Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Люди WE

Профессионалы

Город 24

Возможности

Наши в мире

Созидатели

Семья

Экспаты

Не просто блогеры

Новые люди

Бизнес

Карьера

Специалисты

Предприниматели

Центральная Азия

Горожане

Алматы

Астана

Бишкек

Ташкент

Душанбе

Баку

Путешествия

Технологии

Стиль жизни

Искусство

Новости

Образование

Мадина Расулова Сингапурға көшкені және Microsoft APAC-те жұмыс істей жүріп IT саласында мансап құруы туралы
1006

28.11.2022

Мадина Расулова Сингапурға көшкені және Microsoft APAC-те жұмыс істей жүріп IT саласында мансап құруы туралы

АҚШ-та, Сингапурде және тағы басқа көптеген елдерде тұрған, қазір IT-компанияда істеп жатқан алматылық қыз Мәдина Расулова жайлы әңгімелейміз.


Мадина Расулова, 24 жаста, Сингапур қаласы, Microsoft компаниясында бизнес-бағдарлама менеджері, @marronms

Мадина Расулова

Қоныс аударуы туралы


Мен Алматыда туып-өстім, алайда күйеуім екеуміздің Сингапурда тұрып жатқанымызға үш жыл болды.

Шетелге алғаш рет 15 жасымда шықтым. Көкшетауда тоғызыншы сыныпты бітіргеннен кейін Лос-Анджелесте білім алдым. Актриса болғым келді, сондықтан Голливудқа мүмкіндігінше жақын жерге көштім.

Шетелге алғаш рет 15 жасымда шықтым


10-11 сыныптарды мен Лос-Анджелесте, ал соңғы 12 сыныпты Бостонда оқып бітірдім.
Ал кейінірек Бостон университетінің Film Production бағдарламасына түстім. Бірқатар жағдайларға байланысты Ұлыбританияда білім алғым келіп, Лондондағы Kingston University университетінің Media & Communications мамандығына тапсырдым. Университетті бітіргеннен кейін жұбайым екеуміз Сингапурға көштік.

Мадина Расулова

Мұнда Сингапур кеңсесінен Microsoft APAC үшін бизнес-бағдарлама менеджері ретінде жұмыс істеп жатқаныма бір жыл болды.

Жаңа өмірге бейімделу және қиындықтар жайлы


Қоныс аудару кезінде маңызды фактор — елде тұру құқығының болуы.
Жұмыс визасы бар компанияның қызметкері ретінде бірден көшу үшін сұранысқа ие маман болуыңыз керек. Жұмыс визасына демеушілік жасауы үшін жұмыс беруші көптеген құжатты дайындайды, сондықтан үміткерлерге қойылатын талаптар жоғары.

Студенттерге виза алу оңайырақ. Егер сізде қалаған елде оқуға немесе курстарға қатысуға қаржыңыз болса, бұл сіздің мүмкіндігіңізді арттырады. Талантты студентке шетелде оқуға көмектесетін көптеген конкурстар мен гранттар бар. Сондай-ақ шетелде тағылымдамадан өту бағдарламалары да көп.

Мадина Расулова

Қазақстанда мен үздік оқушы болдым. Ата-анама ризашылығымды білдіру үшін АҚШ-тағы барлық сабақтарымды үздік аяқтау мен үшін өте маңызды болды. Сондықтан көшу кезіндегі қиындықтар негізінен ағылшын тілді ортамен араласуға байланысты болды. Маған бала кезімнен ағылшын тілі ұнайтын. Сондықтан көп уақытымды тіл үйренуге бөлетінмін: әндерді аудардым, ағылшын тілінде фильмдер көрдім, кітап оқыдым, олимпиадаларға қатыстым. Сондай-ақ мектепте English as a Second Language оқытатын мұғалімнің арқасында тілді жақсы меңгердім. Дегенмен алғашқы уқақытта тілдік тосқауыл міндетті түрде болады. Мұндайда тек тұрақты тәжірибе көмектеседі.

АҚШ-та мен мүлдем басқа мәдениетпен, құндылықтармен және өмір ырғағымен бетпе-бет келдім. Сондықтан бұл жақтың өміріне таң-тамаша қалдым. Өмір туралы түсінігімді өзгертіп, көңіл көкжиегімді кеңейттім. Саяхаттаудың қаншалықты маңыздылығын және әр жерден ең жақсысын алудың, бір елдің емес, әлем азаматы болудың қаншалықты маңызды екенін түсіндім.

Лос-Анджелестегі өмір салты фильм сияқты — «сүзгіден өткендей» жарқын әрі әдемі. Адамдардың әртістігі басым, эпатажды. Сіз сайклинг сабағына барып, сүйікті сериалыңыздың актерімен таныса аласыз. Мейрамханалар мен супермаркеттердің көптігі де таңғалдырады. Мен мейрамханада бадамнан жасалған тунецтің бар екенін көргенде таңғалдым.

Мадина Расулова

Бостон ағылшындықтар мен еуропалықтардың тарихын, мәдениетін біріктіреді. Инновацияны, прогресті, жаңа Американы бейнелейді. Қалада студенттер көп, айнала жасыл желекке толы. Үлкен қалаларда болатындай күйзеліс жоқ.

Ұлыбританияда және Сингапурда алғашқы екі айда британдық акцент пен Сингапур диалектісін түсінуден шағын челлендж болды десем, артық айтқандық емес.

Мадина Расулова

Лондон мені тұманды күндерімен, жаңбырымен таңғалдырды. Жексенбіде мейрамханалар, дүкендер мен дәріханалар жабық болады немесе ерте жабылады. Бірақ бірте-бірте бәріне үйреніп, қаланы қатты ұнаттым.

Сингапур футуристік, озық, сәнді. «Аватар» фильміндегі Пандора планетасының атмосферасын еске түсіретін ерекше ғимараттар мен бақтар бар. Қала жасыл желекке оранған, барлық жер таза әрі қауіпсіз. Өмір жылдам өтіп жатады, бәрі алға, дамуға ұмтылады.

Жаңа елде ұқсас тәжірибесі бар адамдарды іздеңіз


Менің ұсынысым — жаңа елде осындай тәжірибесі бар адамдарды іздеу.
Олардан түсіністік пен қолдау табасыз. Жергілікті тұрғындармен қарым-қатынас орнату да маңызды. Бұл сізге жергілікті мәдениетті тез түсінуге және қабылдауға көмектеседі. Мысалы, жергілікті тұрғын баспана сияқты маңызды мәселелерге көмектесе алады немесе тіпті жұмыспен көмектесе алады.

Сингапурда жұмысты қалай іздеуге болады

Мадина Расулова


АҚШ-қа көшкеннен кейін мен блогымды белсенді дамыттым.
Мен үшін маркетинг және контент жасау әлемінде көптеген мүмкіндіктер ашылды. Мектепте және университетте оқып жүргенде жарнама мен жобалардан табыс таптым, брендтерге арнап контент жасадым, интернет-басылымдарға мақалалар жаздым.

Сингапурдағы кәсіби еңбек жолымды университеттің екінші және үшінші курстары арасындағы жазғы тағылымдамадан бастадым. Күйеуім екеуміз университетте Fitness-wellness стартапын құрдық. Мен сондай-ақ Сингапурдағы бірнеше стартаптардың маркетинг жөніндегі менеджері болдым.

Жұмыс табу үшін сіз өзіңіздің бірегей жеке ұсыныс жасай білуіңіз керек. Сізге мүмкіндігінше көп лауазымдарға өтініш беруге кеңес беремін. Лауазымдық нұсқаулықтарды мұқият оқып шығыңыз. Егер тәжірибеңіз талап етілгеннің жартысы болса да, оны ұсынып көріңіз. Әрбір тапсырған сайын, әр сұхбаттан өткен сайын өзіңе деген сенімің артып, мақсатыңа бір табан жақындайсың.

Сұхбат барысында нетворкингті, ақыл-ойдың икемділігін, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын және өзіңе деген сенімділікті арттыру маңызды. Қабілетіңізді қолданып, өзіңізді көрсете біліңіз.

Microsoft APAC жұмысы туралы

Мадина Расулова


Мен Microsoft APAC үшін бизнес-бағдарлама менеджері болып жұмыс істеймін.
Бұл — Азия-Тынық мұхиты аймағы, оның құрамына Сингапур, Индонезия, Малайзия, Тайланд, Вьетнам, Филиппин кіреді.

Мен Marketing & Operations бөлімінің қызметкерімін. Мен ARAC елдерінде бизнесті дамытуға қажетті бағдарламаларға, науқандарға және іс-шараларға және маркетингтік бюджетке жауаптымын. Сондай-ақ компанияның ішкі және сыртқы контентін жасаймын.

Мадина Расулова

Компания дамуы, бақытты және табысты болуы үшін қызметкерлерге қолайлы жағдай жасауға баса назар аударады. Microsoft барлық мәдени мерекелер мен іс-шараларды атап өтеді, түрлі халықтарды қолдау шаралары да бар. Жеке даралық ерекшеліктер мен шынайылықты қолдау көп.

Бізде Денсаулық күндері болып тұрады. Мұндай күндері адамдар өздеріне және жақындарына уақыт арнап, демалады. Teams жұмыс бағдарламасында артық жүктеме болмайтындай кірістірілген «Күн тәртібі бойынша ұсыныстар» бар. Қызметкерлер күн сайын өз көңіл күйін анонимді түрде бағалай алады. Осылайша, ай соңында команда менеджері ұжымдағы көңіл күйдің жалпы пайызын шығарады. Дауыс бергендердің көпшілігінің көңіл күйі нашар болса, менеджер қызметкерлердің жалпы жағдайын бағалап, оларға көмекте алады. Дәл осы бағдарлама қызметкерге үзілістерді автоматты түрде белгілеп, тыныштықта демалу үшін қысқа медитациялар немесе әндер тізімін ұсына алады. Таңертеңнен бастап жұмыс күніне бейімделуге немесе кешке демалуға арналған медитациялар бар. Бұл пандемия мен карантин кезінде көмектесті.

Мұндай қарым-қатынас қызметкерлердің компанияға деген адалдығын қалыптастырады және жұмысты беріле істеуге ұмтылысын арттырады.

Қоныс аудару қалай әсер етті

Шетелде тұру маған әлем туралы түсінігімді кеңейтуге көмектесті. Жаңа жерлерге бейімделу мені тәуелсіз, күшті және батыл болуға үйретті. Жаңа мәдениеттердің жаңа идеялары жаңа нәрселерге ашықтық пен үлкен эмпатияға үйретті.

Мадина Расулова

Мен өзімді әлемнің азаматымын дегенді ​​ұнатамын, өйткені мен әр жерден неше түрлі қасиеттерді, идеялар мен ойларды бойыма сіңіремін.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу