БІЗ кезінде ата-бабаларымыз қолданған және қазіргі күнде тұрмысымызда кездесетін 15 затты таптық.
— бесік — нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек
— тақия — ер адамдарға немесе әйел адамдарға арналған түрік халықтарының бас киімі. Қазіргі кезде оны көбінесе аталар киеді
— ағаш ыдыстар — ұлттық ою-өрнектері бар ағаштан жасалған ыдыс-аяқ, қазірде бешпармақ үшін ағаштан жасалған астау кеңге таралған
— қамшы — бiрнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрiлген құрал. Қазірде көбінесе үйде ілініп тұрады немесе сыйлық ретінде беріледі
— шапан — ер адамдардың ұлттық киімі. Бүгінде шапанды тойларда, құдалықта және мерейтойларда сыйлайды. Сонымен қатар отандық дизайнерлер шапанның интерпретацияларын жасайды, олар замауни қала тұрғындары арасында кеңге таралған
— жер үстел — аяқтары қысқа дөңгелек үстел
— үкі — домбыраға немесе көліктің ішіне ілінетін үкінің қауырсыны. Қазақтар үкіні киелі құс деп санайды
— сандық — әдетте апаматалар, киімдер, асыл бұйымдар салынып, сақталып тұратын жиһаз
— сәукеле — ұзатылған кезде киілетін әйелдің бас киімі
— білезік — металдан немесе тастан жасалып, қолға тағылатын әшекей
— жүзік — саусаққа тағылатын әшекейлі сақина. Бұрын жүзікті әйелдер де, ер адамдар да тағатын, қазіргі кезде негізінен әйелдер тағады
— мәсі — өкшесі жоқ аяқ киімнің түрі. Оны әдетте апалар мен аталар киеді
— тұмар — Құранның аяттары жазылып, былғарының ішіне тігіліп қойылатын бұйым, бойтұмар
— алтыбақан — алты бақаннан құрылып жасалған әткеншек, оны Наурыз мейрамы кезінде қала алаңдарында жиі кездестіруге болады
— құрақ көрпе — құрақтан жасалған көрпе, қыздың жасауына кіреді және қонақтарды дөңгелек үстел басына отырғызған кезде, еденге төселеді.