Мәдени орталық
Семей — еліміздің ең ежелгі мәдени орталықтарының бірі. Қаланың негізі 300 жылдан артық уақыт бұрын қаланды. Семей Мұхтар Әуезов, Шәкәрім Құдайбердиев, Абай Құнанбаев секілді көрнекті қайраткерлердің отаны. Жергілікті адамдар қаланы ерекше жаны мен тарихы үшін жақсы көреді.
Семей өзінің атмосферасымен танымал, өйткені басқа жаққа кеткен адамның әрбіреуі оралып жатады.
Білімді және зиялы адамдар
Жергілікті адамдардың негізгі қасиеттері терең білімділік, аналитикалық ойлау қабілеті, сыни ойлау, зияткерлік. Семейдің тұрғындары қарапайым, қонақжай әрі мейірімді.
«Жүрегім соққанша, туылуға бұйырған жерімді мақтан тұтамын» деген дәйексөзді көптеген қала тұрғындарының әлеуметтік желілерінде көруге болады.
Мұнда жақсы білім алуға мүмкіндік бар, ол үшін астанаға барудың да қажеті жоқ.
Семейліктер өз алдарына мақсат қойып, қаланы өзгертеді.
Қалада ірі өндіріс жоқ
Қалада қала түзуші ірі өндірістер мен зауыттар жоқ. Алайда барлығы даму үстінде, тұрғындар саны көбейіп жатыр.
Белсенді жастар
Жастар — табиғаттарынан көсбасшы. Семейде жас адамдарға арналған көп орындар бар: мұз айдыны, аквапарк, демалыс базасы.
Жастардың шығармашыл қауымы өз жолдарын қаладан бастап, кейін әлемдік аренаға шығады. Жобалардың көбісі ШҚО іске асырылып, бүкіл Қазақстанға тарайды.
Қаланың тыс жерінде орналасқан «кармашек» деген жерді көптеген жастар ұнатады. Бұл кешке қарай қала көрінісін көруге келетін кішкентай жартас.
Ежелгі қарағайлы орман
Семейде ежелгі қарағайлы орман бар. Дәл осындай орманды тек Канададан табуға болады. Мектеп оқушылары мен студенттер мұнда пикникке келеді. Бұл жерде бұлақ суын толтырып алуға болады.
Абай отаны
Көптеген туристер қалаға арнайы бағдарлама бойынша келеді, оның ішіне ұлы ақынның өмірі мен тұлғасына байланысты тарихи жерлерді аралау кіреді. Абай кітапханасының өлкетану қоры өте бай. Бұл орын бүкіл Қазақстан тарихшыларын шығармалар мен сирек кездесетін туындылардың бірегейлігімен қызықтырады.
Қазақстандағы жалғыз аспалы көпір
Қала Ертіс өзенінің бойында орналасқан, ал ол Қытайдан бастау алып, Семей арқылы Ресейге ағады. Мұнда аспалы көпір салынған.
Қазақстандық футболдың отаны
Мұхтар Әуезов ойнаған белгілі «Ярыш» футбол командасы Қазақстанда ең алғашқысы. Бұл жерде қазақстандық футболға арналған көптеген іс-шаралар өткізіледі. Қала бойынша балаларға арналған көптеген алаңдар мен академиялар ашылуда.
Полковничий аралы
Семейде Полковничий аралында орналасқан биологиялық орталық бар. Бұл арал — қаланың көрнекті орындарының бірі және тұрғындардың сүйікті жері. Орынды қалпына келтіріп жатыр, мұнда пикник жасап, серуендеуге болады. Аралды жабдықтап, онда жақсы ескекші арнасын, түрлі шараларға арналған алаң, балаларға арналған туристік бағыттар ашқылары келеді. Жыл сайын мемориалдық алаңда адролық қаруға қарсы митингілер өтеді.
Метариалды жасауға көмек көрсеткендері үшін Мадина Қадырғожинаға, Асқар Садиковке, Айсұлу Тұрғанбаеваға, Бек Шәкәрім Еркінұлына, Арсен Құдабаевке, Думан Кенжехазинге, Асемгүл Жарасоваға алғыс білдіреміз.