Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/001/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/bslvaxsvn89h5yixp83hbmsmf0la1q6c.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Қазақстанның ең әдемі 10 актрисасы
1634

08.08.2024

Қазақстанның ең әдемі 10 актрисасы

Қазақстанда танымал болған дарынды және әдемі актрисалар көп. Қазақстанның ең танымал және тартымды 10 актриса тізімімен таныстыратын боламыз.


Аружан Жазылбекова, @arujazz

1986 жылы 25 ақпанда Алматыда дүниеге келген. Көрнекі келбеті мен күшті актерлік даралығы бар. Көрермендер оны бірқатар табысты қазақстандық фильмдердегі рөлдерінен таниды.


Алмагүл Қазихан-Сағындық, @almasagindik

1997 жылы 17 сәуірде дүниеге келген және Ақтөбе қаласында өскен. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледжін оқып, бітірген. Алғаш рет «Оскар және розовая дама» спектаклінде басты рөлде ойнаған. Миллиондаған қазақстандықтардың жүрегін бағындырған актрисалардың бірі.


Динара Бақтыбаева, @dika_strai

1993 жылы 17 қарашада Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. 2015 жылы Радиотехника, Электроника және Телекоммуникация мамандығы бойынша Алматы Энергетика және Байланыс Университетін бітірген. 2013 жылы «Он и она» фильмінде басты рөлде ойнаған.


Айсұлу Азимбаева, @strangeice

1988 жылы 9 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. Лондонда өткен Jameson Empire Awards байқауында жеңіске жеткен. 2019 жылы «Возвращение из Хан-Тенгри» деректі фильміне түскен.


Құралай Анарбекова, @kuralay_corich

1989 жылы 11 маусымда Ақтөбе облысында Шалқарда дүниеге келген. 2005 жылы Құралай Ақтөбе политехникалық колледжін бітірген. 2011 жылы жас актриса «Жаужүрек мың бала» тарихи драмасында түскен болатын. 2017 жылы Анарбекова «Брат или брак» комедиясының бас продюсері болды.


Жания Джуринская, @djurinskaya

1990 жылы 6 желтоқсанда Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде оқыған. Instagram әлеуметтік желісінде өте танымал. Жания Джуринская — жас, әдемі және талантты өнер адамы.


Асель Сагатова, @asselsagatova

1985 жылы 5 мамырда Семей қаласында дүниеге келген. Асель жергілікті «Мисс фотомодель» байқауына қатысқан, тіпті Гонконг пен Таиландта жұмыс жасаған. Әл-Фараби атындағы университеттің беделді халықаралық қатынастар факультетінде оқыған. Жоғары оқу орнын қызыл дипломмен бітірген.


Алия Телебарисова, @aliya_anuarbek

1993 жылы 30 сәуірде Таразда дүниеге келген. Алия актерлік шеберлікті Нью-Йорк киноакадемиясында оқыған. Актриса «Ағайынды» сериалында бірінші рөлге ие болды. Келесі фильм «Жау жүрек мың бала» тарихи драмасында түскен.


Айым Сейтметова, @aiymsm

1997 жылы 8 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Музыкалық театр әртісі» мамандығы бойынша оқыған. Танымал Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанованың қызы.


Қарлығаш Мұхамеджанова

1983 жылы 22 шілдеде Қарағандыда дүниеге келген. Белгілі қазақстандық әнші мен композитордың қызы. Халықаралық қатынастар факультетінде «Халықаралық заңгер» мамандығы бойынша оқыған. 2022 жылы Қарлығаш Мұхамеджанова отандық кинематографтың дамуына үлес қосқан кино қайраткерлерінің тізіміне енген.

Бұл актрисалар Қазақстанды кино мен театрда таныстырып қана қоймай, өзінің жетістіктері мен сұлулығымен көпшілікті шабыттандыратын өнер адамдары болып табылады.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу