Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/3ff/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/84x27q3ju5b3gexs5ujm4m751vbj5iy0.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Пайдалы контент түсіретін отандық блогерлер
1319

17.08.2024

Пайдалы контент түсіретін отандық блогерлер

Ассел Амангелді — блогер


Шымкент қаласының тумасы. Назарбаев университетінің түлегі. Биыл Гарвард университетіне грантқа түскен танымал кәсіпкер. Парақшасында ағылшын тілін меңгеруге арналған жеке мәліметтерімен қоса, әлемдік университеттерге түсуге арналған пайдалы техникаларымен бөліседі.

Мадина Алданияз — рилсмейкер, мобилограф

Қызылорда қаласының тумасы. 23 жасына дейін Қыран Талапбек, Данил Матхуно секілді танымал тұлғалардың мобилография курсын аяқтап, танымал жұлдыздармен жұмыс атқарған. Парақшасында сапалы видео, рилстарды қалай түсіру техникаларын үйретеді.

Маржан Аябекова — блогер, кәсіпкер

2019-2022 жылдары Италиядағы Sapienza университетін оқыған. Қазіргі таңда, Америкадағы Массачусетс университетінде доктаратнтура оқуда. Өзінің парақшасында шетелге оқуға, жұмысқа тұруға арналған пайдалы лайфхактарымен, қызықты контенттерімен танымал.

Алия Ашим — журналист, фильммейкер


Қарағанды қаласының тумасы. 2021 жылы Бостон университетін MA in Journalism бағдарламасы бойынша журналистика курсын аяқтады. АҚШ-та бес жыл тұрған. Алия АҚШ-тғы өмірі мен дамуға арналған кеңестермен бөлісе отырып, ұлттық пайдалы ақпаратты видеолар түсіреді.

Ayasha worldwide — блогер


17 жасында ол Испанияда, 19 жасында АҚШ пен Францияда Erasmus стипендиясымен оқыған. 21 жасында Еуропадағы ең беделді Erasmus Mundus стипендиясының 100% грантын ұтып алған. 23 жасында ол ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтеріне кіріп, оффер алды. Блогында пайдалы ақпаратпен бөлісе отырып, ол Еуропаға оқуға қалай түсуге болатынын үйретеді.

Madee Fazl — Полиглот, блогер


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде бір жыл оқып, Жапонияда 3 жыл білім алуға жолдама алған. Ағылшын, жапон, орыс, испан және түрік, қазақ секілді алты тілді меңгерген. Күнделікте өмірде шет тілді қалай оңай үйренуге болатыны туралы пайдалы лайфхактармен бөліседі.

Нурбота Богенбаева— фитнес жаттықтырушы


К.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. Feels.kz қосымшасының негізін қалаушы. Ол әр әйел азаматының арманындағы фигурасына аз уақытта қалай қол жеткізу және өзіңе деген сүйіспеншілікті қалай арттыру қасиеттерін айтады.

Карима Ерсултанова — саяхатшы блогер, виза эксперті


Шымкент қаласында дүниеге келген. UIB университетінің түлегі. 2019-2020 жылдар аралығында Work and Travel бағдарламасымен АҚШ-қа барған. Әлеуметтік желілерде күнделікті АҚШ-тағы өмірі мен визаны қалай алып, тиімді жолмен бару туралы маңызды ақпараттармен қамтамасыздандырады.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу