Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Мектеп. Мектеп АҚШ-да жоғары білім алуға қалай көмектесті және балаларға тәлімгерлер не үшін қажет
3030

13.12.2018

Мектеп. Мектеп АҚШ-да жоғары білім алуға қалай көмектесті және балаларға тәлімгерлер не үшін қажет

Марат Раимханов, 35 жаста, туған қаласы — Өскемен, ҚазГЗУ ЖЭМ оқытушысы


Өткені


Біз отбасымызбен жиі көшіп жүретінбіз, сол себепті мен төрт мектепте оқып шықтым. Өскемендегі ағылшын тілі бағытындағы № 38 мектеп-гимназиясында 9 жыл өткіздім. Бірінші сыныптан бастап мен ағылшын тілді ортаға ендім. Негізгі мақсат оқушыларға Англия, ағылшын салт-дәстүрлері мен мәдениетінің не екенін көрсету және бұл құндылықтар арқылы ағылшын тілді үйрету болды. Біз тоқсаныншы жылдардың өзінде Halloween, Әулие Валентин күндерін атап өтетінбіз.

20181018-WED_0575.jpg

Менің сүйікті пәнім Людмила Андреевна жүргізген ағылшын тілі болатын. Ол қазымыр адам еді, бірақ ешқашан айғаламайтын, әрі егер екілік қойса, біз соған лайық екенімізді білетінбіз.

Оған қоса маған тарих ұнайтын. Тарих мұғалімі де сабақты керемет жүргізетін. Тіпті сабақ берудің кейбір әдістерін мен есімде сақтап, бүгінде мұғалім ретінде мектепте қолданып жатамын. Біз ол кісімен әрдайым бірнәрселерді талқылап, археологиялық қазбаларға, мұражайға баратынбыз.

Менің мектебімде барлығы оқушыларды қызықтыруға ынталы болды.

Бізде Зинаида Николаевна деген жақсы директор болды. Ол кісі қатал, бірақ әділ жетекші болатын. Зинаида Николаевна және оның командасы орасан зор жұмыс атқарды және біздің бойымызға білімге деген сүйіспеншілікті сіңірді. Соның арқасында мен адам ретінде, жоғары оқу орынның оқытушысы, мектептегі мұғалім және коммуникация саласындағы маман ретінде әрдайым білім алуға талпынамын.

Соңғы 20 жыл бойы болып жатқан барлық нәрселер менің отбасым мен мектебімнің арқасында


Ағылшын тілімнің жақсы деңгейде болғанның арқасында мен Сүлеймен Демирел атындағы университетке грантқа түсе алдым. Ал үшінші курста мен КИМЭП университетінің журналистика саласында магистратураға қабылдау конкурсы жайында хабарландыруын көрдім. Осылайша мен «Қазақстан-Сорос Қорынан» тағы бір грантқа ие болдым. Кейін басқа мектепте оқысам, өмірімде болмайтындай одан да көп оқиғалар легі тізіліп шықты. Сонымен қатар мен «Болашақ» бағдарламасы арқылы оқып, MPA London School of Economics дәрежесін алдым. Кейін 2014 жылы мен Хамфри стипендиясына ие болып, АҚШ-қа түстім.

Соңғы 20 жыл бойы болып жатқан барлық нәрселер менің отбасым мен мектебімнің арқасында.


Бүгіні


Заманауи мектептер технологиялардың болуымен ерекшеленеді. Әлі күнге дейін «Корвет» деп аталған компьютерлері менің есімде. Бізді оларға ақырындап жақындататын, және де арқашан есікті кілттеп жабатын. Сол себепті технологиялар бізде болған жоқ. Ал қазір мен сабақ беріп жүрген мектептің барлық оқушыларында IPad бар. Арнайы бағдарламалардың пайда болғаны ыңғайлы, google forms-тың өзі де. Осылай мен оқушыларға квизге сілтемені жібере аламын, бағдарлама автоматты түрде баллдарды санайды, ал мен нәтижесін аламын. Бұл он минутты қамтиды.

20181018-WED_0571.jpg

Мен оқып жүрген уақытта білім берудің негізінде мұғалім болатын. Ұстаз басты рөлді ойнап, барлығы да оған қарайтын, және де ол біздің нені, қалай оқитынымызды айқындайтын. Бүгінде білім беру процесінің негізінде оқушы тұр, және де ол өзі нені оқығысы келетінін таңдайды.

Көптеген мемлекеттік мектептерде тәлімгерлік деген жоқ. Ал мектептерде ұстаздардан бөлек, баланы бағыттап, көмек көрсететін, кей жерде жаттықтырушы, кеңесші болатын тәлімгерлердің болуы қажет. Себебі балалардың сабақтан бөлек басқа да мәселелері болып тұрады.

Ал мектептерде ұстаздардан бөлек, баланы бағыттап, көмек көрсететін, кей жерде жаттықтырушы, кеңесші болатын тәлімгерлердің болуы қажет


Бұрын мектептерде кәсіби бағдарлау курстарының жоқ болғанын ең басты жетімсіздік деп санаймын. Бізден болашақта кім болуды қалайтынымызды сұраған емес. Қазірде көптеген мектептерде кәсіби бағдарлау жұмысы мұқият жүргізілуде. Ал біздің мектепте оқушыларға қандай мамандыққа, қандай жоғары оқу орнына түсуге болатынын анықтауға, қай жерде гранттар бар екенін, балама таңдауларды ұсынып, көмектесетін эдвайзер мұғалімдер бар.


Ертеңі


Менің екі қызым өсіп келеді; үлкені Дария, оған бес жарым жас, кішісі Қорлан төрт жаста. Сол себепті мені мектептегі білім беру тек мұғалім және азамат ретінде ғана емес, әке ретінде де қызықтырады. Мектеп қыздарымның бойындағы дарындарын ашып, қолдау көрсеткенді қалаймын. Олардың қатал нұсқамаларда, басқа адамдардың пікіріне тәуелді болғандарын қаламаймын. Мен балаларымның еркін және бақытты болып өскендерін қалаймын. Сол себепті маған Финляндия мен Сингапурдағы мектеп жүйелері ұнайды.

20181018-WED_0587.jpg

Мен үшін қыздарымның орыс классиктерінің шығармаларын, тригонометрияның негіздерін немесе Бородино шайқасының күнін жатқа білгендері маңызды емес. Балалардың нені істеуді жақсы көретіндері және оны әрі қарай қалай дамытып, қалай пайдаға асыруға болатынын түсінгендері маңызды.

Мен мектептердің министрлікке тәуелсіз болуы үшін, өздерінің академиялық бағдарламаларының болғанын қалаймын. Әрі болашақ мектептер мен мұғалімдердің бос уақыттары барынша көп болғанын, ал ұстаздың еңбегі жақсы төленіп, қоғамымызда бұл мамандық абыройының өскенін қалаймын.

Мен балаларымның еркін және бақытты болып өскендерін қалаймын


Мектептер көп кеңістікке ие Google офисінің үлгісі бойынша құрылып салынса, жақсы болар еді.

Ата-аналар оқу процесіне тартылуы тиіс. «Сенің күнің қалай өтті? Қандай жақсы немесе жаман жағдайлар болды?» деген сұрақтардан бастау қажет.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу