Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Қазақтың ұлттық аспаптарында ойнауды үйренуге арналған 6 үйірме
23799

24.03.2017

Қазақтың ұлттық аспаптарында ойнауды үйренуге арналған 6 үйірме


«ММ» өнер-білім орталығы

Домбырада ойнауды үйренгіңіз келсе, мұндағы білікті мамандар сізге кәсіби бағдар береді. Үйірмеге қатысушылар 6 жастан бастап қабылданады.


Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол —қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Домбыраның тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарын бұрау арқылы келтіріледі.


Ұзақтығы: 90 минут, аптасына 2 рет

Сабақ түрі: жеке, топ (4 адамға дейін)

Сабақ кестесі: СС, БС — келісім бойынша

Бағасы: айына жеке — 35 000 тг, топ — 20 000 тг

Мекен-жайы: Темірқазық к., 63

Байланыс телефоны: 303 353, 8 701 088 66 99

Дереккөз: arda.com.kz




Art school


Қылқобыз, шаңқобыз, домбырада ойнауды үйрену үшін 6 жастан бастап қабылдайды. Үйірмені кәсіби мамандар жүргізеді.


Қылқобыз — екі ішекті, ыспaлы музыкалық аспап, қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көнесі. IX - X ғасырларда өмір сүрген Қoрқыт ата дәуірінен бері қылқобыздың сарыны үзілмей келеді. Жалпы, ұлттық аспaптардың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиеттісі болып саналады. Сонымен қaтaр, қанша ғасыр өтсе де, қoбыздың бұрынғы түрі мен қазіргі түріндегі үні бір сарынды.


Шаңқобыз — темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап. Бұл аспапты ерінге қойып, тіске тіреп ойнайды. Аспап дыбысы тілшені саусақпен шалып тартқан кезде серіппенің тербелісі арқылы шығады. Аспап тартушы тілінің қимылы арқылы түрлі дыбыстар шығара алады.


Ұзақтығы: 45 минут, аптасына 2 рет

Сабақ түрі: жеке

Сабақ кестесі: келісім бойынша

Бағасы: айына 20 000 тг

Мекен-жайы: Достық к., 5, «Солтүстік шұғыла» ТК

Байланыс телефоны: 8 707 709 02 29, 8 747 730 29 12



«Индира Расылханның өнер мектебі»


Домбырада ойнауды үйрену үшін 5 — 21 жас аралығындағы балалар мен жастарды шақырады.


Ұзақтығы: 60 минут, аптасына 2 рет

Сабақ түрі: жеке

Сабақ кестесі: келісім бойынша

Бағасы: айына 20 000 тг

Мекен-жайы: Кенесары к., 46, 3-пәтер

Байланыс телефоны: 8 778 662 84 97, 8 778 249 05 42




Дереккөз: mfa.kz


«Қарақат» мектеп-студиясы


Қылқобыз, домбыра, жетігенде ойнауды үйренгіңіз келсе, мұнда әр үйірме түрінен 10-нан аса кәсіби маман сабақ береді. Үйірмеге балалар 7 жастан бастап қабылданады.


Жетіген — жеті ішекті дыбысты көне шертпелі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған. Алайда қазіргі заманда шыққан жаңа түрінде ішектер саны 25-тен асады.


Ұзақтығы: 40 минут, аптасына 2 рет

Сабақ түрі: жеке

Сабақ кестесі: келісім бойынша

Бағасы: айына 20 000 тг

Мекен-жайы: Майлин к., 16/8

Байланыс телефоны: 436 607, 8 778 611 30 48




ЖАН-L шығармашылық студиясы


Домбырада ойнауды үйренуге 6 жастан бастап қабылданады. Домбыра сабақтарын кәсіби ұстаз, білікті маман Торғын Оспанқызы жүргізеді.


Ұзақтығы: 45 минут, аптасына 2 рет

Сабақ түрі: жеке

Сабақ кестесі: келісім бойынша

Бағасы: айына 15 000 тг

Мекен-жайы: Құдайбердіұлы к., 19/1, «Мұнар» ТК

Байланыс телефоны: 8 778 187 77 72




«Оқушылар сарайы»


Қылқобыз бен домбырадан сабақ беретін 3 кәсіби маман бар. Үйірмеге 7 жастан бастап мектеп жасындағы балалардың барлығы қатыса алады.


Ұзақтығы: 60 минут, аптасына 2 рет

Сабақ түрі: топ (10 адамға дейін)

Сабақ кестесі: баланың жасына қарай

Бағасы: айына 6000 тг


Жетігенде ойнауды үйрететін кәсіби ұстаз — Мадина Бақытбекқызы. Үйірмеге 7 жастан бастап мектеп жасындағы балалардың барлығы қатыса алады.


Ұзақтығы: 45 минут, аптасына 2 рет

Сабақ түрі: топ

Сабақ кестесі: СН 18:00 — 18:45, ЖС 11:00 — 11:45

Бағасы: айына 6000 тг

Мекен-жайы: Момышұлы к., 5

Байланыс телефоны: 701 271


Дереккөз: jas.kz
Меню

Істер

Қала 24

Шолу