Фильмдер мен сериалдардың түпнұсқасын көрген — шетелдік тіл біліміңді дамытудың таптырмас тәсілі деп айтып жатады. Субтитрлермен түпнұсқадағы контент табуға болатын 7 платформамен бөлісеміз.
Lelang
Тек ағылшын ғана емес орыс тілінде де субтитрлер қосуға болатын жақсы ресурс. Тілді үйренуді жаңадан бастағандар үшін жақсы нұсқа, себебі өзіңіз аудармай, екі жақты субтитрлермен түсінуге болады.
English film
Мұнда субтитрмен оригиналды дыбыстауы бар қызықты сериалды немесе фильмді оңай табуға болады. Қосымша функциясы — сөздер мен фразаларды сақтауға болатын қосымша бет бар.
2sub.tv
Түпнұсқадағы субтитрлері бар фильмдер, сериалдар, мультфильмдер. Қолданылатын тілдер: ағылшын, неміс, итальян.
Show-English
Сайтта фильмдер мен сериалдармен қатар Jimmy Kimmel немесе CrashCourse сияқты танымал шоулардың бөлімдерін табуға болады.
Speechyard
Сериалдар мен бейнелерді интерактивті субтитрлермен қамтиды, егер үстінен бассаңыз аудармасы шығады. Мұнда грамматикалық жаттығулар орындауға және сөздік қорды байытуға болады.
Friends10
Платформада таңдауға контент аз, бірақ барлық негізгі ситкомдар мен классикалық фильмдер бар, ал бейнежазбалар жақсы сапада және жарнамасыз.
Ororo
Сайтта танымал YouTube-шоуларды ағылшын тілінде көруге болады. Жылдамдығын өзгертуге, сөздерді тез аударуға және жеке сөздікке қосуға болады.