Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/838/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/838063f3d589f7c6a6077dec1387d609.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Қазақтар қандай салт-дәстүрлерді қолдайтындары және қайсысынан бас тартқысы келетіндері жайлы
3587

12.01.2020

Қазақтар қандай салт-дәстүрлерді қолдайтындары және қайсысынан бас тартқысы келетіндері жайлы

Қолдайтын салт-дәстүрлер



Қонақасы


Қонаққа ас беруге байланысты әдет-ғұрып. Қазақ халқы ежелден қонақжайлығымен танымал. Қазақтар ең дәмдіні әрқашан қонақтар үшін сақтайды. Бұл жақсы дәстүр, жастайынан балаларды жақсы қасиеттерге, қонақтарға деген қарым-қатынасқа тәрбиелейді. Осы үшін шетелдіктер мен саяхатшылар елімізді жақсы көреді.


Тұсау кесер


Әрбір ата-ана үшін өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі — сәбиінің алғашқы қадамы. Біздің ата-бабаларымызда баланың алғашқы қадамдары символдық сипатқа ие болды. Бұл өмір жолының басы болып саналады, сондықтан дәстүр бойынша аяқтарын жүн жіппен байлап, кесетін.


Кұда түсу


Күйеу жігіт қалыңдықтың ата-анасына гүл шоғымен келіп, қызының қолын сұрайды.Сыйлықтар береді. Барлығы жылы және ерекше көңіл күйде өтеді.


Жетi ата


Ата-бабаларын жетінші атаға дейін білу —ежелгі дәстүр болып саналады. Қазір бұл дәстүрді одан әрі ілгерілетуде, себебі қазақтар үшін ұлттық құндылықтарды, мәдениет пен тілді сақтау маңызды. Ал өткенді білмей, жастарды тәрбиелей алмаймыз.


Балаларды үлкендермен бір дастархан басына отырғызбау


Әдетте балаларды қонақтар келгенде басқа бөлмеге жібереді, онда олар үшін бөлек дастархан жайылады. Бұл ыңғайлырақ, ата-аналары алаңдамайды, ал балалар мерекеде уақытты көңілді өткізеді.


Бойтұмар


Көзден сақтану үшін қазақтар түрлі қазақша ою-өрнегі бар зергерлік бұйымдарды пайдаланады. Бұйымдар қаншалықты көп жарқырап, сыңғырласа соншалықты жаман көзқарастардан жақсы қорғайды деп есептеген. Қазір бұл әдемі атрибут және мағынасы бар жақсы сыйлық ретінде қолданылады.


Көрімдік


Көрімдік — жас келін немесе жаңа туған нәрестені алғаш рет көргенде берілетін сыйлық. Беташар салт-дәстүріндегі көрімдік қалыңдықтың бетін көру үшін беріледі. Ән қалыңдықты әр қонаққа сәлем беруге шақырады, ал оған жауап ретінде олар күйеу жігітке сыйлық немесе ақша берулері тиіс.


Сүйінші


«Сүйінші» қуанышты хабарды айтқысы келген кезде айтылады. Жақсы хабар әкелетін адамға сыйлық беру керек. Бұл символдық тұрғыда қызықты, әсіресе балалар үшін, сондай-ақ отбасын жақсы жаңалық пен оқиғалар айналасында біріктіреді.


Шашу


Мереке кезінде кәмпит немесе ақша лақтыру дәстүрі. Әжелер мен аталар іс-шарада шашылған тәттілер мен тиындарды міндетті түрде алу керек, олар сәттілік әкеледі деп айтады.


Бата


Қазақ мерекелерінде әдетте ең құрметті қонаққа бата беру құқығын береді. Мұндай дәстүрге басқа елдер тамсанып, таңқалады. Бұл сондай-ақ үлкендерді тыңдауға үйретеді.


Қолдамайтын салт-дәстүрлер



Баланы қырқынан шығару


Көптеген халықтар баланың бетін 40 күнге дейін көрсетпейді. Бірақ қазақтарда бұл дәстүр «қырқынан шыгару» деп аталды. Бұл дәстүрді көптеген отбасылар сақтап, оған үлкен қаражат жұмсайды. Бірақ бала үшін ешқандай маңызы жоқ.


Ат қою


Бала тууға қатысты көптеген отбасыларда қатаң сақталатын дәстүр. Біздің заманымызда алғашқы сәбидің атын қою құқығы атасы мен әжесіне тиесілі. Бұрын баланың есімін қою туысының үлкеніне немесе ақсақалдарға бұйырған. Бұл дәстүрді жастар қолдамайды, себебі балаларына атты өздері таңдағысы келеді.


Руын білу


Әр қазақ өзінің қай руға жататынын білу керек. Қазақ халқы ежелден туысаралық некелердің зиянын білген, сондықтан да ата-бабаларымыз жетінші атаға дейін қан кетуін болдырмау үшін бұл әрбір қазақтың міндеті болды. Сондай-ақ, сіз қай тектен, жүзден шыққаныңызды білуіңіз керек. Көбісі егер сіздер бір рудан болсаңыздар, ағайындысыздар деп ойлайды. Қазіргі заманда бұл маңызды емес.


Әке мұрасы


Көптеген қазақ отбасылары кенже бала қара шаңырақта қалып, мал- мүлікке мұрагер болып қалады деген дәстүрді сақтайды Ол ата-анасына қамқорлық жасауы керек. Бірақ жас отбасылар жеке тұруды қалайды. Сондықтан бұл дәстүр қазір маңызды емес.


Материалды жасауда көмек көрсеткендері үшін Сәуле Кубашеваға, Роза Галламоваға, Камшат Құрманғазиеваға, Укижан Манекинаға, Талант Жуанышевқа, Аружан Адиловаға алғыс білдіреміз

Меню

Істер

Қала 24

Шолу