Айгүл Шарафутдинова, 22 жаста, туған жері — Омбы, лэшмэйкер, @aigulyakim2
Біз жолдасым екеуіміз қазақтың салты бойынша көп қонақ шақырып, той жасағымыз келген жоқ. Бұл біз үшін артықшығын деп ұйғардық. Жинаған ақшамызға басқа қалаға көшуге жоспарладық.
Ата-анамыз да бұл ойымызды қолдады, өйткені олар болашаққа деген жоспарымызды білді.
Бізде ең қарапайым, бірақ заманауи тұрғыдағы той болды. Неке қию рәсімі «Неке сарайында»өтті. Кішігірім банкетті жалданған үйде ұйымдастырып, оған тек жақын деген 10 адамды шақырдық.
Тойда қазақтың кейбір салт-дәстүрлерін жасамадық, сонын нәтижесінде шығындар да аз болды.
Мұндай шешім қабылдағанымыз үшін өкінбейміз. Той — бұл көрсеткіш емес. Бастысы отбасымыз берік.
Динара Кабулова, 28 жаста, туған жері — Омбы, бала күтіміндегі демалыста
Тойымыздың заманауи түрде өткенін қаладық. Дәстүрлер көп жағдайда тек үлкендер үшін керек. Ал біздің қонақтарымыздың көбісі жастар болды.
Тойды ұйымдастыру кезінде ата-анамызбен ақылдастық, олар бұл ойымызды қолдады.
Сондай-ақ біз кейбір дәстүрлерден бас тарттық. Мысалы, бізде қалын мал болған жоқ. Той күніміз неке қию рәсімінен басталып, салтанатты шарадан кейін фотосессия өткіздік.
Тойдың өзі кішігірім мейрамханада, 30 адамның арасында өтті. Біз беташар рәсімін жасаған жоқпыз, бірақ Ақ жолдан өттік.
Мереке соңында фатаны шешіп, күйеу жігіттің анасы басыма орамал тақты.
Той шығыны көп болған жоқ. Өзіміздің шешіміміз туралы мүлдем өкінбейміз.
Анара Жуматаева, 26 жаста, туған жері — Омбы, сатушы-кеңесші
Біз бірден тойымызды заманға сай өткізетінімізді білдік, бірақ барлық қазақтың дәстүрлерінен бас тарта алмадық.
Мысалы, қазақтың дәстүрі бойынша бізде құдалық болды. Ата-аналарымыз бағалы сыйлықтармен алмасты.
Бірақ тойды өзіміз қалағандай өткіздік. Отбасымызда үлкендер аз қалғаннан кейін, ата-аналарымыз жастардың ойын қолдады.
Кейбір дәстүрлерді жасамағанның нәтижесінде ақша үнемдедік, ол ақшаны мерекелік дастарханға жұмсадық.