Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Біз әлі күнге дейін ұстанатын қазақ әжелерінің 12 ақылы
11226

27.03.2017

Біз әлі күнге дейін ұстанатын қазақ әжелерінің 12 ақылы

1.jpg
Дереккөз: fotolia.com


Бас киімді жерге тастауға болмайды. Жақсы нәрселер адамның маңдайына жазылатындықтан, бас киімге абай болған жөн.


2.jpg


Егер көршілер тамақ әкелсе, оларға ыдысты бос қайтаруға болмайды. Бұл — көргенсіздіктің белгісі.


3.jpg

Дереккөз: tarmpi-innovation.kz


Бос бесікті тербетуге болмайды. Тек баласыз қалған адам ғана бос бесікті тербетеді.


4.jpg

Дереккөз:ramblers.org


Баладан аттауға болмайды, ол өспей қалуы мүмкін, ал үлкендерден аттау оларға деген құрметтің жоқтығын көрсетеді.


5.jpg

Дереккөз: ilovegold.biz


Бас киімді өзге адамға беруге болмайды. Ол бұрын оны киген адамның тағдырын қайталауы мүмкін.


6.jpg


Қыз балаға ақ және қара түсті орамал тағуға болмайды. Ақ — әйелдің ана болғаннан кейін тағатын ақ жаулығы, ал қара — қайғының белгісі.


7.jpg

Дереккөз: stroy-dom.info


Үйді айналып жүгіруге болмайды. Себебі, бұрын үйге жау жақындап қалғанда үй иелері осылай істеген.


8.jpg

Дереккөз: magicwish.ru


Есіктің босағасын керуге, табалдырықты басып тұруға болмайды. Бұл бақытсыздық билейтін жер саналады.


9.jpg

Дереккөз: huffingtonpost.co


Таңдайды қаға беруге болмайды. Үйде таңдай қағу жамандық шақырады.


10.jpg

Дереккөз: pold.superstyle.ru


Қолды артқа қусырып жүруге болмайды. Бұл — тұтқынды еске салатын жаман ырым.


11.jpg


Жақты таянуға болмайды. Қайғы-қасіреттен әбден қажыған адам ғана жағын демеу етіп, таянады.


12.jpg

Дереккөз: sru.fotolia.com


Тізені құшақтауға болмайды. Бұл адамның өмірде ұрпақсыз немесе жалғыз қалуына әкелуі мүмкін.


Басты беттегі фотосурет: Sasha Gusov

Меню

Істер

Қала 24

Шолу