Өткен аптада қазақстандық сән әлеміндегі басты оқиға Қазақстан Сән Апталығы (Kazakhstan Fashion Week) болып өтті. Қазақстан, Ресей, Украина мен Грузияның 12 дизайнері 2017 жылдың көктем-жаз жиынтығын көрсетті. Бұл шараға қатысқандар мен келер жылдың көктемі мен жазында күтілетін трендтерді назарларыңызға ұсынамыз.