Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Марат Жыланбаев қыста қалай жүгіруге болатыны жайында
3342

20.12.2018

Марат Жыланбаев қыста қалай жүгіруге болатыны жайында

Марат Жыланбаев, 55 жаста, Карағанды облысы, Фрунзе кеңшары, жаттықтырушы, кәсіпкер




Astana Winter Marathon туралы



Мен барлық адамдардың назарын саламатты өмір салтына аударғым келеді. Астана – әлемдегі ең суық екінші орында тұрған экстремалды елорда. Бізде қаһарлы, бірақ мейірімді және мықты адамдар тұрып жатқанын көрсету керек.

20181212-WED_3062.jpg

Қыста қалада спорттық мерекелер аз. Адамдар шаңғы және конькимен жүгіретіні ешкімді таң қалдырмайды, ал қыста жүгіру – әдеттегіден тыс нәрсе. Мен осы стереотипті жойғым келеді. Себебі шынында кез-келген ауа райында жүгіруге болады, әрі ешқандай арнайы аяқ киімнің қажеті жоқ. Сол себепті 23 желтоқсан күні Триатлон саябағында екінші қысқы марафон өтеді. Биыл 4 қашықтық болады: 5 километр – 2 аса шағын шеңбер, 10 – бір шеңбер, 21 және 42 километр. Марафон аумағында барлық қатысушыларға арнайы ыстық шай дайындалып тұратын киіз үйлер тұрады.


Сол себепті 23 желтоқсан күні Триатлон саябағында екінші қысқы марафон өтеді




Қыста жүгіру туралы



Қай жаста болмасын, қыста жүгіруге болады. Менің ең үлкен оқушым 67 жаста. Ол ешқашан спортпен шұғылданбаған, өмір бойы жүргізуші қызметін атқарып, шылым шеккен. Бір ай бойы ол бірде-бір жаттығуды жібермей, 10 километрді 1 сағат 21 минут ішінде жүгіріп шықты. 67 жаста бұл өте жақсы.

20181212-WED_3051.jpg

Жүгірумен жыл бойы айналысу керек – осыны маған жаттықтырушым үйретті. Әсіресе, жылдың суық мезгілінде жүгіру керек, себебі қыстың таңғы ауасы таза болады. Далаға шыққанда, ең бастысы – бір орында тұрмау. Міндетті түрде жаттығу жасап, денеңізді қыздырыңыз. Ал киімдегі ең басты қағида – көпқабаттылық. Жүгіру кезінде аяқтар тоңбайды, себебі қан айналымы жақсы жүреді. Қадамдар қысқа болу керек.

Қолдар тоңуы мүмкін, сол себепті қолғап киіңіздер. Олар қатты керілмеген, былғары емес, дем алатындай болғаны жөн. Мойын жабық болуы керек, ол үшін бафтар, свитерлер, балаклавалар және бет үшін арнайы маскалар бар. Astana Winter Marathon-ның сөре пакетінде жүгіруге арналған жабысқыш маскалар болады. Ондай маска құлақтарды, мұрынды, ауыз бен мойынды жабады. Маңыздысы – дем алуға ыңғайлы.


Жүгірумен жыл бойы айналысу керек – осыны маған жаттықтырушым үйретті


Жүгіру кезінде сөйлесе алсаңыздар, онда бәрі де жақсы, сізге ауаның жеткілікті екенін білдіреді. Тамырдың соғуы 160 соққыдан аспағаны жөн.




Марафон алдында



Ұйқының алдында ағзаның дем алуы үшін артық тамақ ішудің қажеті жоқ. Артық ішіп қойсаңыздар, асқазаныңыз жұмыс істеп, ағзаңыз дем алмайды.


Сол себепті мен әр жексенбі күні сағат тоғызда өзінің күшін және қашықтықты байқап көруді қалайтын кез-келген адам қатыса алатын ортақ жаттығулар өткіземін



Таңертең старттан екі сағат бұрын таңғы ас ішіп алыңыздар. Тек өзіңіз дағдыланған тамақты ішу керек. Оған қоса өзіңізді еркін және ыңғайлы сезінетін киімді кию керек. Сол себепті мен әр жексенбі күні сағат тоғызда өзінің күшін және қашықтықты байқап көруді қалайтын кез-келген адам қатыса алатын ортақ жаттығулар өткіземін.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу