Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Platonus: 200 000 теңгеден бастап, Қазақстандағы ең ірі ІТ-компания атану туралы
4144

24.11.2018

Platonus: 200 000 теңгеден бастап, Қазақстандағы ең ірі ІТ-компания атану туралы

Болат Башеев, 33 жаста, туған жері — Петропавловск, Arlan Ventures бақармасының төрағасы

Толық атауы: «Платон» (Platonus)
Негізі қаланған жыл: 2005
Негізін салушылар: Болат Башеев, Асқар Кусаинов, Александра Ким, Наталья Топольская, Денис Каховский
Бастапқы капитал: 200 000 теңге
Қолданушылар саны: 1 500 000


Барлығы қалай басталды

2005 жылы университеттегі достарымызбен Arta Software компаниясын іске қостық. Фирманы бағдарламалық жасақтамамен айналысатын стартап ретінде аштық. Біздің ең алғашқы тапсырысымыз «Платон» болды. Ол кезде қазақстандық ЖОО-дар Болон процесін қабылдады, яғни студенттер өздігінен пәндерді таңдау мүмкіндігіне ие болды. Университеттер жаңа жүйеге ауысты, алайда бағдарламалық жасақтама болған жоқ. Бізге ЖОО-дың бірі жолықты.

WhatsApp Image 2018-11-17 at 19.18.30.jpeg

Ол университеттің жүйені сатып алуға қаржылары жетіспеді. Ең арзаны 700 000 — 800 000теңге тұрды. Ал бізге әзірлеуге 400 000 теңге ұсынды. Ұсынысты қабылдадық, өйткені ол кезде студент болдық және жалақымыз 20 000 теңге еді. Осы жұмысты алуға дайын болдық.

Білім және Ғылым Министрлігі университет үшін оқыту мен әкімшілік процестерді ұйымдастыруда талаптар қойды. Бұл реттелетін орта болатын. Сондықтан біздің алдымызда тапсырма тұрды — қағаздағы ережелерді электрондық жүйеге аудару. Барлық үрдісті автоматтандырдық.


Қиындықтар туралы

Миллиондаған қиындық болды. Ең біріншісі — бұл салада ештеңе түсінбейтінбіз, әзірлеуде де тәжірибеміз аз болды. Оған қоса бір нәрсе жасау үшін ақшамыз бен ресурстарымыз да аз болды. Әзірлеушілер тобында барлығы бағдарламалау бойынша олимпиадаға қатысушылар болды және олар жылдамдыққа жұмыс істеуге үйренген. Осылайша сәтті қолданыла бастаған өнім жасадық. Бірақ ол тым шикі болды.

Басқа клиенттерді табу қиынға соқты. Достарымызбен барлық 139 ЖОО-ға хабарласып, өнімімізді ұсындық, алайда ешкім сатып алмады. Клиенттер пайда болу үшін бағаны 300 000 теңгеге дейін түсірдік. Осылайша жылына бес-алты клиентке ие болдық. Шығынға кіріп, жылды әзер дегенде бітірдік. Барлық студенттер секілді ата-анамыздың қолдауымен күн көрдік.


Жоба туралы

Platonus — ЖОО-дар мен колледждерге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе. Мұндай білім платформасының енгізілуі білім процесін тиімді ұйымдастыруға септігін тигізеді. Сызықтық білім жүйесі кезінде жоспар айқын және түсінікті болды, ештеңені есептеу керек емес еді. Ал жаңа жүйені енгізгенде, яғни 10-20 мың студент алдын-ала 70 пәннен таңадағанда топ пен сабақ кестесін құруға қажеттілік туындады. Мұны қолмен есептеу қиын. Жүйеге тапсырыс беруден оны іске қосуға дейін жарты жылдан аз уақыт кетті.

«Платонның» үш мақсаты болды. Біріншіден, ЖОО-ның жұмысын жеңілдетті, себебі олар барлығын қолмен есептеген адамдарға үлкен жалақы төлеп отырды. Ал автоматтандыру — бұл шығындарды азайтуды білдіреді. Екіншіден, көптеген жоғарғы оқу орындарында қашықтықта оқыту бар, ал веб-жүйе одан да көп аудиторияны қамтуға мүмкіндік берді. Үшіншіден, ЖОО-да алаяқтық пен коррупция көптеп кездеседі, ал электрондық жүйе баллдарды анықтап, шынайы көріністі көрсетеді. ЖОО-ға деген сенім артып, барлық істер таза өтеді. Бүкіл жағдайлар қарастырылмаған, алайда қауіп біраз төмендеді.

12347720_921401534595703_5509745942523701873_n.jpg

Ең бірінші нұсқаға студенттердің оқуға түсу кезіндегі пән таңдау мүмкіндіктері, топтар мен сабақ кестелерінің құрастырылуы кірді. Студенттер оқуларын бастап, жүйеде оларға баға қойылған кезде GPA-балл автоматты түрде анықталды. Бұл ЖОО-дар үшін стандартты нәрселер еді. Әрбір ЖОО қолымыздан келуге тиіс мыңдаған талаптар қойды. Алайда олар берген бюджет пен төлем тек екі-үш функцияға жетті. Айына кем дегенде 100 өтініш түсетін: қолайлы интерфейс жасау, есептеу, оқытушыларға арналған сабақ кестесі. Әр кез сайын оны ары қарай жетілдіретінбіз. Маңызды сәттерді іске асыру үшін барлығымен жұмыс жасауға тырыстық. Ай сайын жаңа нұсқа шығып тұрады, 13 жыл жұмыс істеп келеміз.

2009 жылы Platonus жүйесі жеке компанияға айналды. Мен меншіктенушімін, ал топ бұл жобаны өз беттерінше дамытады. Әзірлеушілер тобына 30 шақты адам кіреді.

Бүгінгі күнде Platonus-та академиялық күнтізбе жасап, оқыту пәндерін мұғалімдер арасында бөліп, сағаттарды кафедра бойынша есептеп, студенттерді элективті сабақтарға жазып, баллдарды қойып, тестілеу өткізуге болады, сондай-ақ, түрлі критерийлер бойынша есеп жасалып, көптеген басқа да функциялар жұмыс істейді. Жүйеде жалпы университеттік форум мен чат, электронды кітапхана және виртуалды дәріс аудиториялары бар.


Жоспарлар туралы

Бұл біздің сәтті іске асқан бірінші жобамыз. ЖОО-дар нарығының 90% мен колледждердің жартысынан көбі осы жүйені қолданады. Жылдан жылға ол тек жақсарып жатыр, жүйе үнемі даму үстінде. Өтініштерге сай Platonus жетілуде. Бұл миллиондаған адамдарға көмектесетін ең сәтті отандық жобалардың бірі. Platonus-та бір жарым миллион адам тіркелген.

Барлығы мұқият жасалды, жыл сайын алты шарт жасастық. Бұл жақсы тәжірибе болды. Қазір біздің холдингте жеті компания бар. Енді өнімді шығарған кезде оны қалайша тез әрі сапалы жасау керек екенін түсінеміз.
Меню

Істер

Қала 24

Шолу