Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Әрбір қазақстандық ұтып ала алатын жеке компаниялардың оқу гранттары
15059

09.05.2017

Әрбір қазақстандық ұтып ала алатын жеке компаниялардың оқу гранттары



Ержана Татишев Қорының бакалавр дәрежесін алуға арналған білім гранттары бағдарламасы


Бағдарлама мақсаты – қаржы-экономикалық мамандықтардың көшбасшылығымен, білімге деген ынтасымен және білімділігімен танылып жүрген үздік студенттерін анықтау мен қолдау. Ержан Татишев қорының білім гранттары келесі оқу орындарындағы экономика, қаржы, банк ісі және ақпараттық технология саласында бакалавр дәрежесін алу үшін белгіленген:


– КИМЭП Университеті

– Алматы Менеджмент Университеті

– Сүлеймен Демирель атындағы университет.

Шәкіртақыға кім өтінім бере алады

– серіктес университеттердің қаржы-экономикалық және IT мамандықтары бойынша ағылшын бөлімдерінде бакалавр дәрежесін алғысы келетін ҚР азаматтары

– жоғары оқу орындарына алғаш рет тапсырып отырған орта мектеп пен колледждердің түлектері.

Білім гранты қайта тапсырған талапкерлерге тек байқаудың барлық кезеңдерін сәтті өтіп, қаржылық қолдау қажеттілігі құжатпен нақтыланғанда ғана берілуі мүмкін. Байқауда балалар үйінің бітірушілеріне басымдық беріледі.


Шәкіртақылық қолдау түсінігіне не кіреді


– оқу ақысы

– ай сайынғы шәкіртақы

– басқа қаладан келген студенттерге жатақханада тұру

– жылына бір реті оқу орнына дейін және кері қайту жолақысы (басқа қала/аудан тұрғындары үшін).

тааттищеев.jpg


таищев.jpg


Үміткерлерді іріктеу критерийлері


– мотивация мен көшбасшылық қасиеттердің болуы


– академиялық білім

– ағылшын тілін білу

– олимпиадалар мен оған теңестірілген байқаулардан алған орындары, жетістіктері үшін марапаттары

– сенім хаттың болуы

– отбасының қаржылық жағдайы

– қоғамдық және әлеуметтік өмірге араласуы.

Аудан және ауыл тұрғындары Алматы мен Астана қалаларының жанында басымдыққа ие.

Іріктеу процесі үш турдан тұрады:

1-тур – алдын ала іріктеу тапсырған құжаттар негізінде өтеді. 1-тур нәтижесі бойынша алдын ала іріктелген үміткерлердің тізімі дайындалады.

2-тур – интерактивті ойын моделі формасында өтеді. 2 турға қатысуға 1-турды сәтті өткен және тізімге енгендер жіберіледі. 2-тур нәтижесі бойынша финалистер тізімі құрылады.

3-тур – Қор Кеңесінің Қамқорлығымен финалистер тізімін қарастыру мен бекіту.

Бағдарлама бойынша құжат тапсырудың шекті мерзімі: 2017 жылдың 17 сәуірінің 17:00 дейін.

Толық ақпаратты ресми сайттан http://www.tatishevfoundation.kz біле аласыз.



Солтүстік-Каспий мен Қарашығанақ жобалары қаржысының есебінен білім гранты



2015 жылдың 29 қыркүйегінде қол қойылған ҚР Энергетика министрлігі, PSA ЖШС, Н. В. ОКҰК, «КПО Б.В.» және KAZENERGY Ассоциациясымен арадағы іскерлік байланыс аясында жыл сайын Қазақстанның кез келген университетінде мұнай-газ және энергетикалық мамандықтар бойынша бір академиялық оқу жылына оқу ақысын төлеуге үміткерлерді іріктеу жүреді.


Шәкіртақыға кім өтінім бере алады

– жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия, мамандандырылған мектеп түлектері

– ЖОО мен ОАОО студенттері

– мемлекеттік қызметкерлер

– басқа да тұлғалар, ҚР азаматтары.

казенерджи.jpg


казэнерджи1.jpg


Шәкіртақылық қолдау түсінігіне не кіреді

– оқу ақысы.


Үміткерлерді іріктеу критерийлері

– жалпы орта білім аттестатының орташа балының 5,0 – ден 4,0 кем болмауы және ҰБТ сертификаты бесінші пәнді қоспағанда 100 – ден 70 кем болмауы керек.


– студенттің дипломы бойынша үлгерімнің орташа балы 5,0 – ден 4,5 кем болмауы немесе GPA 3,33, В+ кем болмауы қажет.


Байқауға қатысу үшін құжаттарды қабылдау мен тіркеу 2017 жылдың 10 шілдесінен 30 тамызына дейін жүзеге асырылады.


Толық ақпаратты ресми сайттан http://www.kazenergy.com білуге болады.



U.S.-Central Asia Education Foundation Америкалық Орталық Азиялық білім қоры



Америкалық Орталық Азиялық білім қорының кәсіпкерлікті қолдау шәкіртақылық бағдарламасы Орталық Азия тұрғындарына бизнес саласында жоғары оқу орнында бакалавр дәрежесін алуға мүмкіндік береді. Үміткерлерді іріктеу байқау негізінде жүргізіледі. Жоғары академиялық нтижесі бар, алайда қаржылық жағдайына байланысты оқу ақысын төлей алмайтын аз қамтылған отбасынан шыққан үміткерлерге басымдық береді. Бағдарлама КИМЭП пен ОААУ арналған.

Шәкіртақыға кім өтінім бере алады

– қаржылық қолдауға мұқтаж бизнес саласында білім алуға ынталы тұлғалар.

Шәкіртақылық қолдау түсінігіне не кіреді

– төрт жыл бойы қаржыландыру

– егер студенттің үлгерімі мен тәртібі бағдарлама талаптарына сай болса, қосымша жеңілдіктер.


caef.jpg


Бағдарламаға құжат тапсырудың болжалды мерзімі

Тамыз-қыркүйек: бағдарламаға конкурс жарияланады


Қыркүйек-желтоқсан: үміткерлер сауалнама толтырып, қажетті құжаттарды жинайды, оқуға түсу емтихандары жөнінде сөйлесу үшін КИМЭП университетімен байланысқа шығады.


Қаңтар: U.S.-CAEF бағдарламасына құжат тапсыру аяқталады (1 тур)


Наурыз: бірінші турдың нәтижесі хабарланады


Сәуір: TOEFL тест мен жартылай финал қатысушыларымен сұқбаттасу


Маусым-тамыз: финалдық нәтижелер хабарланады


Тамыз-қыркүйек: оқу семестрінің басталуы.


Толық ақпаратты ресми сайттан http://www.us-caef.americancouncilsnetwork.org білуге болады.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу