнелерді қарап, аудиожазылымдарды тыңдау керек. Телефонға арналған қосымшалар да ыңғайлы болып табылады. Puzzle-english.com деген сайт бар, олардың жеке қосымшасы және YouTube желісінде каналы бар.

Тілді үйрену – жекебастың ісі, сол себепті өзіңізді дұрыс бағыттаа, жеке әдісті, жеке ырғақты таңдау керек. «Уақыт жоқ», «қиын», «күрделі» сияқты сылтаулар өмірді жеңілдетпей, қиындататынын түсіну керек. Себебі келешекте сүйікті жұмысқа ие бола алмай, басқа елде өзіңізді сенімді ұстай алмайсыз.


Толғанай Қозықанова, 24 жаста, туған қаласы — Өскемен, Air Astana компаниясының бортсерігі


Толганай (3).jpg

Тілдерді үйрену жайында


Мен «саясаттану» мамандығы бойынша Гумилев атындағы ЕҰУ-ді бітірдім, оған дейін Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқыдым. Ағылшын, қазақ, орыс және түрік тілдерін білемін.

Тілдерді туған мектебімде оқи бастадым. Бізде жақсы сауатты шетелдік мұғалімдер болатын, олар нағыз академиялық ағылшын тілін оқытты. Соның арқасында мен шет тілде ешбір акцентсіз сөйлеймін.

Түрік тілін өткен жылы үйрене бастадым, қазірде оны «үздікке» білемін. Мен Қазақстандағы Түркия Елшілігінің жанында жұмыс істейтін Түрік мәдени орталығындағы курстарды оқып шықтым. Бізді тіл иелері оқытты. Өкінішке орай, көп адамдар бұндай орталықтар жайында білмейді және орыс тілді мұғалімдер сабақ беретін тілдік орталықтарға барады. Ережеге сай, сен нағыз тілдік ортаға түспейсің және оқытудың бұндай тәсілі тиімсіз болып табылады.

Толганай (4).jpg


Артықшылықтар жайында


Мен мектеп кезінде тілдік олимпиадаларға қатысып, Греция еліндегі халықаралық жарыстарға баратынмын. Тіл білімі бұрыннан бері көптеген елдерде болып, барлық әлемдік мәдениеттермен танысу арманын орындауыма көмектесіп жатыр.

Тіл білімі бұрыннан бері көптеген елдерде болып, барлық әлемдік мәдениеттермен танысу арманын орындауыма көмектесіп жатыр


Университетте академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша өткен байқауда жеңіске жетіп, бір семестрге Литвадағы Каунас қаласына оқуға бардым.

Біраз уақыт ҚР Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істедім, сол кезде маған шетел тілдерінің білімі көмектесті. Әріптестерім алуан түрлі тапсырмалар мен маңызды аудармаларды берді, себебі мен ағылшыннан орыс тіліне, қазақ тіліне және керісінше оңай ауадара аламын.

Қазірде мен Air Astana әуекомпаниясының халықаралық рейстарында бортсерік қызметін атқарамын. Тілдердің білімі жақсы деңгейде болмаса, осында жұмысқа орналасу мүмкін емес. Мен тілдерді білудің арқасында бүкіл жер шарындағы адамдармен араласып, әртүрлі елдер мен қалаларды көре алатыныма бақыттымын.

Ұшқыштардың көбісі испантілді елдерден болғандықтан, арманымдағы тағы бір тілді меңгеріп, жетілдіру мүмкіндігіне ие болдым.

Толганай (5).jpg

Тілді білудің арқасында ғана халықтың, ұлттың мәдениеті мен ділін толықтай түсіне аласың. Ол жайында кітаптар мен интернеттегі ақпаратты оқу – біреудің субъективті пікірін білуді білдіреді.


Кеңестер


Білімді тәжірибе жүзінде қолдану керек. Тілдің деңгейі төмен болса да, фильмдерді субтитрлермен көру немесе достармен шет тілде сөйлесу керек. Біз құрбыларымызбен тек ағылшын немесе түрік тілінде сөйлесуге келісеміз. Бір-бірімізді үйретеміз, тілдік қателерді түзетіп отырамыз.

Өз алдыңызға мақсаттар қойып, ойын-сауықтарды, бос уақытты қиып, сол мақсаттарға жету керек. Әйтпесе ештеңеге қол жеткізе алмайсың. Тіл иелері сабақ беретін курстарды табуға талпыну керек.


Меню

Істер

Қала 24

Шолу