Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Мағынасын әр қазақ түсіне бермейтін сөздер
36373

07.01.2017

Мағынасын әр қазақ түсіне бермейтін сөздер

Қазақ тілі — өте әдемі әрі бай тілдердің бірі, біздің ана тіліміз. Алайда, қазақша сөздердің мағынасын сіз қаншалықты жақсы түсінесіз? БІЗ қазақ тілінде бірнеше ерекше мағынаға ие қандай сөздер бар екенін білдік. Егер сіз де қызық сөздерді білетін болсаңыз, пікір қалдырып, бөлісе отырыңыз.


СЫМ.jpg


«Сым» — «жіңішке темір», ал Қазақстанның оңтүстігінде «шалбар».


БА__АНА.jpg


«Бағана» — «діңгек», «тіреу» немесе «әлдеқашан» деген мағынаны білдіреді.


ЖАЙМА.jpg

«Жайма» — «бешбармақтың наны», ал еліміздің батысында бұл — «төсектің үстіне жайылатын зат».


АЙЫР.jpg


«Айыр» —«жұп, қосарланған» немесе кәдімгі шөп салатын «айыр», батыста «шанышқыны» да осылай атайды.


КАСКА.jpg


«Қасқа» — малдың маңдайындағы ақ дақ, сондай-ақ, «байғұс» мағынасын білдіреді.


ТУКЫМ.jpg


«Тұқым» — «дән», «үрім-бұтақ», ал Қазақстанның кей аймақтарында «тұқым» бұл — «жұмыртқа».


ТАТЕ.jpg


«Тәте» — елдің барлық аймағында жасы үлкен әпкелерге қаратып айтылады. Ал батыста — «аға», «әкенің інісі».


ШАРА.jpg


«Шара» — «іс-шара» немесе «ағаш ыдыс».


ЖАР.jpg


«Жар» — «тік жар», «жолдас», «жарты», ал батыста «үйдің қабырғасы» деген мағынада қолданылады.


КОКЕ.jpg


«Көке» — әке мен үлкен ағаларға қаратып айтылса, Талдықорғанда —«әпке».

Меню

Істер

Қала 24

Шолу