Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/0ff/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/0ffc34c6e8fe3b42919e51a123984459.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

«Бұл өмірімдегі ең дұрыс шешім болды», — Санди Сұлтан елордаға көшуі және жұмысы жайлы
2638

18.12.2019

«Бұл өмірімдегі ең дұрыс шешім болды», — Санди Сұлтан елордаға көшуі және жұмысы жайлы

Санди Султан, 44 жаста, туған жері — Алматы, тележүргізуші «Телелаборатория SSLAB-TV» негізін қалаушы, @sandi_sultan

DSC_8984.jpg


Алматы — Астана


Мен Астанаға 2007 жылы көшіп келдім. Қыркүйек айында алғаш рет отбасыммен елордаға келіп, осы жерде тұруға қалдым. Мені сол кезде республикалық деңгейге шығып жатқан «Жетінші арнаға» жұмысқа шақырды.

Бірден елордада мені барлығы білсін және жақсы көрсін деген тілек тіледім.

DSC_8974.jpg

Мен үшін бұл маңызды болды, өйткені Алматыда мені КТК арнасының тележүргізушісі ретінде танитын. Ал Астана мен үшін таныс емес қала, жаңа мүмкіндіктерге жол болды.


Алғашқы әсерлер мен қиындықтар жайлы


Біз көшіп келгенде елорда енді салынып жатты. Бұл жерде Министрлер үйі, «Москва» СҮ ғимараттары әлі болған жоқ. Мұнын барлығы біздің көз алдымызда салынды.

Алғашқы уақытта жергілікті ауа-райына үйрену қиын болды. Бұл қалада алғаш рет жел мет суықтың кесірінен менің көзім тоңып қалды. Бірақ 12 жыл ішінде үйреніп кеттім. Ауа-райы жұмсақ, ал қала әдемірек бола бастады.


Астанадағы өмір жайлы


Мен көп уақыт Алматыда тұрдым. Ол қаланы жақсы көрдім. Басқа қаланы жақсы көріп қаламын деп ойламаппын. Бірақ қазір Астанаға соншалықты бауыр басып қалғаным, онсыз өмірімді елестете алмаймын. Кеткен сайын елорданы сағынып тұрамын. Бұл қалада менің отбасым, достарым, жұмысым бар. Бізді сүйікті адамдарымыз тұратын жерге тартып тұрады.

Маған бұл жерде ыңғайлы. Елордада менің қызым дүниеге келді, ол үлкен ұлымнан 20 жас кіші.

DSC_8992.jpg

Мен Астананың өзгергенін, оның әдеміленіп жатқанын көремін. Бұл қалада көптеген қызық ғимараттар, жерлер, адамдар пайда болды.

Елорданың замануи тұрғыны — ақ жейде, галстук пен костюм-шалбар киген адам. Адамның бос уақыты оның жұмыс кестесіне байланысты. Дүйсенбіден бейсенбіге дейін мейрамханаларға бармайды. Бірақ Астанада шығармашылық адамдардың барын да көріп жүрмін.


Жұмыс жайлы


Білімім бойынша заңгер және журналистпін. 20 жылдай эфирдемін. Менің анам мұнымен мақатанады.

Әрдайым бірнеше жерде жұмыс жасаймын, және әр жұмыстан ләззат аламын.

Көшіп келгеннен кейін бірден «Жетінші арнада» жұмыс істей бастадым. Сондай-ақ кей уақыттан кейін мені Әділет Министрлігі баспасөз хатшысы орнына келуге ұсыныс білдірді. Мен сол жерде жұмыс істеп, редакцияға барып жүретінмін. Әртүрлі шығармашылық адамдармен араласып жүрдім.

«Жетінші арна» ақпараттық бағдаламалар департаментін жабу туралы шешім қабылдағаннан кейін, маған тележүргізушілер мектебін ашу туралы ұсыныс түсті. Бұл амбицияға толы жоба еді. Бірақ мені әріптестерім мен басшыларым қолдады. Осылайша менің алғашқы телелабораториям пайда болды. Адамдарды аудитория алдында әдемі сөйлеуге үйретіп жүргенімізге бес жыл болды.

DSC_8972.jpg

Сондай-ақ «Астана» арнасында жүргізуші болуға ұсыныс жасаған. Мені өзіне Танысбай Ляззат Муратқызы шақырды. Ол менің жас кезімнен бергі фанатым. Жұмыс кестемді қарап шығып, эфирге қайта оралуыма септігін тигізген жан. Сондықтан қазір сабақтарды тек демалыс күндері өткіземін, ал жұмыс күндері телеарнадамын. Тікелей эфирде барлық жұмыс тобының жұмысын Қазақстанға ұсынамын.

Маған әрдайым түрлі жағдаяттарда болғаным ұнайды. Тіпті аяғым ауыр болған кезде де, эфир жүргізетінмін. Сол себепті жүктілік жеңіл өтті.

Жұмысым үлкен ләззат береді. Жұмысымдағы жетістік әрі қарай дамуға үлкен күш береді. Маған оқуға тек Қазақстаннан ғана емес, басқа елдерден де келеді, яғни мен барлығын дұрыс істеп келе жатырмын.


Қала қалай әсер етті


Елорда көп нәрсе берді. Мен тұлға ретінде дамыдым. Армандарыма қол жеткіздім. Есейдім, мықытырақ болдым.

Менің айналамдағы кез-келген нәрседен ләззат алуды білемін. Ауа-райынан, адамдардан күш аламын. Барлығы сіздің айналаңызға деген көзқарастан басталады. Біз армандаған нәрселердің барлығына қол жеткізерімізді білемін.

Адамдар маған сенеді. Мен басқа адам болып өтірік жүре алмаймын.

Бүгінде Астанада мені барлығы біледі және іс-жүзі көрсеткендей жақсы көреді.

Мен бұл қалаға көшкенім үшін бірде-бір рет өкінгенім жоқ. Бұл жерде өмірімнің мәнін таптым. Астанаға көшу — өмірімдегі ең дұрыс шешім болды.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу