Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Ifood.kz: отбасылық бизнесті қалай жүргізуге болады
3356

Мұхаммет Бахтов, 37 жаста, туған қаласы — Алматы, ifood.kz негізін салушы

Бахыт Айтжанова, 31 жаста, туған қаласы — Алматы, ifood.kz негізін салушы

Зинаш Сепбаева, 61 жаста, туған қаласы — Алматы, ifood.kz цехының меңгерушісі

18.02.2019

Ifood.kz: отбасылық бизнесті қалай жүргізуге болады

Компания атауы: ifood.kz

Қызмет түрі: жартылай дайын үй өнімдерінің өндірісі

Негізі салынған жыл: 2018


Бәрі қалай басталды


Бахыт. Бір жыл бұрын мен толықтай пайдалы тағамға ауыстым, себебі менің ағзам глютен мен лактозаны сіңіре алмайды. Мен пайдалы тағам тақырыбын зерттей бастадым және бұл іспен айналысуды қалайтынымды түсіндім. Біз күйеуімізбен дұрыс тамақтану саласына қатысты өз жобамызды жасадық.

Уақыт өте мен отбасым үшін тамақ әзірлеуге үлгермей жатқанымды түсіндім, ал дүкендердің жартылай дайын өнімдері ешкімге ұнамады. Отбасыны қандай да бір тағаммен тамақтындырғым келмеді. Сол себепті 2017 жылдың қараша айында менде жартылай дайын өнімдердің табиғи үй өндірісін жасау идеясы туды. Мен бұл іске бүкіл отбасын тартуды қаладым. Осылайша бізде ортақ жоба пайда болды және біз күйеуімізбен, енемізбен өзіміздің отбасылық ісімізді дамытып жатырмыз.

57.jpeg

Зинаш. Жобаның басты міндеті – біз нарыққа жақсы сапалы өнімді ұсынуды қалаймынымызда. Осылайша әйелдер отбасыларын тамақтандырып, уақыттарын үнемдейді. Бұл белсенді аналарға көмектеседі – олар өз балаларына, күйеулеріне, өздеріне уақыт бөле алады. Және бұл міндетті біз іске асырып жатырмыз.


Біздің қағидаларымыз бен дәстүрлеріміз


Мұхаммет. Біз міндеттер мен жауапкершілікті өз арамызда бөліп алдық. Мен өндірістің техникалық жағы үшін – жабдықтауды таңдау, орынды жайластыру, жеткізушілермен жұмыс жасау, құжаттарды рәсімдеу сияқты нәрселерге жауап беремін.

Біз міндеттер мен жауапкершілікті өз арамызда бөліп алдық

Бахыт. Мұхаммет барлық ұйымдастырушылық жақтарды өз мойнына алды, ал мен сатумен және маркетингпен айналысамын. Мен бизнесті әлеуметтік желілерде қалай дамыту керек екенін білемін және бұл бағыттағы дағдыларымды жетілдіріп жатырмын. Зинаш тікелей өндіріс процесін қадағалайды. Біз бір бүтін құрылғы сияқты жұмыс жасаймыз.

Біз күйеуімізбен балаларымыздың мамандық таңдауына ықпал етпейтінімізді шештік. Әрбір адам ұнайтын ісімен айналысуы тиіс. Біз кез-келген таңдауды қолдаймыз және олар өз әуестіктерін табады. Дегенмен қазіргі уақытта «кім болғың келеді?» деген сұраққа олар «кәсіпкер боламыз» деп жауап береді.


Біздің жұмыс күндеріміз


Бахыт. Күнді жоспарлаған кезде, біздің отбасы «алдымен барлық маңызды нәрселер» қағидасын ұстанады. Біз нені және не үшін жасайын деп жатқанымызды ұғынуымыз қажет. Бұндай қарапайым сұрақтар ұсақ істерді жылжытып, маңызды міндеттерге назар аударуға көмектеседі.

36.jpeg

Мұхаммет. Бизнеске кіретін адамдар «жұмыс күні» тәуліктің 24 сағатына созылатынын түсінеді. Барлық қуатты күні-түні істің дамуына бағыттау қажет.

Бахыт. Оның өзінде біз барлығын қиыстыруға, отбасыға уақыт бөлуге тырысамыз. Балалар жекеменшік мектепке барады және мектептен тек кешкі уақытта оралады. Үй жұмысын олар продленка кезінде орындайды және бұл кештерді бірге өткізуге мүмкіндік береді. Кіші қызымыз қазір екі жаста, бірақ біз істі бастаған кезде ол менің жанымда жүретін. Егер отбасының дамып жетілу ниеті болса, сол үшін уақыт пен мүмкіндіктерді табу қиынға соқпайды деп ойлаймын. Бастысы – бір-бірін қолдап жүру.

Егер отбасының дамып жетілу ниеті болса, сол үшін уақыт пен мүмкіндіктерді табу қиынға соқпайды деп ойлаймын

Қазірде тапсырыстарды қабылдау менің мойнымда және клиенттер бізге қашан жазатынын – таңғы немесе тым кешкі уақытта жазатынын алдын-ала білуге болмайды. Мен тапсырыстарды кез-келген уақытта қабылдай аламын. Біздің жұмыс кестеміз еркін деп айтуға болады, бірақ біз күні бойы процесте жүреміз.

Зинаш. Мен жұмысқа 100 %-ға берілуге тырысамын. Цехқа таңертең ерте келемін, кешке кетемін. Мен перфекционистпін, барлық нәрселерге тиянақты қараймын. Барлық істерді бітірмей, кетпеуге тырысамын.

WhatsApp Image 2019-02-15 at 11.06.13.jpeg

47.jpeg


Біздің тәжірибеміз


Бахыт. Отбасылық бизнесте жағымды жақтар көп деп ойлаймын – сенім, өзара түсіністік, жауапкершілік болады. Сен әрқашан серіктестеріңе сенім білдіре аласың, олар жұмысты сапалы орындайтынын білесің.

Даулы мәселелерге тап болмау үшін, біз өз міндеттерімізді орындауға тырысамыз және одарды басқа біреуге тапсырмаймыз. Әрине кез-келген істе қайшылықтар мен түсініспеушілік туындауы мүмкін. Біз дауласа аламыз, бірақ әрқашан бір шешімге келеміз. Қандай жағдай болмасын, біз жұмысты отбасылық қарыс-қатынастардан бөліп жүруге тырысамыз.

Зинаш. Таңғы, түскі және кешкі ас кезінде біз ортақ істеріміз жайында сөйлесеміз. Бұл отбасыны команда ретінде қалыптастырады, қарым-қатынастарды нығайтады.

Бахыт. Барлығы құндылықтар мен басымдықтарға байланысты. Бизнесті ашпас бұрын, біз үшін отбасы бірінші орында, ал бизнес одан кейін тұратыны жайында келісіп алдық.

Сенің отбасың – командаңнын мүшелері болған кезде, бизнесте тек артықшылықтар орын алады

Отбасылық бизнес мықты команданы құруға септігін тигізеді. Егер біреудің көңілі түссе, әрқашан қолдау көрсететін адам табылады. Бастапқыда адам әрқашан ынтаға толы болады және бұл шаршаған күйге түсіп кетпеуге көмектеседі. Бірақ ерте ме, кеш пе қуат бітеді. Біздің жағдайда біз отбасымызбен міндеттерімізді үлестіріп, бір-бірімізге көмектесіп отырамыз. Сенің отбасың командаңнын мүшелері болған кезде, бизнесте тек артықшылықтар орын алады.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу