Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Отбасылық кәсіп. Райхан Сахариянова және Шыңғыс Ақылбай / Tiflani аяқ киім дүкендер желісі
4038

Райхан Сахариянова 43 жаста, туған қаласы — Жамбыл, бас директор

Шыңғыс Ақылбай 22 жаста, туған қаласы — Алматы, заңгер, маркетолог

15.01.2019

Отбасылық кәсіп. Райхан Сахариянова және Шыңғыс Ақылбай / Tiflani аяқ киім дүкендер желісі

Отбасылық кәсіп: Tiflani аяқ киім дүкендер желісі

Қызмет аясы: жекелеп сату

Негізі қаланған жыл: 2007


Бәрі қалай басталды


Райхан. Мамандығым бойынша мен дәрігер-эпидемиологпын, менің жұмыс өтілімім он жыл. 2007 жылы Алматыдан Астанаға көшкен кезде, осында барлық қалаға бары бір ғана санитарлық-эпидемиялық станция болды. Сол уақытта Алматы аудандарға бөлініп жатты. Сол себепті мен біраз үзіліс алып, мамандығым бойынша жұмыс істемеуді шештім.

20180427-WED_4992.jpg

Біздің қызымыз үш-төрт жаста еді, біз оны сәнді, әдемі киіндіргіміз келетін, бірақ Астанада бұл қиын еді. Сол кезде сауда орталықтарынан қазірде Keruen City деп аталатын MEGA ғана болды. Осы мәселеге тап болғаннан кейін, мен балалар дүкенін ашқым келеді деген шешімге келдім. Сол кезде балалар фабрикаларымен тәжірибем болмай, мен белсенді түрде интернетте іздей бастадым да, өзіме таныс фабрикаға жаздым, мен шетелде болғанда олардың өнімдерін алатынмын. Брендтің атауы Tuzamа еді, фабрика Гонконг қаласында орналасқан, бұл алыс, әрі оған жету қиын еді. Бірақ біз күйеуімізбен бәрібір кездесуге бардық, бізге бәрі ұнады және біз жеткізілім бойынша келісімшартқа отырдық. Біз франшиза алып, Астана қаласы бойынша бірегей құқықтарға ие болдық. Осылайша 2007 біз өзіміздің алғашқы дүкенімізді аштық.

Біздің алғашқы бутигіміз «Хан Шатыр» СОСО-да орналасқан, оның ауданы бары 40 шаршы метр еді. Сол кезде үлкен бәсекелестік болған жоқ және біздің өз сатып алушыларымыз пайда болды. Tuzama брендінде бізге сапасы да, құны да – барлығы ұнайтын. Бірақ біз фабриканың жеткізілім мерзімін бұзып жатқанына тап болдық, ал біздің маусымдарымыз Гонконгқа қарағанда ерте ауысып отырады. Қысқы маусым өнімдері келіп жеткенше, Астанада әлдеқашан суық болатын. Біз маусымға сай тауарларды сатуға үлгерген жоқпыз, сол себепті шығынға ұшырадық. Екі коллекциямен жұмыс істеп болғасын, мен жедел түрде басқа бренд іздей бастадым. Испандық фабрикамен таныстым, бренді MAYORAL деп аталған. Орналасқан жерімізге тез жөндеу жұмыстарын жасап, ребрендинг өткізіп, MAYORAL маркасы бойынша ашылдық. Испандықтар бұл мәселе бойынша ұқыпты болды, келісімнің шарттарын бұлжытпай орындады, мен олармен бүгінгі күнге дейін қызмет істеп келемін. Дүкеннің ауданы кішкентай болатын, біз кеңірек орынды тауып, осы маркамен басқа дүкенде ашылдық.

20180427-WED_5018.jpg

Сонымен қатар біз балалар аяқ киімі кәсібін дамыта бастадық, себебі мен дүкенде тұрған кезде, әрдайым келушілерден балалар аяқ киіміне деген сұранысын байқадым. Сол кезде «Хан Шатырда» Intertop қана болатын. Аяқ киімге деген сұраныстың жоғары екенін түсініп, мен үйде күйеуім мен баламмен кеңесіп, бұл тауаша бос тұрғанша оның орнын алуды шештік. Біз «Хан Шатырда» жақсы бейімделдік, кәсібіміздің бірден жүруі үшін қандай аймаққа тұру керек екенін түсінетінбіз. Мен Стамбулға барып, Tiflani түрік брендімен келісімшартқа отырдым және Астанадағы барлық ірі сауда орталықтарында олардың өнімдерін сату бойынша айрықша құқықтарға ие болдым. Бастапқыда балалар аяқ киімінің шағын дүкенін 25 шаршы метр аумағында аштық. Сұранысы жақсы болды және осы аудан біз үшін тығыз болып кетті. Сол себепті алдымен жанымызда тұрған кішкентай бутикті алдық, кейін тағы да біреуін алдық, нәтижесінде үш бутикті біріктіріп, «Хан Шатырда» 100 шаршы метрге ашылдық.

Біз бір дүкенде балалар аяқ киімінің үлкен сұрыптамасын ұсынумен нарықты бағындырдық. Әдеттегідей барлық мультибрендтік дүкендердің балалар аяқ киімінің әрбір бренді бойынша үш-төрт үлгі ұсынады. Біз әрбір маусымға арналған бір бренд бойынша 60-70 үлгі ұсына алдық және баға мен сапаның үйлесімі жақсы болды. Оған қоса Тiflani бренді нарықта танымал болатын.

Осыдан кейін біз өзіміздің желімізді дамыта бастадық, қосымша басқа сауда орталықтардың ұсыныстарын қарастыра бастадық. Бутиктерімізді аша бастадық, бір жерде сатылымдар болды, ал кейбір жерлерде болған жоқ. Бүгінде бізде балалар аяқ киімінің төрт дүкені бар, олар қаланың ірі сауда орталықтарында орналасқан. Біздің ойымызша біз оптималды түрде брендімізге сай келетін сауда орталықтарын таңдадық. Өткен жылдың наурыз айында Mega Silk Way-де ашылдық, «Евразия-3» сауда орталығында 2016 жылы, ал биылғы жылдың наурыз айында Asia Park СОСО-да ашылдық. Демек, біз әр жылдың наурыз айында жаңа дүкенімізді ашып отырдық.

20180427-WED_5000.jpg


Біздің қағидалар мен дәстүрлер


Райхан. Біздің ең басты қағидамыз – клиентке бағдарланған қызмет. Біздің клиент – балалары бар аналар. Кейбір кезде олар шаршап үш баламен бірге келеді, олар өздеріне айрықша көңіл бөлуді талап етеді. Біздің қызметкерлеріміз аяқ киімді сатып қана қоймай, аналарға көмектесіп, балаға сай келетін аяқ киімді өздері қарап, кигізіп, тексеріп жүреді. Клиент риза болып, осы аяқ киімді қалағанынша киіп жүруі үшін біз жаңа кадрларды оқытқан кезде, әрқашан шыдамдылыққа, ықыластылыққа ерекше көңіл аударамыз. Біз әрдайым маусымға қандай аяқ киім сай келетіні бойынша кеңес береміз. Баланың табанында ақаулық болса, қандай аяқ киім үлгісі сай келетіні бойынша кеңес береміз.

Жалпақтабан, қисық аяқтың алдын алуы үшін бізде фабриканың білікті медицина қызметкерлерімен жасалған арнайы ортопедиялық аяқ киім үлгілері бар. Ал тігуге жіберер алдында аяқ киім міндетті түрде сертификатталады. Фабрика табанның ақауларына сай жасап шығаратын аяқ киімдерінің ыңғайлылығына және оның кері әсер етпейтініне кепілдік береді.

Оған қоса бізде аяқ киімнің анатомиялық үлгісі бар. Tiflani фабрикасы аяқ киімді жасқа сай тіге отырып, аяқтың барлық бүгілісін ескереді. Клиенттер анатомиялық аяқ киімнің не екенін түсіне бермейді және тек ортопедиялық аяқ киімді алғысы келеді. Бірақ ол балаға тек аяқта бір ақаулық болса ғана немесе дәрігер-ортопед алдын-алу үшін ұсынса ғана қажет болады. Егер бала өзінің жасына сай дамып жетілсе, біз анатомиялық аяқ киімді таңдауға кеңес береміз.

20180427-WED_4997.jpg

Екінші қағидамыз – трендте болу. Балалар аяқ киімі болса да, аналар балаларының сәнді болғандарын қалайды. Әр жылы белгілі бір түс, үлгі бойынша белгілі бір тренд болады. Біздің фабрика әлемдегі сән үрдістерін бақылайды. Әрбір маусымда біз келушілерге жаңа топтаманы ұсынып, үлгілердің қызықты болғанын тырысамыз. Жалпы балалар аяқ киімі болғасын, біз қолайлыққа, жайлылыққа, беріктікке көңіл бөлеміз. Фабриканың сапаны арттыру бойынша жұмыс істегеніне тырысамыз, егер аяқ киім үлгісінде есепке алынбаған мәселе болса, ардайым клиенттердің пікірлерін береміз.

Біздің дүкендерімізде аяқ киімдердің өлшемдері 17-ден 40-қа дейін ұсынылған, яғни туған кезден бастап кез-келген жасқа арналған.

Шыңғыс. Фабрика сәнді аяқ киімді шығаруға тырысады. Балаларына аяқ киім таңдаған аналар аяқтарының өлшемі тым үлкен болмаса, өздеріне немесе күйеулеріне де жиі алады.

Райхан. Біздің аяқ киіміміз тек былғары болып келеді. Үлкендерге арналған аяқ киім үлгілерінде егер аяқ киімнің іші де, сырты да былғарыдан жасалса, бағасы қымбат болады. Ал бізде балалар аяқ киімі болғандықтан, оның іші де, сырты да былғары. Фабрика аукциондарда әлемдегі ең жақсы былғарыны сатып алады. Оның өзінде біз жақсы бағаларды сақтаймыз. Ересек адамдар сапаны бағалап, біздің осы басымдықтарды түсінеді.

20180427-WED_5041.jpg

Біз орташа бағалық сегментін алып жатырмыз. Біз барлық өнімді Қазақстанға тек ұшақтармен әкелеміз. Бұл жеткізілімге кететін үлкен шығындар. Оған қоса өнімді сертификаттауға, кеден бажына, ҚҚС кететін шығындар бар. Сол себепті тауардың өзіндік құнына белгілі жүктеме түседі. Девальвациядан кейн біздің бағаларымыз жоғары болып кетті. Қазірде бес қызы бар аналар келеді, мен өзім екі баланың анасы ретінде маусымға сай барлық балаларға осындай баға бойынша аяқ киім алу өте қиын екенін түсінемін. Сол себепті қызметкерлермен кеңесе отырып, бухгалтермен есептеуді өткізіп, біз маржиналдылығымызды 50 пайыздан 30-ға дейін төмендеттік. Клиенттерімізді жоғалтпау үшін біз жалақымызды төмендетіп, айналымды дамытуды шештік. Қазір біз осы 30 пайызбен жалдамамызды өтеп, салық төлейміз және барлық қызметкерлерімізге жалақы береміз.


Біздің жұмыс күндеріміз


Райхан. Мен өзім үшін жақсы көмекшілерді өсірдім. Менде іссапарлар жиі болып тұрады және Шыңғыс әрдайым менің орнымда қала алады. Алматыда дәрігерлік жұмысымен қатар мен әртүрлі бутиктер ашатынмын. Біз парфюмериямен, косметикамен айналыстық. Сол кезде Шыңғыс кішкентай еді, менің қасымда барлық бизнесті іштен көріп жүрді. Ол өсті және оның не және қалай істеу керектігі жайында нақты түсінігі пайда болды. Ол жай ғана дүкенге қарап, жобаның қаншалықты табысты екенін түсінетін. Қазірде ол толықтай маркетинг және жарнама мәселелерімен айналысады. Ол жас және креативтірек, сол себепті мен оған алға жылжытумен айналысу құқығын бердім.

20180427-WED_5046.jpg

Менің командам жақсы. Бизнесте барлығын өзіме істеуіме тура келген кез болды. Мен талмай еңбек еттім, «Хан Шатырда» қонып, өмір сүрдім. Таңертең үйге келетінмін, себебі сауда орталықтарында күндіз тауарды алу, оларды орындарына қою сияқты жұмыстарды атқаруға рұқсат бермейді. Ал біз әрдайым кеңейіп, бутиктен бутикке көшіп жүретінбіз, жиі жөндеу жұмыстары болатын. Кейін күйеуім маған әрі қарай осылайша жұмыс істеп, ауыр жүк артуға болмайды деп айтты. Мен команда жинай бастадым. Мені адами және іскерлік қасиеттерімен сай келетін дүкен директорын екі жыл таңдадым. Менің жолым болды, мен лайықты адамды таптым – оның есімі Евгений, біз әлі күнге дейін бірге жұмыс істеп келеміз. Ол O’STIN компаниясында әкімші орнында бес жыл жұмыс істеді, яғни тәжірибесі болды, жақсы даярланған кадр келді деген сөз және оны негіздерге үйретудің қажеті болған жоқ. Бүгінде ол өзінің жұмысын жақсы атқарады, мен оған ризамын. Менде есепті, кадрларды қабылдау, жұмыстан шығару мен іс қағаздарын бақылайтын мықты бухгалтерлер командасы бар. Адамдар жағынан менің жолым болды.

Шыңғыс. Отбасылық белсенді түрде кәсіпке мен өткен жылдың соңында қосылдым. Заңгер дипломын алып, біраз жұмыс істедім, бірақ маған ұнамады. Өзімді бизнесте көруді шештім. Бізде жұмыс істеп жатқан бизнес бар болғандықтан, мен оған қосылып, көмектесе бастадым. Біздің сатылымдарымыз жақсы жүріп жатыр. Бізде сапа, сұрыпталым жағы жақсы, бірақ дүкеннің маркетингтік жағы осал. Мен маркетингті іске қоссақ, одан да жақсы болады деп есептедім. Осы салада менің білімім аз екенін сеземін, сол себепті әртүрлі мастер-кластарға, семинарларға қатысамын. Көңілдің басым бөлігін Instagram желісіне аударамыз, қазірде біз сайтымызды жасап шығару процесі үстіндеміз.

20180427-WED_5004.jpg


Біздің тәжірибеміз


Райхан. Бізде ірі сауда орталықтарында ұсынылған төрт дүкендеріміз бар және бұл біздің қаламызға жеткілікті. Tiflani қызмет көрсетуі, сапаны жақсартуы бойынша жұмыс жасайды, біз әр маусым бойынша көбірек сұрыптаманы ұсынуға тырысамыз. Оған қоса нарыққа жаңа нәрсені енгізгіміз келеді, менің ойымша, аналар риза болады.

Шыңғыс. Интернет-дүкенді ашуды және Қазақстан бойынша жеткізу қызметін іске қосуды жоспарлап жатырмыз, себебі сұраныстар бар.

Райхан. Жақында Астана қаласы бойынша жеткізу қызметін іске қосамыз. себебі сұраныстар үлкен, кейбір кезде аналар балаларымен сауда орталықтарына шыға алмай жатады. Жедел жағдай кезінде, аяқ киімді үйге әкеліп беруді сұрағанда, біз құтқарамыз. Шыңғыс өзі барып, аяқ киімдерді киіп көруге көмектескен кездер де болды. Біздің клиенттеріміз жақсы, біз оларды бағалаймыз, дисконттық жүйені енгізудеміз. Көп балалы аналарға әрқашан қосымша жеңілдіктер ұсынамыз.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу