Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Не себепті ресейдегі қазақтар атасының атындағы тегін сирек алатыны туралы
4058

28.06.2018

Не себепті ресейдегі қазақтар атасының атындағы тегін сирек алатыны туралы

Нурсултан Курмашев, 25 жаста, Казанское кенті, Тюмень облысы, мемлекеттік қызметкер

2b9f8c2052f2f924b1b4768abe5bf70d.jpg

Бірінші сыныпқа барған кезде әкем тегімді ауыстыру туралы ұсыныс жасады. Ол кезде барлық жерде мені бейресми түрде Курмашев деп жазған еді, ал ресми түрде тегімді кейінірек ауыстырдым. Бұл қиын болған жоқ, алдымен төлқұжатымды алдым, ал бір айдан соң жаңа тегіммен басқасын алдым. Айналамдағылар әрине таңғалды, бірақ түсіністікпен қарады. Менің таныстарымның арасында бірнеше, ал нақтырақ айтатын болсам, тегін ауыстырған үш адам бар. Нақты себептерін білмеймін, бұл жай ғана үлкендерге сыйластық таныту, дәстүр.

Біздің отбасымызда тегі ұрпақ бойынша ауысқан, және әзірше мен балаларымның тегін ауыстыру жайлы ойланған жоқпын. Олардың да тегі сондай болып қалатын секілді.

Ресейде бұл дәстүр айтарлықтай маңызды емес, көбісінің есінде жоқ және олар ол туралы алаңдағысы келмейді, бірақ оның алатын орны бар. Менің ойымша, бұл туралы ұмытпаған жөн.



Манарбек Рахимов, 26 жаста, туғанжері — Тюмень, электроэнергетика


Мен арғы атамның тегін алдым, есімі Рахим. Ол өте ақылды әрі сыйлы адам болды. Ата-анама менің есімімді Манарбек деп атауын айтты.

1_хуавей.jpg

Туыстарым менің шешімімді қолдады, алайда сыныптастарым мен достарым кішкене таңғалды, себебі олар ешқашан мұндай дәстүр жайлы естімеген еді. Үрдістің өзі қиын болған жоқ, жалғыз жасайтын нәрсе — құжаттарды ауыстыру қажеттілігі.

Құжаттармен қиындық тек 18 жасқа дейін туындады. Шетелге шығу қиын болды, себебі онда тек ата-анамен бірге шығуға рұқсат етілді. Және менің тегім басқа, ал ата-анамның тегі басқа болғандықтан, өзіммен бірге туу туралы куәлікті алып жүру керек болды, себебі ол жерде олар менің шын мәніндегі ата-анам екені көрсетілген. Балаларым жайлы айтатын болсам, ұлым менің тегімді алды, бірақ келешекте ол оны атасының немесе арғы атасының есіміне ауыстырам десе, мен қарсы болмаймын.

Мен Ресейде бұл дәстүр жылдан-жылға жоғалып келеді деп ойлаймын. Дәстүрлер маңыздылығынан айырылып келеді, себебі Ресейдегі қазақтар орыстанып, мәдениеті мен тілі жағынан орыстарға ұқсас болып кетті. Менің мұндай таныстарым бір қолдың саусақтарымен санауға келеді, бар болғаны бірнеше адам.

Бұл — дәстүр сыйластықтың құрметі, ата-бабаларымызды есімізде сақтайтындықтың белгісі. Және менің ойымша, біздің халықтың барлық салттарын сақтап, сыйлау керек.



Жарылгасын Арыстанов, 21 жаста, туған жері — Омбы, өнеркәсіп


Тегімді бұрыннан бері ауыстырғым келді, себебі ол атамның тегісі және оның ұмытылып қалуын қаламаймын. Атам менің есімімді қойды және тегім де сондай болу керек деп есептеймін. Үрдістің өзі қиын болған жоқ, жақындарым қолдау көрсетті. Ресейде бұл дәстүрдің қаншалықты таралғандығын білмеймін, бірақ менің таныстарымның арасында ондайлар аз.

Тегімді ауыстырғаннан кейін қиындықтар туындаған жоқ және болашақта өзім алған текті балаларыма да беремін деп ойлаймын.

Бұл мәселеде барлығы адамға, оның ынтасына байланысты деп ойлаймын. Егер ол ата-бабалары жайлы естелікті сақтап қалам десе, оны оңай іске асыруға болады.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу