Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/bff/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/tdrjm58k6pfnwjxd03gdfa8v0cdtmv7e.png
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Люди WE

Профессионалы

Город 24

Возможности

Наши в мире

Созидатели

Семья

Экспаты

Не просто блогеры

Новые люди

Бизнес

Карьера

Специалисты

Предприниматели

Центральная Азия

Горожане

Алматы

Астана

Бишкек

Ташкент

Душанбе

Баку

Путешествия

Технологии

Стиль жизни

Искусство

Новости

Образование

Ұлыбританияда, Қазақстанда және Канадада қаржыгер мансабын қалай құруға болады: ерекшеліктері, артықшылықтары мен қиындықтары
537

12.09.2023

Ұлыбританияда, Қазақстанда және Канадада қаржыгер мансабын қалай құруға болады: ерекшеліктері, артықшылықтары мен қиындықтары

Әртүрлі елде қаржыгер мансабын қалай құруға болады? Орталық Азияның мамандары Ұлыбританиядағы, Қазақстандағы және Канададағы мамандықтары мен жұмыстарының ерекшеліктерімен бөлісіп, өмірлеріндегі қызықты сәттер туралы әңгімелеп берді.


Қазақстан

Ғалымжан Өтепберген, 25 жаста, қаласы — Алматы, қаржыгер, @galymzhan_mirambekuly

Галымжан

Мамандық таңдауы туралы

Мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алдым. Студент алмасу кезінде University of Sopron-да білім алып, мол білім мен тәжірибе жинақтадым. Қазіргі таңда мен Freedom Mobile компаниясында талдаушы болып жұмыс істеймін. Сондай-ақ менде ШОБ үшін қаржылық қызмет көрсететін компания және қаржыгерлер мектебі бар.

Менің жұмысым қаржылық деректерді талдауды, стратегиялық жол карталарын әзірлеуді, қаржы ресурстарын инвестициялауды және басқаруды қамтиды. Мен клиенттерге негізделген қаржылық шешімдер қабылдауға және мақсаттарына жетуге көмектесемін.

Қазақстандағы қаржыгерлер туралы

Қазақстандағы қаржыгер мансабы білімді қажет етеді. Ал содан кейін барлық алған біліміңді талдауың қажет: ұғынуың, қорытуың және түсінуің. Диплом емес, нағыз білім құнды. Мамандықта процеске қарағанда нәтижелер бағаланады, өйткені қаржыгерлерге нәтиже үшін төлейді. Сондықтан мен жаңадан бастаған мамандарға тәжірибе жинақтау үшін кез келген мүмкіндікті пайдалануға кеңес беремін. Егер ірі компанияларда жұмыс істегіңіз келсе, сізге жоғары білім, CFO, ACCA сертификаттары, барлық салық заңдарын білу қажет және т.б.

Еңбек жағдайлары туралы

Қазақстанда қаржыгерлердің қызметі жақсы бағаланады. Шағын орта бизнесте жалақы айына 800 доллардан бастап 2000 доллар аралығында. Ірі компанияларда жалақы тәжірибеге, білімге және кәсіби дағдыларға байланысты.

Елімізде миллионнан астам кәсіпкер бар. Тиісінше, нарық та өте үлкен және бизнес қаржысын тиімді және сауатты басқаруға көмектесетін кадрлар тапшы. Жақсы кадр жұмыссыз қалмайды.

Қызметтің артықшылықтары:

— Қаржы мамандығы банк ісі, инвестиция, корпоративтік қаржы, сақтандыру және консалтинг сияқты әртүрлі секторда мансаптық мүмкіндіктердің кең ауқымын ұсынады. Бұл мансапта көтерілуге және дағдыларыңызды дамытуға көмектеседі.

— Қаржыгерлерде жоғары жалақы мен қосымша бонустар алуға мүмкіндігі бар. Қаржы саласындағы жұмыс бәсекеге қабілетті жалақыны, сондай-ақ мансап жолында өсіп, нәтижелерге қол жеткізген жандарға жалақыны көтеру мүмкіндіктерін ұсынады.

— Қаржы секторы аналитикалық ойлауды, проблемаларды шешуді және қаржылық шешімдерді дұрыс қабылдауды талап ететін күрделі және динамикалық міндеттерді ұсынады. Ол интеллектуалды дағдыларды дамытуға және үздіксіз оқуға ынталандырады.

— Қаржыгерлер қаржылық, операциялық және нарықтық сияқты әртүрлі тәуекелдермен жұмыс істейді. Тәуекелдерді басқарумен жұмыс жасау болжау, бақылау дағдыларын дамытуға және тәуекелдерді азайту мақсатында әрекет ету шараларын қабылдауға көмектеседі.

Қиындықтары:

— Қаржыгерлер компаниялардың, инвесторлардың және клиенттердің тұрақтылығына әсер етуі мүмкін шешімдер қабылдауға жауапты болады. Бұл дәлдікті, әдепті, ережелер мен реттеу нормаларын сақтауды талап етеді.

— Бұл салада уақыт, бәсекелестік және клиенттердің талаптары жоғары қысым мен күйзелісті тудыруы мүмкін. Қаржы мамандары стресс пен қысым жағдайында тиімді жұмыс істей білуі керек.

— Сала жасанды интеллект, блокчейн және процестерді автоматтандыру сияқты жаңа технологияларды белсенді түрде енгізіп жатыр. Қаржыгерлер үшін өзгерістерге бейімделуге дайын болу және өз дағдыларын үнемі жаңартып отыру маңызды.

— Өнеркәсіп сонымен қатар қатаң реттеуге және нормативтік талаптарды ұстануға бағынады, бұл процестерді қиындатып, қосымша қағаз жұмыстарын және нормаларға сай болуды талап етуі мүмкін.

Бұл салада ауыздан-ауызға тарату жақсы жұмыс істейді. Егер тамаша бэкграундыңыз бар болса, сізді нарықта жоғары бағары сөзсіз.

Soft Skills, қаржылық стандарттарды жақсы білу, аналитикалық ойлау, тәуекелдерді басқару, MSExcell, PowerBI бағдарламаларын білу маңызды.

Жоспарлары жайлы

Мен консалтинг компаниясын және қаржыгерлерге арналған өз мектебімді белсенді түрде дамытып жүрмін.


Канада

Әділет Асанов, 23 жаста, қаласы — Алматы, қаржыгер, кәсіпкер, @adilet.finance

Адилет Асанов

Мамандық таңдауы туралы

Мен кәсіпкермін, өндіріс, құрылыс және білім беру салаларындағы бизнес иесімін. Мен сондай-ақ шарт бойынша дамыту жөніндегі кризис-менеджермін және тәжірибелік қаржылық кеңесшімін. Соңғы кейстерім: RoadTex LTD — АҚШ, «Этажи» — Ресей, Жол белгілері зауыты – Қазақстан, Алматы матрас фабрикасы — Қазақстан.

Мен РФММ-де оқығандықтан, сандар мен логиканы жетік білетінмін. University of Toronto университетіне, стипендиясы бар Bachelor of Commerce: Finance specialist бағдарламасына оқуға түстім. Уақытты босқа өткізбеу және жақсы жағдай жасау мақсатында Finex қаржы және сақтандыру компаниясына жұмысқа орналасуға өтініш бердім. Бастапқыда мені алмады. Бірақ кейін тәжірибе мен білім үшін тағылымдамадан өтуге дайын екенімді біліп, мені қабылдады. Толыққанды қаржы және сақтандыру агенті ретінде жұмыс істеу үшін мен тағылымдамадан өткеннен кейін ұзақ жол жүруіме тура келді.

Канададағы қаржыгерлер туралы

Онтарио штатынан лицензия алу үшін сізге мемлекеттік емтихан тапсыру керек болды. Екі ай үздіксіз дайындықтан кейін оны тапсырдым. Лицензиямды алғаннан кейін мен сақтандыру саласында лицензияланған қаржылық жоспарлаушы ретінде жұмыс істей бастадым. Лицензиясыз жұмыс істей алмайсыз, өйткені қателік үшін сізді сотқа беріп, тіпті түрмеге де отырғызуы мүмкін.

Қажетті білімді көрсету, білім алу маңызды. Ал ең бастысы, жұмысқа деген құлшыныс. Солтүстік Америка нарығындағы бәсекелестік орасан зор, сондықтан бәсекеге қабілетті болу керек.

Еңбек жағдайлары туралы

Бастапқы жалақы жылына шамамен 65 000 АҚШ долларын құрады. Жоғары деңгейдегі қаржыгерлер жылына 95 000 доллар немесе одан да көп табыс табады.

Мамандықтың басты артықшылығы — мәселенің түп-төркінін көре білу. Егер сіз жақсы қаржыгер болсаңыз, сандар мен есептерге қарап, олардың «не айтқанын» анық түсініп, оны әдетке айналдырасыз. Екінші артықшылығы — тәуекелдерді басқару дағдылары. Бұл әсіресе бизнесте жақсы көмектеседі.

Адилет Асанов

Қиындықтардың бірі — мамандық көп білімді қажет етеді. Сондай-ақ адами фактор, тығыз мерзімде жұмыс істеу, азғантай қателік болған жағдайда арқалайтын үлкен жауапкершілік те бар.

Жаңадан бастаушы ғана емес, керемет қаржыгер болу үшін бизнес-процестердің логикалық тізбегіне негізделген ақпаратты талдап, түсіндіре білу керек. Осылай сіз ең тиімді шешімдерді қабылдай аласыз. Сондай-ақ қаржы құралдарының жүйелері және олардың бағалану логикасы туралы түсініктің болуы қажет.

Жоспарлары жайлы

Осы жылы мен серіктестеріммен Қазақстандағы тұңғыш «InFin» қаржылық сауаттылық мектебін аштым.

Барлық жұмыс қаржы саласына бағытталады. Мен өз тәжірибем мен білімімді бөліскім келеді.


Ұлыбритания

Аслан Сисекенов, 32 жаста, қаласы — Лондон, в Papercup Technologies Limited қаржы директоры, linkedin

Аслан С

Мамандықты таңдауы туралы

Мен Papercup компаниясында қаржы директоры болып жұмыс істеймін. Біз жасанды интеллект арқылы контентті әртүрлі тілдерге аудару және дубляждау саласында жұмыс істейміз. Менің жұмысым — компанияның өнімді зерттеу және дамыту және оның нарықтағы қолданылуын табуға жеткілікті қаражат болуын қамтамасыз ету. Мен фандрейзингке және негізгі стратегиялық жобалар арасында ресурстарды дұрыс бөлуге жауаптымын.

Мен Қазақстандағы еңбек жолымды KPMG-де бастадым. Кейінірек KPMG-дің Лондондағы кеңсесіне көшіп, сол жерден менеджер ретінде индустрияға ауыстым. Мен стартаптарда жұмыс істеуді шештім, өйткені көбірек еркіндік пен автономдықты қалаймын және жаңа, инновациялық нәрсемен жұмыс істеу қызықты болды.

Ұлыбританиядағы қаржыгерлер туралы

Мұның бәрі мамандыққа байланысты. Өйткені қаржыгерлер әртүрлі. Компаниядағы қаржылық көмекшіден қаржылық директорға дейінгі әдеттегі мансап жолынан басқа, инвестициялық банкирлер, дәстүрлі банкирлер, кеңесшілер, қазынашылар және т.б. бар.

Мансабыңыздың бастапқы кезеңдерінде жақсы академиялық көрсеткіштердің және қажетті кәсіби біліктіліктің: ACCA, CFA, ACA болғаны жақсы.

Ұлыбританиядағы еңбек нарығы айтарлықтай бәсекеге қабілетті және ақыл-парасатыңыз бен мақсат қоя білуіңіздің кез келген сигналы сізді нарықтағы үміткерлердің басым бөлігінен ерекшелеуге көмектеседі. Мансабыңыздың кейінгі кезеңдерінде нақты және өзекті дағдылар мен тәжірибенің болуы әлдеқайда маңызды.

Еңбек жағдайлары туралы

Қаржыгерлерге жақсы жұмыс жағдайлары жасалған. Жалақы айтарлықтай бәсекеге қабілетті, бірақ мамандыққа, компанияға, тәжірибеге, қалаға байланысты өзгеріп отырады. Орта есеппен Лондон басқа қалаларға қарағанда көбірек төлейді. Қалғаны да айтарлықтай жақсы:

— Жұмыс уақыты ұзақтау болуы мүмкін, әсіресе шапшаңдық пен халықаралық нарық уақыты маңызды болатын қаржы институттары мен компанияларда. Бірақ адамдар басқалардың уақытын құрметтейді және work-life balance-ты ұстануға тырысады.

— компаниялардың көпшілігі еңбек мәдениеті мен жағдайының маңыздылығын мойындайды, сондықтан бұған ақша мен уақыт бөледі.

Қаржыгерлер бизнестің барлық бөліктері мен саласына қатысады және нәтижесінде компанияға, бизнеске және нарыққа бірегей көзқарас қалыптасады. Бұл сөзсіз артықшылық. Көптеген стартап негізін қалаушыларының қаржылық білімінің болуы бекер емес. Мамандықтың негізгі қиындығы – мансаптың бастапқы кезеңдерінде жағдайлар, әсіресе басқа мамандықтармен салыстырғанда тартымды болмауы мүмкін. Бірақ одан өтсеңіз, бәрі жақсарып, қызықты бола түседі.

Керемет қаржыгер болу үшін soft және hard дағдылардың жақсы балансы болуы маңызды. Hard Skills — жалпы қаржылық сауаттылық, деректерді талдау, модельдеу және сценарийді талдау, қаржылық стандарттарды, ережелер мен реттеулерді түсіну сияқты кәсіби дағдылар. Ал Soft Skills — бұл ең алдымен әріптестермен және басқа мүдделі тараптармен қаржылық ақпаратты нақты және тиімді талқылау мүмкіндігі. Сондай-ақ өзіңізді, командаңызды және жұмысыңызды сату және жарнамалай білу маңызды. Қазақстанда жақсы жұмысты үндемей, оның көзге түсіп, бағасын алатынын күтумен жасау әдетке айналған. Ұлыбританияда бұлай емес. Мұнда сіз барлығымен белсенді араласуыңыз керек және позицияңыз неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сізден осыны күтеді.

Жоспарлары жайлы

Мен тәлімгерлікпен айналысуды жоспарлап жүрмін. Көп тәжірибе мен білім жинақтадым, енді соны бөлісудің уақыты келді.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу