Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Ұлыбритания және Пәкістаннан кейінгі Қазақстандағы өмір жайлы
3167

04.05.2020

Ұлыбритания және Пәкістаннан кейінгі Қазақстандағы өмір жайлы

Shumaila Yousafzai (Шумайла Юсуфзай), 41 жаста, туған жері — Кветта, Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің қауымдастырылған профессоры



Көшу жайлы



WhatsApp Image 2020-04-23 at 13.21.13 (1).jpeg

Мен Пәкістаннанмын, ал күйеуім — түрік, бірақ біздің барлық балаларымыз Уэлбсте туып, өсті. Ұлыбританияда 20 жыл тұрдым. Әлемді зерттеуіміз қажет екенін түсінгенде Орталық Азияда жұмыс таптық. Бұл аймақ мен үшін әрдайым әлемнің қызықты бөлігі болған. Оны отбасыммен зерттеуімді тағатсыздана күтемін.

Жарты өмірді Пәкістанда, тағы сондай уақытты Ұлыбританияда өткіздім. Екі ел де менің жүрегімде ерекше орын алады. Қазақтың ұлттық тағамдары, мәдениеті және адамдары менің туған қалам Кветтедегі этникалық тайпама ұқсайды. Сондықтан мұндағы өмірге үйрену қиындық тудырған жоқ.

Тілдік барьер — біз кездескен ең үлкен қиындық болды. Ешнәрсені оқи алмадық. Өзімізді сауатсыз сезіндік. Мысалы, супермаркеттерде біз әлі күнге дейін өзіміз қалаған затты сатып ала алмаймыз, жиі шатастырамыз. Бірақ «Google Аудармашы» және Yandex қосымшасы бізге көмектеседі.


Қала жайлы



иностранцы в казахстане

Біз Нұр-Сұлтанға жаздың соңында келдік. Ауа-райы тамаша болған. Үлкен кеңістік пен адамдардың мейірімді жүздеріне бірден үйрендік. Барлығы күліп жүреді, әрдайым көмектесуге әзір. Бұл тезірек үйренісуге көп көмектесті.

Дәстүрлердің заманауи үйлесіме ерекше ұнады. Бір жағынан біз жазық даланы, ал бір жағынан — замануи ғимараттарды көреміз.

Белгілі бір уақыт Highvill ТҮК тұрдық. Сол кезде Пирамиданың жанындағы саябақта серуендейтінбіз. Күзде мұнда әдемі болды. Барлық жапырақтар сарғайып, кейін бірнеше апта ішінде қар жауып, айналаның бәрі аппақ болды. Біз Пирамиданың жанындағы сырғанақта ойнағанды жақсы көреміз.


Көлік қозғалысы жайлы



экспаты

Highvill ТҮК тұрған кезімізде жолға өте көп уақыт кетіретінбіз: алдымен балаларды мектепке апару, кейін университетке бару, кешке тура сол бағыт бойынша кері қайтамыз. Қаладағы қозғалыс қиындық тудырады, әсіресе жұмыс күндері. Осының бәріне маған үш сағат керек болатын. Енді университеттің кампус аумағына көшкенімізге бақыттымын. Жұмысқа жаяу барамыз, балаларды мектеп автобусы алып келіп, алып кетеді. Достарымызбен кездесе аламыз немесе Mega Silk Way және Small-ға жаяу жете аламыз.

Егер қоғамдық көлік туралы айтар болсақ, біз тек таксиді қолдандық. Оның ішінде «Яндексті» — ол қауіпсіз. Сондай-ақ оңтүстікке саяхаттаған кезде поезбен жүрдік. Бұл тамаша тәжірибе болды.


Тамақ жайлы


Қазақстандағы алғашқы Айтты тойлаған кезде, бізді қонаққа шақырып, көптеген ұлттық тағамдардың дәмін көрдік. Мен ол туралы @nomadicmamatravel блогымда жазғанмын.

Бізге бешбармақ, бауырсақ және қуырдақ ұнады. Мен әлі күнге дейін жылқы еті мен қымыздың дәмін татпадым. Бірақ палау және құртты жақсы көремін, құртты пастада пармезанның орнына қолданамын.

Бізге «Саксаул» және «Астана Нұрындағы» тағамдар ұнайды — бұл екі сүйікті мейрамханамыз.

Жақында сүт, жұмыртқа, бал және көкөністерді жеткізіп беретін әйелмен таныстық. Бұл тамаша, оның арқасында біз сапалы органикалық азық-түліктерді алып, жергілікті өндірушілерге көмектесеміз.


Меню

Істер

Қала 24

Шолу