Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Оңтүстік Кореяда жерлестеріңді қайдан табуға болады: шетелге қоныс аударушыларға бейімделуге көмектесетін «Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтар» қауымдастығы туралы
2403

15.12.2022

Оңтүстік Кореяда жерлестеріңді қайдан табуға болады: шетелге қоныс аударушыларға бейімделуге көмектесетін «Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтар» қауымдастығы туралы

Диана Сағиева Оңтүстік Кореяда тұрады және шетелдегі өмірі туралы блог жүргізеді. Ол «Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтар» тобын қалай құрғанын айтып, оның ерекшеліктерімен бөлісті.


Диана Сагиева, қаласы — Кванджу, «Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтар» қауымдастығының негізін қалаушы, YouTube


Диана

Өзім туралы


Оңтүстік Кореяға алғаш рет 2003 жылы өзімнің үйлену тойыма келдім. Күйеуім Кванджудан, Корея Республикасының азаматы. Содан бері жыл сайын жазғы демалыс кезінде осы жаққа келіп тұратынбыз.

Диана

2014 жылы, үш баламыз болған кезде, біз Кореяға көшуді шештік. Кореяда мен бірден неке визасын алдым. Алғашында үйде отыратынмын. Бос уақытымда көп мәдениетті отбасын қолдау орталығына баратынмын, оған қоса кәріс тілін үйреніп жүрдім.

2016 жылы мен YouTube канал аштым және Facebook желісінде «Оңтүстік Корея орыс тілінде» атты топ құрдым. Кейіннен Кореяда тұратын қазақстандықтар үшін топ құру идеясы туындады.

Бәрі қалай басталды


Қоныс аударардан бұрын мен Корея туралы көп ештеңе білмейтінмін. Жыл сайын жазғы демалыста турист ретінде келіп жүрсем де, бұл елдің ішкі өмірі жайлы, ерекшеліктері жайлы білуіме аздық етті. Сондықтан қоныс аударғасын түрлі қиындықтарға тап болдым. Баруым керек жерге қандай автобустар жүретінін, жол ақысын қалай төлеу керектігін де білмедім. YouTube сайтында пайдалы ақпарат өте аз болды. Ал күйеуім ұзақ уақыт Қазақстанда тұрғандықтан, ол да көп нәрсені ұмытып қалған. Бәрін өзім үйрендім, кейде орыс тілді байырғы тұрғындар көмектесетін.

Сондықтан алған білімім мен дағдыларымды Кореяға енді қоныс аударғандармен бөлісуді жөн көрдім. Осылайша қазақстандықтар қауымдастығын құрдым.

Диана

Мақсаты мен идеясы туралы


Кореяда көптеген қандастарымыз тұрады. Олар негізінен этникалық кәрістер. Ел үкіметі оларға көмектеседі, жұмыс істеу құқығымен виза береді. Сондай-ақ заңсыз мигранттар да бар. Олар бұл елге тәуекелге бел буып келеді. Бұлар — кез келген уақытта депортациялануы мүмкін осал топтың адамдары. Одан бөлек, Оңтүстік Корея университеттерінің студенттері, оңтүстік кореялықтардың жұбайлары мен түрлі клиникалардың емделушілері бар.

Біздің топтың құрамында көптеген адамдар бар. Олардың барлығына көмек немесе достар, жаңа таныстық қажет. Біреуге қызметтерді, емханаларды, орыс тілді шеберлерді, аудармашыларды іздеу бойынша кеңес керек. Ал кейбіріне Қазақстанға сәлемдеме жіберу керек дегендей. Ал енді тағы біреулері жай ғана сөйлескісі, араласқысы келеді. Әр қалада жүрсек те, біз бір-бірімізді қолдаймыз.

Топта жұмыс туралы хабарландырулар жарияланып тұрады. Топта заңсыз нәрселер жазбаймыз, өйткені бұл біздің адамгершілік құндылықтарымызға қайшы келеді. «Мен виза алуға көмектесемін» сияқты стильдегі жарнамаларға да тыйым салынады. Өйткені визаларды тек Корея Республикасының консулдығы береді. Визаға көмектесуге немесе шекараны «проблемасыз» өтуге уәде беретін кез келген адам — ​​алаяқ. Бұл заңға қайшы.

Әр қалада жүрсек те бір-бірімізді қолдаймыз


Сондай-ақ біз дау-жанжал тудыратын тақырыптарды қозғамаймыз. Қазақстан — 130-дан астам ұлттың Отаны. Біз барлығымен достық қарым-қатынаста болуға тырысамыз.

Қауымдастықтың қызметі туралы


2018 жылдан бері Оңтүстік Кореяға көптеген заңсыз иммигранттар қоныс аударып, жергілікті халықтың наразылығын тудырды. Дегенмен жақсы жаңалықтар да болып тұрды. Олардың арасында 2021 жылы ерлік жасаған Алиакбар Юлдашев бар: ол бес адамды өрттен аман алып қалды. Бұл үшін Корея үкіметі оған F-5 визасын беріп, арнайы марапаттарды табыс етті.

Біз де ардагерлерге де барып тұрамыз. Наурыз мерекесімен құттықтаймыз, бауырсақтан дәм татқызамыз. Осындай әсем елде тұруға мүмкіндік берген жергілікті тұрғындарға алғысымыз шексіз. Кванджу қаласында сенбілік ұйымдастырамыз. Бәріміз жиналып шай ішеміз, әңгіме-дүкен құрамыз. Барлық игі істерді фейсбукта #кореядағы_қазақтар хэштегтерімен пост түрінде жариялаймыз.

Қауымдастық мүшесі болу үшін не істеу керек


Топқа қосылу үшін Кореяда тұрудың қажеті жоқ. Біз бәрін қуана-қуана қарсы аламыз, әртүрлі ақпарат көп. Бұл Кореяда жүргендер үшін де, бұл жаққа енді қоныс аударғысы келетіндер үшін де пайдалы.

Кореяда ұзақ уақыт тұрып жатқан, туған жерін сағынатындар да жаңалықтардан хабардар болғысы келеді немесе туған жерлерін сағынышпен еске алғысы келеді. Сондықтан топта Қазақстанның түрлі қалаларының суреттерін жариялауға болады.


Меню

Істер

Қала 24

Шолу