Майра Жантасова, 24 жаста, туған қаласы — Түмен, маркетолог
Көшіп келуі жайында
Мен Астанаға бірінші қаңтар күні көшіп келдім – жұмыс жайында ұсыныс алған кезде, Мәскеуде болдым. Мәскеуді Астанаға ауыстырдым және әзірге маған барлығы ұнап жатыр.
Ызғарлы климатқа үйрену қиын болды. Сонымен қатар маған көшелерде адамдар жетіспеді. Сөйтсем, қыста барлығы сауда орталықтарында қыдырады екен.
Астанада қызмет көрсету саласында, әсіресе Мәскеумен салыстырғанда біраз мәселелер бар. Мүмкін, қаланың әлі де жас болып табылатын себебінен болар.
Мен үшін ең таң қаларлық нәрсе – бұл менталитет, осындағы адамдар басқаша болып келеді. Айналамда жылы атмосфераны сезіп, салыстыру қызық болды. Мен болып көрген басқа қалалармен салыстырғанда, Астанада ең жүзі жарқын адамдар тұрады. Осында саған жақын адамыңдай қарайды, әрқашан амандасады. Мәскеуде көршілер өзара араласпайды, ал осында барлығы бір-бірін білетін сияқты.
Астанадағы жұмысы жайында
Мен Software деп аталатын IT-компанияда маркетолог қызметін атқарамын.
Компания мобильді қосымшаларды жасап шығарумен айналысады. Бұл қызықты жоба, сол себепті маған осында жұмыс істеу ұсынысы түскен кезде, мен бірден Қазақстанға ұшып келдім. Жұмыс істеп жатқаныма үш ай болды және мен қызметіме ризамын.
Астана – даму және эксперименттерді өткізу үшін қызықты алаң
Қазақстанда адамдар саны тым көп емес. Мәскеудің өзінде бүкіл Қазақстандағы халық саны тұрады. Маркетолог үшін ақпаратты жылдам алу маңызды, осында бұл оңайға соғады және бұл үлкен артықшылық. Астана – даму және эксперименттерді өткізу үшін қызықты алаң.
Табысы мен шығындары жайында
Мен Мәскеуде көбірек табыс таба алар едім. Бірақ бұның өзінде Мәскеуде шығындар әлдеқайда жоғары. Астанада азық-түліктер, ойын-сауықтар, қызмет көрсетулер арзанырақ болады. Косметолог қызметінің өзі екі есе арзанырақ тұрады, бірақ сапа жағынан кем түспейді.
Астанада жайлы өмір сүру үшін тұрғын үйді жалдауға кететін тұрмыстық шығындарды есептемегенде, 150 000 — 200 000 теңге қажет. Мен көбірек ақша табамын, сол себепті маған жетеді.
Тұрмыстық шығындарды есептегенде, жайлы өмір үшін шамамен 250 000 — 300 000 теңге қажет. Бұл сомаға азық-түлікке, тұрғын үйді жалдауға кететін шығындар , есепшоттардың төлемі, ойын-сауықтар, демалыс және сыйлықтар кіреді.
Жоспарлар жайында
Осында тұрып жатқаныма үш ай болды және әзірге барлығы жақсы. Астана – келешек үшін жақсы алаң, бұл қалада менің салам бойынша мықты бәсекелестер жоқ және біздің жобамыз жақсы нәтижелерді көрсетеді деп ойлаймын.
Анель Ионова, 29 жаста, туған қаласы — Балқаш, ағылшын тілінің репетиторы
Біз 2016 жылы шілде айының басында Астанаға көшіп келдік. Бұл шешімнің ешқандай салмақты себебі болған жоқ, мен жай ғана Астанаға көшу жайында армандадым. Күйеуім елордада жаңа қызметке тағайындалғасын, біз көшіп келдік.
Балқашта тұрған кезде, бұл қала мен үшін жеткіліксіз екенін сезетінмін. Сол жерде балабақшалар, үйірмелер аз болатын. Мен балаларымның жақсы мектептерде оқығанын, сапалы білім алғандарын, болашақтары жарқын және жақсы өмір сүргендерін қаладым.
Астанаға көшіп келген кезде, бұл қалаға ғашық болдым. Бұл менің қалам. Мен осында керемет адамдарды кездестіремін.
Бастапқыда тұрғын үйді жалдап тұру керек екенін білдік. Сонымен қатар аяздар қиыншылық туғызды, бірақ мен бәрібір бұл қаланы жақсы көремін. Бастапқы кезде ешқандай таныстарымыз болған жоқ. Бірақ қазірде жақсы достарымыз пайда болды.
Астанадағы жұмысы жайында
Балқашта тұрған кезде, мен репетитор болып жұмыс істедім. Сол себепті жаңа қалада жұмыс таба алмаймын деп уайымдаған жоқпын.
Астанада көзге түсу оңай емес екен. Сол себепті мен хабарламаларды іле бастадым, хабарламаны ауыздан ауызға жекізу арқылы өзімнің алғашқы оқушыларымды таптым. Сонымен қатар Балқашта оқушыларым бар, мен оларға онлайн сабақтарды өткіземін – бұл ыңғайлы. Менің табысым жеке шығындарыма жетеді, сол себепті мен шағымданбаймын.
