Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/dc0/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/dc02a4de61aac91ce856cbeceb86a7fe.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Голландық пен қазақ қызы менталитеттегі айырмашылыққа қарамастан отбасылық кәсіпті дамытулары жайлы
2793

Machiel Valkenburg, 37 жаста, туған жері — Wouw, tourleader

Акбота Валкенбург, 30 жаста, туған жері — Өскемен, басшы, @bonny_dutchess

20.01.2020

Голландық пен қазақ қызы менталитеттегі айырмашылыққа қарамастан отбасылық кәсіпті дамытулары жайлы


Барлығы қалай басталды


Machiel. Мен жеті жастан құстарды зерттеп келемін. Бұл хоббиді әкем үйреткен. Еуропада бұл танымал. Арнайы құстарға келіп, оларды көруге болатын саябақтар, идеялас адамдарды кездестіруге болатын клубтар, құстардың сирек түрлерін қарау үшін көп қаржы жұмсап, басқа елдерге баратын адамдар да бар.

58610310_1177649725746644_255922918377742090_n.jpg

22 жасымда Қазақстанға жергілікті құстарды зерттеу үшін турист ретінде келдім. Ал бір жылдан кейін қайтып келіп, адамдарға арнайы турларды ұйымдастыратын компания аштым.

Ақбота. Біз танысқаннан кейін, Махилаға көмектесіп жүріп, кәсіпке қызығып кеттім. Біз егжей-тегжейлі барлығын қарастырдық, киіз үйлерді сатып алдық, аспаздарды тандадық. Сондай-ақ мен қаржы сұрақтарымен айналыстым.

Machiel. Кәсіп ақырындап өсті. Бізге көп адамдар келе бастады. Турларды тек Қазақстанда ғана емес, барлық Орталық Азия мен Ресей бойынша ұйымдастырамыз.

image1.jpeg

Сондай-ақ мен АҚШ-ның экотуристік компаниясының түрлі елдерге саяхаттайтын топтарды бақылаушы адам ретінде жұмыс істеймін.


Біздің қағидалар мен дәстүрлер


Акбота. Біздің отбасының басты қағидасы — теңдік. Үйміздегі міндеттерді бөлмейміз, кез-келгеніміз үй жинап, тамақ істей береміз.

image0.jpeg

Machiel. Бір-бірімізге қысым көрсетпейміз. Бостандық береміз. Кез-келген шешімді қолдаймыз, және кінә артпаймыз. Біз көп саяхаттаймыз, шекарамызды кеңейтеміз.

Жұмыс пен жеке қарым-қатынастың арасында кішкентай шекара бар

Акбота. Жұмыс пен жеке қарым-қатынастың арасында кішкентай шекара бар. сондықтан жұмысымызда қатаң тәртіп орнаттық. Субординация сақтаймыз, дауласпаймыз, керек сұрақтарды ғана шешеміз. Егер келіспеушіліктер болса, бетпе-бет емес, хабарламалар немесе пошта арқылы ғана шешеміз.

Біз бір-бірімізге қиындықты айтып келмейміз, тек оны шешу жолдарымен бөлісеміз.

Кәсіпте сыйластық маңызды, соның ішінде қызметкерлерге деген қарым-қатынас.

Біздің баламыз болашақта бұл кәсіпті жалғастырса дейміз. Талап етпейміз, бірақ бұл сала оны да қызықтыратындай етіп жасаймыз.


Біздің жұмыс күндеріміз


Акбота. Отбасылық кәсіптің ерекшелігі — біз әрдайым жұмыс туралы ойлаймыз. Басында біз үйде жұмыс істедік. Қазір одан бас тарттық. Біздің офисымыз бар, және 18:00-ден кейін жұмыс туралы айтпаймыз. Кешті отбасымызға немесе достарға арнаймыз.

62485389_148194896303674_6267782744918694374_n.jpg

Міндеттерді бөлеміз. Мен қаржылық сұрақтарға жауап беремін. Махил компанияның ұйымдастыру және дамыту жұмыстарымен айналысады.

Мен эмоционалдымын. Ал жолдасым тәртіпті жақсы көреді және сабырлы. Ол кикілжіндерден аулақ. Қиындықтарды сөйлесу арқылы шешеді. Сондықтан арамызыда тек жұмыс бойынша келіспеушіліктер болады.

Біздің менталитетіміз әртүрлі, сондықтан кәсіпті түрлі көзқараспен көреміз

Біздің менталитетіміз әртүрлі, сондықтан кәсіпті түрлі көзқараспен көреміз. Кейде мен креативті қалаймын, ал Махил кей нәрселерді өзгертпеу керек деп санайды. Барлық қызметкерлер сақтайтын тәртіптеріміз бар. Біз әр ұсақ нәрсеге назар аударамыз.

image3.jpeg

Біздің кәсіп мезгілге байланысты. Адамдар құстардың көшіп-қонатын кезінде келеді. Тұрақты жұмыс төрт айға созылады. Тамаз айы — демалыс. Адамдар жоқ кезде кәсіпті дамытумен айналысамыз. Көп саяхаттаймыз. Барлығын жоспарлаймыз. 2021 жылға дейін қай айда қай жерде болатынымызды нақты білеміз.


Біздің тәжірибие


Акбота. Біздің отбасымызда идиллия. Үйде стресс жоқ — барлығы жоспар бойынша.

image2.jpeg

Біз Қазақстанға оралдық. Жоспарымызда елдегі экотуризмді дамыту. Қазақстанға келетін туристер ағымын жоғарлатқымыз келеді. Қазақстанның имиджіне жұмыс жасаймыз. Қазақтың ұлттық тағамдарын дамытқымыз келеді.

Бізде инфрақұрылым мен қызмет көсету саласы бойынша қиындықтар бар. Осы саланы дамытуға үлес қосу үшін өз біліміміз бен тәжірибемізді пайдаланғымыз келеді.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу