БІЗ соңғы жылдары адам ең көп жүретін астаналық даңғылдарда қандай өзгерістер орын алғанын еске түсірдік.
— жақында ғана Тұңғыш Президент Музейінің орнына қарудың ең сирек кездесетін даналарын тамашалап, отандық әскери істің тарихымен танысуға болатын ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі ашылды
— «Альянс банктің» бөлімшесінің орнын қазір Forte Bank бөлімшесі басты
— Заманауи өнер музейінің орнында енді Қуыршақ театры жұмы істейді. Мұнда балаларыңыз қуыршақ қойылымдары мен көріністерін тамашалап, театрлық шеберлік сыныптарына қатыса алады
— Қуыршақтар театрына қарама-қарсы Астананың ұялы телефондар саудасының басты орталығы «Есіл» сауда үйінің қасбеті жөнделіп, жаңа кейіпке енді
— ары қарай жүрсеңіз, енді Республика даңғылында да Burger King бургерлерін жеуге болатынын және «Интертоп», «Башмачок» дүкендерінен аяқ киім сатып алуға болатынын көре аласыз
— үш жылдай бұрын бұл жерден Il Patio және American Bar сияқты мейрамханалардан тамақтануға болатын еді. Ал енді мұнда B.Boogzzz ойын клубы мен Fashion people киім дүкені орналасқан
— Иманов көшесінің қиылысында бір кездері United Colors of Benetton брендінің киімдерін сатып алуға болатын еді. Ал қазір бұл жерде белорусь өндірісінің киім дүкені ашылғалы жатыр
— «Меруерт» кешенінің сырты жаңартылып, тәулік бойы жұмыс істейтін жылдам тамақтану орнымен — Hot Spot Doner Shop толықты
— дәл осы ауданда Grazie аяқ киім дүкенінің орнында «Дареджани» грузин асханасының мейрамханасы ашылғалы жатыр
— қаланың ең ұзақ салынған құрылысының бірі бұл — Respublika Plaza кешені, салынуы тағы да жаңартылып, орталық биыл ашылады деп күтілуде
— алдыңғы жылы Оң жағалауды қоса алғанда қала бойынша Astana Bike велосипед бекеттерін орнату басталды. Енді Республика даңғылында да беске жуық мұндай бекеттерді табуға болады