Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/f6f/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/g0w9hwiquygtp2780m88aw65bvnnbtt7.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Идеядан империяға: Алматы қаласында масштабты қазақ тілінде бизнес форум өтпек
1745

09.10.2024

Идеядан империяға: Алматы қаласында масштабты қазақ тілінде бизнес форум өтпек

Қазақстандағы тұңғыш қазақша форумның екінші кезеңі — Sana Business Forum 2.0 2024 жылы 13-қазанда Алматы қаласында Intercontinental Almaty қонақ үйінде өтеді.


Sana Business Forum 2.0 — бизнес саласындағы жаңа трендтерді талқылау, кәсіпкерлер мен бизнес саласындағы мамандар арасында байланысты нығайту және жаңа бизнес мүмкіндіктерін ашудағы кәсіби платформа. Форумның басты мақсаты — қазақи іскерлік ортаны қалыптастыру.

Нәтижесінде, экономикалық негізгі драйвер ретінде экономикалық өсімді қамтамасыз етуге, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және қоғам дамуын ілгерілетуге қол жеткізуге болады. Форумның қазақ тілінде өткізілуі — ұлттық тілді қолдау мен дамыту жолындағы маңызды қадам. Бұл шара қазақ тілінде үлкен кәсіби жобаларға бастама болады.

Форумда спикерлер даму, инновация және жаңа серпіліс бағыттары бойынша кәсіби тақырыптарды қамтып, маңызды баяндамалар жасайды.


Басты баяндамалар тақырыптары:

— ұлттық кәсіпкерліктің экономикаға үлесі мен маңызы

— жасанды интеллектке негізделген бизнес трансформация: инновациялық шешімдер және бәсекелік артықшылық

— қаржылық интеллект және инвестиция: шағын және орта бизнес капиталға қалай қол жеткізеді?

— бизнестегі революция: компанияны заманауи автоматтандыру технологиялары

— хаостан табысқа: бизнесті жүйелеу арқылы көбірек сату

— сату және маркетинг: әлеуметтік желілерде компания өнімдерін тиімді жылжыту стратегиялары

— көк мұхит стратегиясы

— бәсекелестіктен құтылу жолдары

— жеке кәсіпкердің бренді

— әлеуметтік желіні бизнесті өсіруде қалай қолдану керек? Және тағы да басқа тақырыптар.


Форум спикерлері:

— Мақсат Халық — SANA FOUNDATION Қоғамдық Қорының, SANA BUSINESS ACADEMY төрағасы

— Арслан Назаралиев — SONA Lab, Med Progress, Nomad, Goldman Logistics, Acvee Finance компанияларының негізін қалаушы

— Аятжан Ахметжан — Qazbilim Group компаниясының негізін қалаушы

— Болатбек Дәлелханұлы — Golden Bridge Partners серіктесінің негізін қалаушы және директор

— Гульбану Майгарина — Lanzhou ресторандар желісінің негізін қалаушы

— Ерлан Андаспаев — Coca Cola, Food Master компанияларының ресми дистрибюторы

— Айжұлдыз Адайбекова — SEZAPP мобильді қосымшасының авторы, әнші, модель, дизайнер, музыкант

— Елдос Сметов — Париж Олимпиадасының 2024 жылғы чемпионы және олимпиаданың бірнеше дүркін жүлдегері, қазақ дзюдошысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері

— Шыңғыс Мұқан — Mazmundama және Coffee Book жобаларының негізін қалаушы

— Асхат Нұрмашев — кәсіпкер, венчурлық инвестор және IT саласының маманы. Asarume қоғамдық қорының негізін қалаушы.

forum.jpg

Тағы басқа мықты кәсіпкерлер мен сала мамандары бизнес форумда сөз сөйлеп, кәсіпкерліктің қыр-сырын ашып, даму потенциалы бойынша негізгі қадамдар мен трендтерді талдайтын болады. Sana Business Forum 2.0 — республикадағы кәсіпкерлер үшін жаңашылдықтармен бөлісетін, тың идеялар тоғысатын алаң болмақ.

2023 жылдан басталған SANA FOUNDATION Қоғамдық Қорының жұмыстары өзінің жемісін беріп келе жатыр. Аталмыш Форумда қордың бір жылдық есеп беруі ел назарына ұсынылатын болады.

Форум қатысушыларын келесі мүмкіндіктер күтеді:

— бизнестегі трендтермен танысуға

— мықты нетворкинг құруға

— қаржылық интеллект пен инвестицияның жаңашылдықтарын білуге

— жасанды интеллекті бизнесте қолдану жолдары туралы ақпарат алуға

— бизнесті жүйелеу арқылы көбірек сату жолдарын үйренуге

— өз бизнесіңізге құндылықтар бере отырып, оны нарықта сұранысқа ие тауарға айналдыруды түсінуге

— кәсіпкерлікте кездесетін мәселелерді талдауға қатысуға

— сала мамандарынан өз кәсібіңізге кеңес пен қолдау алуға

— табысты кәсіпкерлердің бизнесті сәтті жүргізу туралы құпияларын білуге

— өзге кәсіп иелерімен өзара байланыс орнатып, тәжірибеңізбен бөлісіп, бизнес шеңберін кеңейтуге.

Осы орайда тұңғыш қазақ тіліндегі халықаралық масштабтағы форумның бір бөлшегі болу үшін форумға қатысуға шақырамыз. Мықты нетворкинг мүмкіндіктерін пайдаланып, қолданбалы практиканы меңгеру үшін таптырмайтын бұл кәсіби алаңда мықтылар шыңдалатын болады.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу