Turan Alper, 53 жаста, туған қаласы — Кёльн, Ford зауытының жұмысшысы
Көшіп кетуі жайында
30-жылдары біздің отбасымыз Шығыс Түркістанда тұрды, сол жерден жақындарымыз Түркияға, кейін Германияға қоныс аударды. Сол кезде Германия елінде жұмыс тауып алу мүмкіндіктері көп болды.
Қазірде мен Кёльнде тұрып жатырмын, менің екі балам бар. Қызым тұрмысқа шықты және Англияға көшіп кетті.
Қазақ диаспорасы жайында
Кёльнде 150 қазақ отбасылары тұрады. Бірақ Францияда, Голландияда, Норвегияда және Данияда қазақтар көбірек орналасқан. Еуропадағы отбасылардың басым бөлігі Түркия елінен қоныс аударды.
Өткен жылы біз Наурыз мейрамын тойлауға қосылдық. Германиядағы барлық қазақтар бір шаңырақтың астында жиналады және бір-бірімен араласады. Сонымен қатар біздің Құрбан айт, Ораза айт сияқты мейрамдары жайында хабарымыз бар. Осы мейрам күндері біз бір-бірімізге қонаққа барамыз.
Мен Қазақстанда екі рет болдым. Бірінші рет 3 аптадай Алматыда болдым, кейін Абайдың 150-жылдығына байланысты іс-шара бойынша Семейге бардым. Бірақ мен үшін бұл аз уақыт, біз Қазақстанға жиірек барып тұруды қалаймыз.
Салт-дәстүрлер жайында
Біз қазақ салт дәстүрлерін ұстануға тырысамыз, бірақ бұл қиынға соғады. Менің ойымша біз қазақ дәстүрлерінің 60 % жоғалттық – басым бөлігі ұмытылып, көбісі түрік мәдениетінен келді. Германияда дүниеге келген балалар неміс мәдениетін, дәстүрлерін және мінезін сіңіреді. Бірақ отбасымыздың барлық мүшелері Отанымыз – Қазақстан екенін біледі.
Шетелде қазақ тілін оқу қиын, осы жерде қарым-қатынасқа түсетін орта жоқ
Шетелде қазақ тілін оқу қиын, осы жерде қарым-қатынасқа түсетін орта жоқ. Менің үлкен қызым қазақ тілінде сөйлейді, бірақ ұлым тілді төмен деңгейде біледі. Семейде шетелден келген этникалық қазақтар үшін қазақ тілін тегін оқытатын университеттің бар екенін білеміз. Сол себепті егер ұлымыз Қазақстанға баруды қаласа, біз оны қолдаймыз.
Біз қазақ мәдениеті жайындағы бар білімімізді балаларымызға жеткізуді қалаймыз.
Ертолқын Ғайни, 44 жаста, менеджер
Көшіп кетуі жайында
Біздің отбасымыз Еуропа елдеріндегі көптеген қазақтар сияқты Германияға Түркия елінен көшіп келді.
Қазақ диаспорасы жайында
Еуропада тұратын қазақтар көбінесе Наурыз мейрамында бірге жиналады. Біз ұлттық тағамдар әзірлеп, мейрамдарымызға әрқашан келетін немістерді және басқа еуропалық ұлттарды өзіміздің мәдениетімізбен таныстырамыз.
Еуропада тұратын қазақтар көбінесе Наурыз мейрамында бірге жиналады
Биыл біз бұл мейрамды Германияның Гамбург қаласында атап өтеміз. Осы жерге Швейцария, Финляндия, Түркия, Дания және басқа елдердегі қазақтар жиналып келеді. Біз көп қонақтарды шақыруға тырысамыз, Facebook және тағы басқа желілер арқылы хабарламалар таратамыз. Бізде үлкен бағдарлама, көп іс-шаралар жоспарланған.
Мен Қазақстанда екі рет болдым, тілді меңгеруге тырыстым, туыстарыммен араластым. Мен келген кезде, әрқашан жаңа нәрселерге үйренемін, тарихтан жаңа фактілерді біліп отырамын. Сонымен қатар біз Қазақстанда болып жатқан оқиғаларды мұқият бақылаймыз, жаңалықтарды оқып отырамыз. Елде не болып жатқаны біз үшін маңызды.
Үйге арналған көп нәрселер, қазақ ою-өрнектері бар заттар Қазақстаннан әкелінеді. Германияда осындай заттарды табу қиын.
Салт-дәстүрлер жайында
Германия елінде салт-дәстүрлерді ұстану мен тілді меңгеру Қазақстанда сияқты оңай емес. Көптеген қазақтар еуропалық елдерде қалады және Қазақстанға баруды қаламайды. Осында олардың өз отбасылары, жұмыстары бар, ал Отанында туыстары да жоқ. Бірақ ешкім өзінің түп тамыры жайында ұмытпайды. Біз қазақ тілін үйреніп жүреміз, тойға, балаларға қатысты дәстүрлерді ұстанамыз.
Мен Қазақстанға жиірек баруды қалаймын. Біз демалыс уақытында демалу үшін баратынбыз. Негізінен әдемі табиғи жерлер бойынша саяхат жасайтынбыз. Енді Астанаға баруды жоспарлап жатырмыз.
Назым Сахай, тұрып жатқан қаласы — Нюрнберг, оқытушы
Көшіп кетуі жайында
Біздің отбасымыз 1990-жылдары Моңғолиядан Германиға көшіп кетті. Соңғы үш жыл көптеген нәрселер мені Қазақстанмен байланыстырады – мен Мюнхендегі, Франкфурт-на-Майнедегі елшіліктермен жұмыс жасаймын.
Қазақ диаспорасы жайында
Еуропада қазақтардан бөлек, басқа ұлттар да өздерінің дәстүрлерін сақтау бойынша күрес жүргізеді. Егер біз өзіміздің ұлтымызды, тілімізді, ділімізді сақтамасақ, басқа елдердегі этникалық қазақтардың бүкіл ұрпағы жойылады.
Мен Германиядағы қазақ диаспорасымен бірден байланысқа шыққан жоқпын. Тек 19 жылдан соң біз қазақтарды тауып, араласа бастадық.
2017 жылдан бастап мен Еуропадағы барлық қазақтарды жыл сайын жинап, Наурыз мейрамын ұйымдастырамын. Біздің мақсатымыз – іс-шара кезінде білім беру, денсаулықты сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы серіктестік қарым-қатынас мәселелерін талқылау.
Біздің мақсатымыз – іс-шара кезінде білім беру, денсаулықты сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы серіктестік қарым-қатынас мәселелерін талқылау
Салт-дәстүрлер жайында
Біздің туған тіліміз – қазақ тілі. Біз тілді білеміз және осында, Германияда оны үйреніп жүреміз. Мен қазақ халқының барлық дәстүрлерін білемін және ұнатамын, оларды ұстануға тырысамын. Біз қазақ ұлттық ойындарын да ұмытпаймыз. Біз үшін балаларымыздың туған қанмен байланысын үзбей, ұлт туралы біліп жүргендері маңызды.