Жаңа авиабағыттар
2018 жылы әуе компаниялар тарапынан Түмен, Вильнюс, Душанбе, Краснодар, Томск, Челябі, Сочи, Қазан, Абу-Даби, Рига, Франкфурт және тағы басқа қалаларға жүйелі тура рейстер ашылды.
Енді қазақстандықтар осы қалаларға тіке ұшып саяхаттай алады.
Apple Pay мобильді төлемдер жүйесі
Көптеген қазақстандықтар мен еліміздің қонақтары бұл қызметтің пайда болуын күтті. Ол Apple құрылғылары арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді. Төлемді іске асыру үшін құрылғыны төлеу терминалына жақындату қажет. Apple Pay-ге Visa немесе Mastercard карталарын, оған қоса контактісіз төлеу технологиясы жоқ карталарды да қосуға болады. Осы қызмет арқылы қолыңыздағы гаждетіңізді төлеу құралы ретінде қолданыла аласыз.
«Рахмет» қосымшасы
2018 жылы Chocofamily «Рахмет» мобильді қосымшасын іске қосты. Бұл қосымшамен көрсетілген қызметтер ақысын QR-төлемдері арқылы төлеп, кешбэк алуға болады.
Қосымшада бейілділік бағдарламасы бар. Ресторан немесе кафе бағдарламаға қосылса, қолданушы жеңілдіктер мен бонустарға ие бола алады. Бұл ыңғайлы, әрі тиімді.
«7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру
«7-20-25» бағдарламасы салушының бастапқы нарығына есептеліп жасалған. Пайыздық мөлшерлеме 7 %-ға дейін төмендейді, бастапқы жарна 20 %-дан аспайды, ал өтеу мерзімі 25 жылға дейін. Қарыздар теңгемен ғана беріледі.
Бұл қазақстандықтар үшін тартымды шарттар. Толығырақ мына сілтеме арқылы білуге болады.
ҚР-ның Салық кодексі
2018 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанда шағын және орта бизнес өкілдері жаңа салық заң бойынша жұмыс жасайды. Ол неғұрлым тиімді салық төлемдерін, жеңілдіктердің жаңа түрлерін, төмен мөлшерлемелер мен есеп берудің жеңілдетілген түрлерін және т.б. қарастырады.
IRONMAN 70.3 Astana
2018 жылы Қазақстан аумағында триатлон кеңінен танымалдыққа ие болды.
Енді Астанада IRONMAN 70.3 ірі халықаралық жарыс өтетін болады. Осындай ауқымды шараның өткізілуі Қазақстанның массалық спорты мен туризмнің дамуына ықпал етеді. Ал қазақстандықтарда «темір адамдар» әлемдік қоғамдастығының бір бөлігі болу мүмкіндігі туды.