Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/86f/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/86fc2be12dd2af1c69957416b51e04a8.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Көлсайдағы демалыс орындары: 5 эко-қонақүй
2924

30.01.2023

Көлсайдағы демалыс орындары: 5 эко-қонақүй

Әдемі көріністерді тамашалап, таза ауамен тыныстауға әрі демалуға болатын жерлер.


Kolsay Grand, @kolsay_grand


колсай

Kolsay Grand — жайлы әрі заманауи бөлмелері бар қонақүй. Сондай-ақ меймандар үшін бар жағдай жасалған: мейрамхана, отынмен жағылатын монша, мангал алаңы бар. Қажет болса, трансфер жалдауға болады.

Kolsay Lakes Town, @kolsay_lakes_town


Бірегей қонақүй эко-кешені төменгі Көлсай көлінің жағасында орналасқан. Мұнда орналасудың бірнеше түрі бар: жекелеген бөлмелерден бастап, үлкен отбасыларға, бірнеше адамнан тұратын достарға арналған ағаш үйлер бар.

Tau Kolsay, @tau_kolsay


Kolsay

TAU KOLSAY демалыс аймағында жайлы жабдықталған үйлер орналасқан. Мұнда үйдегідей әзірленген дәмді тағамдар ұсынылады. Қонақтардың атпен серуендеп, балқарағай моншасына түсулеріне болады. Үйлерді жалдау үшін алдын ала броньдау қажет.

Bereke, @bereke_kolsay_resort


Bereke — barn house стиліндегі эко-үйлер. Демалыс орнының аумағында монша кешені, сонымен қатар үйлерде қажетті техникамен жабдықталған асүй бар.

A-frame, @kolsay_a_frame


A-frame — А әрпінің пішінінде салынған жайлы демалыс үйі. Мұнда жылдың кез келген мезгілінде келіп демалуға болады. Үйдің ішінде төсек, үстел, душ бар. Сонда-ақ жақын маңда кафе бар.
Меню

Істер

Қала 24

Шолу