Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/168/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/168aa4c7b35b8d5195d6155c68ae8e83.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Отбасылық істі кімдер жалғастыруда: танымал алматылық суретшілер, композиторлар және ақындардың 9 әулеті
2759

25.05.2020

Отбасылық істі кімдер жалғастыруда: танымал алматылық суретшілер, композиторлар және ақындардың 9 әулеті

Әбілхан Қастеев және шөбересі Айсаным Қастеева, @aisanym_qasteeva


кастеева.jpg

Қызмет бағыты: кескіндеме, дизайн

Әбілхан Қастеев қазақ кескіндемесінің негізін қалаушы. Суретшінің «Турксіб» және «Гүлденген аламалар» картиналары тарих оқулықтарында жиі көрсетеді. Отбасында ұлы ата-бабаның ісін немересі — интерьер дизайны бойынша маман, шөбересі Айсаным — театр және кино костюмдері бойынша суретші жалғастыруда. Сондай-ақ Айсаным профессор, кескіндемеші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Мұхит Қалимовтың немересі.



Бибігүл Түлегенова және немересі Малика Түлегенова, @tmt.interior


тулегенова.jpg

Қызмет бағыты: музыка, менеджмент

Бибігүл Төлегенова — кеңестік және қазақстандық опера әншісі, Қазақстанның сопраносы, КСРО Халық әртісі. Әулет тек музыканттардан ғана тұрмайды, отбасында физиктер мен футболшылар да бар. Әншінің немересі — ивент-менеджер және интерьер дизайнері


.

Әлібек Днишев және қызы Тамила Днишева, @masterskaya_na_cherdake


днишева.jpg

Қызмет бағыты: музыка, кәсіпкер

Опера және камералық әнші Әлібек Дінішевтің отбасы да шығармашылықпен айналысады. Тенордің қызы Тамила — бизнесвумен және Алматыдағы бор бояулары брендінің өкілі.



Ақын Нүрпейіс Байғанин және Наргиза Байганина, @time_lord13


байганина.jpg

Қызмет бағыты: поэзия, ғалым

Алматыда белгілі дала ақыны Нұрпейіс Байғанин әулеті тұрады. Ақын «Ақкенже», «Нарғыз», революциядан кейінгі «Мәскеу» және «Ленин» деген лирикалық шығармаларымен танымал болды. Шөбересі Наргиз қазір 17 жаста, ол химия және медицина ғылымдарымен айналысады.



Ораз Жандосов және немерелері Ажар мен Лааль Жандосовтар


джандосова.jpg

Қызмет бағыты: саясат, тарих, кескін

Ораз Әлиұлы — қазақ экономисі және мемлекет қайраткері. Оның құрметіне қалалық магистральдардың біріне атауы берілді. Ораз қазақ мәдениетінің сақталуы үшін сөз сөйледі. Оның немересі Ажар қазір Алматыда белсенді жастардың бірі, ал екінші немересі Лааль — тарихшы, жазушы және суретші.



Дінмұхамед Қонаев және Жаннет Серікбаева



Қызмет бағыты: саясат, ғылым, педагогика

Қазақ КСР Компартиясының бірінші хатшысының балалары болған жоқ. Бірақ Алматыда мемлекет қайраткерінің туған немере-шөберелері көп тұрады. Олардың бірі — Дінмұхамед Ахмедұлы мұражай-үйінің ғылыми қызметкері Жаннет Серікбаева және ҚазҰУ-дың бұрынғы оқытушысы. Қонаевтар сондай-ақ сәулетші Төлеу Басенов пен Мұхтар Әуезовпен туыс болып келеді.



Нұрғиса Тілендиев пен қызы Динара Тілендиева, @dinaratlendiyeva


тлендиева.jpg

Қызмет бағыты: музыка

Нұрғиса Тілендиев — қазақ композиторы, КСРО Халық әртісі. 12 жасында ол Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің концертмейстері, 14 жаста — дирижер атанды. Ұлы музыканттың кіші қызы Динзухр аты Дінмұхамед Қонаевтың және оның әйелі Зухра Шарипқызының құрметіне қойылды. Динара — «Отырар сазы» Мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері.



Мұқағали Мақатаев пен қызы Шолпан Мақатаева



Қызмет бағыты: поэзия, ғылым
Мұқағали Мақатаевтың поэзиясы қазақстандық жастарға жақын, ал «Үш бақытым» өлеңін әр оқушы жатқа біледі. Ақынның қызы Шолпан Әл-Фараби Атындағы ҚазҰУ-да жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасында жұмыс істейді.



Жания Аубакирова және ұлдары Алмас пен Алихан, @aubakirova.zhaniya


аубакирова.jpg

Қызмет бағыты: музыка, менеджмент, ғылым

Шебер пианист Жәния Әубәкірова 1997 жылдан бастап 2018 жылға дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болды. Екі ұлының да музыкаға қатысы жоқ: үлкені математикамен айналысады, АҚШ-та оқыды, ал кішісі КИМЭП-те менеджментті бітірді.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу