Алдыңғы сенбі күні «Бәйтерек» монументі алдындағы алаңда EXPO-2017 — Expo Fashion Fest көрмесі аясында қазақстандық дизайнерлердің Фестивалі өтті. Фестиваль күні бойы жалғасып, өте қанық өтті. Қазақстандық дизайнерлердің киімдері сатылған шоу-румнан бөлек іс-шара қонақтары Айнұр Тұрысбектің «Шежiре» Fashion Film топтамасын, біздің жетекші дизайнерлердіңэстрада жұлдыздары, блогерлер мен медиа тұлғалардың қатысуымен өткізген көрсетілімдерін көрді. Танымал стилист-имиджмейкер Жанна Ахметова және Art East командасы тегін шеберлік сыныбын өткізді.
Expo Fashion Fest — қазақстандық дизайнерлердің Фестивалі қалай өтті
19.07.2017