Астана студенттері жақсы университет таңдаудың неліктен маңызды екенін және сапалы нетворкингті қайдан табуға болатыны туралы.
Астана
Дастан Сембеков, 20 жаста, Астана қаласы, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-дың «құқықтану» мамандығы бойынша 3-курс студенті, @sembekdastan
Мен студенттердің өзін-өзі басқару жөніндегі президентімін, бұл маған дамуға және өсуге тамаша мүмкіндіктер береді. Бұған қоса түрлі ауқымдағы, бағыттағы жобаларды зерттеп, жүзеге асырып келемін.
Менің КАЗГЮУ-ды таңдауыма себеп болған нәрселер:
— бұл амбицияларыңды жүзеге асыруға арналған таптырмас алаң
— университетте әлемнің жетекші университеттерінің заманауи трендтері қамтылған
— мұнда сапалы білім береді.
Бірінші курста қайырымдылық ұйымын аштым. 200 талапкерге оқу материалын таратып, ҰБТ тапсыруға көмектестік. Жаңа жылға орайластырып, балаларға мереке ұйымдастырдық, кітаптар сыйладық, сондай-ақ интеллектуалды ойындар ойнаттық.
КАЗГЮУ тәртіпке үйретеді. Ешкім еркелетіп отырмайды, сондықтан өзіңе жүктелген барлық жауапкершілікті түсініп, саналы түрде оқуың керек. Мұнда өзіңді дамытып, ойыңа алған нәрселерді жүзеге асыруға болады. Бұдан бөлек, қоғамға да пайдалы болып, баға жетпес тәжірибе аласың.
Альтаир Оралханұлы, 18 жаста, Астана қаласы, М.С. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ-де «менеджмент» мамандығы, @orlkhnv
Мен университетте оқып жүріп, Маркетинг және сату департаментінің менеджері болып жұмыс жасаймын.
Оқуға түсерде екі университетті қарастырдым. КАЗГЮУ-де оқу жағдайы әлдеқайда жақсы болды. Бұл жақта бәрі ұнайды: сабақ кестесін жасап, мұғалімді және сабақ уақытын таңдай аласың.
Екінші курста академиялық мобильділік бойынша шетелге шығуға мүмкіндік бар. Баруға болатын елдер өте көп. КАЗГЮУ — білім беретін барлық бағыттар бойынша үздік университет.
Маған университеттегі жарқын студенттік өмір ұнайды. «Менеджментте» оқысам да, басқа мамандықтағы балалармен де жақсы араласамын. Кей сабақтарда әр топтың студенттерімен бірге отырамыз.
Аллара Жасуланова, 20 лет, Астана қаласы, Astana It University-дің Digital Journalism мамандығы бойынша 3-курс студенті, @allaraalaeva
Екі жылдай болды, SMM саласында жұмыс істеп келемін, тіпті өзімнің шағын агенттігімді құрдым. Мен оқуды, жұмысты және демалысты үйлестіріп отырамын.
Біздің заманауи университеттің ашылғанына төрт жыл ғана болды, алайда қазірдің өзінде үлкен нәтижелер көрсетіп келеді. Қоғамның әлеуметтік осал топтарына көптеген мүмкіндіктер және оқу ақысына жеңілдіктер қарастырылған. Университет басқа қаладан келген студенттерге жатақханадан орын береді. Түрлі клубтар студенттік өмірге сән береді, ал ең кереметі — үш жылдық оқу.
Мұнда әр түрлі қызығушылықтағы адамдар жиналған: анимеге құмар айтишниктерден бастап, деректі фильмдер түсіретін журналистерге дейін. Бір-бірімізге ұқсамаймыз, дегенмен бізді IT әлемін білуге деген құштарлық біріктіреді.
Дармен Габитов, 21 жаста, Астана қаласы, Назарбаев Университетінің «саясаттану және халықаралық қатынастар» мамандығының 4-курс студенті, @darmen_gabitov
Мен Назарбаев Университетін таңдадым, өйткені үздік университетте оқығым келді.
Университетте көптеген мүмкіндіктер бар. Әркім өзіне ұнағанын тауып, тіпті өз клубын құра алады. Мен TEDxNazarbayevUniversity президентімін. Біздің қауымдастық бөлісуге тұрарлық идеяларды таратуға басымдық береді.
Мен мұнда уақытты басқаруды үйрендім. Қазір мен оқуды, қосымша жұмысты, жаттығуларды және сабақтан тыс жұмыстарымды үйлестіріп жүрмін.
Университетіміздің студенттері жаг-жақты. Бәрімізді күйзеліске деген төзімділік біріктіреді.
Арайлым Ниетбек, 19 жаста, қала — Астана, Сүлеймен Демирел университетінің «халықаралық қатынастар және дипломатия» мамандығы бойынша 3-курс студенті, @arailymniet
Мен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік клубтар қозғалысының мүшесімін. Мен бірнеше жоғары оқу орнына құжаттар тапсырдым, бірақ СДУ басымдыққа ие болды. Мұнда сапалы білім береді, университетте достық орта бар, сондай-аө өз әлеуетіңді жүзеге асыруға көптеген мүмкіндіктер бар.
СДУ болашақ түлектер үшін жақсы білім беру ортасын жасайды. Профессорлардың білімі мен тәжірибесі мол. Оқытудың 85%-ы ағылшын тілінде өтеді.
Университетте студенттік өмір қыз-қыз қайнап жатады. Әркім өз қызығушылығы бойынша клубтарға мүше болады. Шетелде оқу бағдарламалары да бар.
СДУ-ның өз атмосферасы бар. Біздің университеттің студенттері ғана түсінетін әзілдер мен әңгімелер бар.
Мұндағы адамдарды амбициялар, тұрақты даму және жаңа мүмкіндіктерге ашық болу сияқты қасиеттер біріктіреді. Маған мақсат қоя білетін және саналы адамдардың ортасында оқыған ұнайды.