Табысы мен шығындары жайында
Орташа есептегенде, мен шамамен 150 000 теңге табыс табамын. Репетиторлықтан бөлек, аудармаларды алып отырамын.
Жақында өзім үшін жаңа хобби аштым – маған декорациялау ұнайды. Мен тақырыптық кездесулер өткізіп, кішкене ақша таптым.
Менің қаражатым балаларға арналған әртүрлі үйірмелерге, дамытатын клубтарға, секцияларға кетеді, себебі балалар – бұл ең жақсы инвестиция
Менің қаражатым балаларға арналған әртүрлі үйірмелерге, дамытатын клубтарға, секцияларға кетеді, себебі балалар – бұл ең жақсы инвестиция деп санаймын.
Менің табысым шамамен 500 000 теңге болғанын қалаймын. Біз күйеуімізбен ысырапшы емеспіз, ақшаны жинай аламыз, тұрғын үйді алуды қалаймыз және ақшаны саяхаттарға жинағымыз келеді. Бұндай жалақымен жайлылырақ болар еді.
Жоспарлар жайында
Осы жылы біз жеке тұрғын үйді алуды қалаймыз, біз оны жақсы мектептің жанында қарастырып жатырмыз.
Сонымен қатар мен нені қалайтынымды шешкім келеді. Репетиторлық жайында ойласам, апгрейд жасау қажет, мысалы, жеке мектепті ашу керек. Немесе басқа нәрсемен айналысу қажет, себебі бұл саладан мен бар мүмкіндіктерімді жүзеге асырдым. Әрі қарай оқып, мақсаттарға жетуді қалаймын.
Абай Долданов, 25 жаста, туған қаласы — Күршім, мемлекеттік сатып алу саласының маманы
Мен өміріме өзгерістерді енгізуді қалағандықтан, Астанаға көшіп келдім. Өзімді сынап, жеке қаражатыма өмір сүру мүмкіндігімді, тәжірибемді тексеруді қаладым. Осылайша өткен жылдың қараша айында осында келдім.
Астана әдемі, жайдарлы қала. Өскеменге қарағанда, осында адамдар мейірімдірек, әдептірек және мәдениеттірек болып келеді. Қала әрдайым қозғалыс үстінде, осында тазалық, тәртіп орын алады, экологиясы және ауасы таза.
Қоғамдық көлікпен жүруге үйрену қиын болды. Бұрын менде жеке көлік болатын, ал қазірде маған автобусты куту, жол ақысын төлеу, картаға ақша салып тұру керек. Негізінен уақытымның басым бөлігі жұмысқа кетеді, ал бос уақытым осы іс-әрекеттерге кетеді.
Жаңа нәрселерге ашық болу керек, себебі Астанада әртүрлі адамдармен араласуға тура келеді
Жаңа нәрселерге ашық болу керек, себебі Астанада әртүрлі адамдармен араласуға тура келеді. Сонымен қатар ауа райына және желге үйрену керек.
Астанадағы жұмысы жайында
Мен жұмысты Headhunter арқылы таптым – бір-екі аптаның ішінде түйіндемемді салып жібердім және мені үш әртүрлі жерге сұхбатқа шақырды. Мен бір орынды таңдадым және әлі күнге дейін осында жұмыс істеп жатырмын.
Мен білімім бойынша бухгалтер-экономистпін, мемлекеттік сатып алу саласында тәжірибем болды. Сол себепті қазірде осы салада жұмыс істеп жатырмын.
Табысы мен шығындары жайында
Мен достарыммен пәтер жалдап тұрып жатырмын. Тұрғын үйге қатысты қиындықтар болған жоқ, себебі достарым осында бұрыннан тұрып жатыр.
Мен шамамен 180 000 теңге табамын – жайлы өмір сүріп жатырмын деп айта алмаймын. Тұрғын үйге 50 000 теңге кетеді, 42 000 теңгені несие үшін төлеймін. Бұдан бөлек 20 000 — 25 000 теңге азық-түлікке, 5000 — 6000 теңге жолға және күнделікті шығындарға кетеді. Оған қоса айына бір немесе екі рет достарыммен бір жерге шығып отырамыз.
Менің есебім бойынша, Астанада жақсы тұру үшін және айдың соңына дейін уайымдамау үшін, 250 000 — 300 000 теңге табу керек. Бұл сомаға тұрғын үйді жалдауға, азық-түлікке, несиеге, көлікке және таксиге кететін шығындар кіреді. Жайлылықта тұрып, дәмді тамақтану, сапалы киімдер алу үшін, шамамен 500 000 теңге табу керек.
Өздігінен өмір сүре бастасаң, үнемдеп, шығындарыңды қадағалауға тура келеді және соған дайын болу керек.
Жоспарлар жайында
Мен мемлекеттік сатып алу саласында жұмыс істеймін, біздің қызметімізге сұраныс бар. Мен сатылымдардан пайыздар аламын, келешекте көбірек табыс табуды, мансап бойынша көтерілуді немесе басқа салаға кетуді қалаймын.