Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Оңтүстік аймақтағы қалалардың 19 ерекшелігі: Қызылорда, Түркістан, Тараз және Талдықорған
4813

19.06.2018

Оңтүстік аймақтағы қалалардың 19 ерекшелігі: Қызылорда, Түркістан, Тараз және Талдықорған

Қызылорда


— Қызылорда тұрғындарының көп бөлігі қазақтар. Қазір қалада 250 мыңнан астам қазақтар тұрып жатыр, олар халықтың 95% құрайды

— Қызылорда— қазақстандық күріштің отаны. Елдегі рекордтық өнім көлемі осында өсіріледі

— қала орналасқан Сырдария өзені тек бірнеше айға қатып қалады. Қалған уақытта ол шаруашылықта қолдануға қолайлы

— аңыздарға сәйкес қобыздың негізін салушы Қорқыт Ата Сырдария өзенінің бойында мекендеген. Қазір оның кесенесінің орнында ансамбль бар. Қорқыт Ата ескерткіші Қызылордаға жақын маңда орналасқан.

Түркістан


— тарихи ескерткіштер арасында ең танымалдарының бірі Қожа Ахмед Ясауи кесенесі Түркістанда орналасқан

—Түркістан мен оның аудандарында көптеген өзбектер тұрады. Халықтың тең жартысына жуығы —өзбектер

— алайда ұлттарына қарамастан қала адамдары қазақ тілінде жақсы сөйлейді

—Түркістанды ұлттық ас үйдің гастрономиялық астанасы деп атауға болады

—Түркістан— тарихи көрікті жерлердің ең атаулысы. Қазақстанның орта ғасыр тарихына қызығушылық білдіретін көптеген Азия және Еуропа шетелдіктері Түркістанға келеді

Тараз


— Тараз— Қазақстанның оңтүстігінің ең жасыл қаласы

— Қалада бұрын Түркістанға келіп, ары қарай өмір сүруге қалған көптеген түріктерді кездестіруге болады

— Тараздылықтар белсенді әрі позитивті, бірақ шымкенттіктер секілді әбігер емес

— Таразда оңтүстік аймақтарда сөйлейтін диалект қолданылады. Алайда ол Қызылордада секілді дөрекі емес

— Тараз аймақтары фосфорға бай. Қазақстандағы форфордың көп бөлігін Жамбыл облысында өндіреді.

Талдықорған


— Талдықорған —Алматы облысының әкімшілік және өнеркәсіптік орталығы

— Талдықорғандық «Жетісу» футбол клубы— еліміздің мықты клубтарының бірі

— Ілияс Жансүгіров— көрнекті қазақ ақыны Жетісуде туылған. Талдықорғанда оның құрметіне Мәдениет Сарайы аталған, сонымен қатар әдеби мұражай және ескерткіш бар

— Талдықорғанда ірі кәріс диаспораларының бірі бар. Олар саны бойынша елімізде тұрып жатқан қазақтар және орыстардан кейінгі үшінші ұлт

— Талдықорғандықтар қатал және айбатты болып есептеледі, бірақ шын мәнінде олар өте қонақжай және мейірімді.

Аслан Мухаметкалиевке, Жұлдыз Жунусоваға, Қанжар Азимбекке және Рамазан Жұмабекке алғысымызды білдіреміз.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу